Эмболия

Эмболия –қабырғасыөзгермегенартериялардың немесеқолқаның қуысы эмболмен бітеліп, қанайналымның жедел бұзылуына әкелетін патологиялық үрдісті айтады. Қантамыр қабырғасынан тромбтың бір бөлігінемесе ағза тіні, болмаса табақша түріндегі эмбол қан ағысымен миграцияланып, басқа қантамыр қуысын бітейді. Эмболия көптеген аурулардың,әсіресе, жүрек – қантамыр жүйесі ауруларының асқынуы болып табылады.

   Таралуы. Әйелдер ерлермен салыстырғанда, жиі ауырады. 30-70жас аралығында көп кездеседі. Жиі ми артерияларының эмболиясы, сирек жағдайда аяқ – қол мен іш қуысы ағзалары артериясының эмболиясы зақымданады.

Мак Гаритти(1958) ұсынған жіктелу бойынша:

1.Жүректің сол бөлігі: аритмия, инфаркт нәтижесінде дамитын қабырғалық тромб, әртүрлі себептен пайда болған жүрек әлсіздігі, хирургиялық жарақаттар, эндокардит кезіндегі екі жармалы қақпақшаның тарылуы. Бөтен дене,ісіктер.

2.Қолқа: атеросклерозды табақшалар, аневризма, бөтен денелер, тромбозбен жүретін қантамырлар жарақаты.

3.Өкпевенасы: тромбоз, жарақаттар салдарынан дамыған тромбоздар, ісіктер.

4.Жүректің оң бөлігі: инфаркт, аритмия, эндокардит нәтижесінде дамитын қабырғалық тромб,әртүрлі себептен дамитын жүрек әлсіздігі.

5.Үлкен қанайналым шеңбері веналары: жүрекішілік перделер ақаулары.

Осылай науқастардың 91%-да жүрек ауруларының себептері эмболия екені анықталды.

Жиі эмболиямен асқынатын ауруларға жүрек ритмі бұзылуымен болатын ревматикалық ақаулар, миокард инфаркты, жүрек аневризмасы, эндокардит, өкпе венасының тромбозы, бөтен денелер (құрттар, ісікті жасушалар, эхинококк көпіршіктері).

Эмбол саны менорналасуына байланысты аяқ-қол артерияларында немесе аяқ-қолмен ішкі ағзаларда біріккен түрдегі жалғыз, екі,үш (бір артерияның бірнеше деңгейде окклюзиясы),көптеген эмболдары анықталады.

   Патогенезі.  Жүректік тромбтар пайда болуыменм обилизациясына әкелетін себептер әртүрлі. Қан тамыр қабырғасына тромбтың жабысуының негізгі себептерінің бірі – науқас жасына байланысты болады. Жыпылықтау кезінде сол жүрекшеде пайда болған тромбэндокардпен тығыз байланыста және орналасуы жалпақ болады.

Сызба түрінде бірнеше фазаларды келтіруге болады:

  • эмбол пайда болуымен үзілуі;
  • артерия қуысына эмбол енуі;
  • қантамыр қабырғасының эмболизациядан жоғары кенеттен тарылуы;
  • эмболизацияланған артериямен оның тармақтарының эмболия зонасынан төмен аймақта тарылуының басталуы;
  • жалғастырушы тромб пайда болуы;
  • артерия қабырғасында морфологиялық өзгерістер дамуы;
  • тіндер қоректенуінің бұзылысы;
  • аяқ пен қолда гангрена дамуы немесе қанайналым қалпына келуі.

Эмболдар әдетте артериятарылған аймақ немесе бұтақталған жерге тіреледі. Ол жалғасқан тромб пайда болуына әкеліп, нәтижесінде коллатералды торды бөгейді. Артерия қуысы эмболмен жабылғандықтан оның жоғарғы жағы созылып, интерорецептивті аппаратты тітіркендіреді. Эмболиядан төмен аймақта артерия тарылады. Сау аяқ пен қолда да рефлекторлы түрде артериялар тарылады. Артериоспазм микротамырлар қабырғасындағы локалды гипотония жағдайындағы трансмуралды қысым әсерінен, қантамыр қабырғасына оттегі жетіспеуіне байланысты дамиды. Ауру басталғаннан 2-3 сағат ағымында эмболизацияланған аймақта проксималды және дисталды бағыттарда жалғасатын тромбдамиды.Тромб жиішетке қарайт аралады. Проксималды бағытта пайда болған жерінен үлкен жылдамдықпен артерия коллатералына қарай қанағысымен таралады.Сонымен қатар, қантамырының дисталды бөліктерінде екіншілік тромб дамиды.

Cholesterol plaque in artery. Medical concept

Клиникалық көріністері. Негізгі симптом: ауру сезімінің болуы. Ол қарқынды, тұрақты, аяқ пен қолдың дисталды бөліктеріне дейін таралады. Оның пайда болуының негізгі мәні –магистралды артерия немесе коллатералдар құрысуы. 2-4сағат өткеннен кейін құрысу азаяды, онымен бірге ауру сезімінің интенсивтілігі төмендейді. Ауру сезіміне суықтану мен аяқ-қолда болатын тез әлсіздік қосылады. Кейін бозару басталып, бұлшықет әлсіздігі дамып, аяқ пен қолдың қозғалысы жойылады. Веналар босап, оның бойында ойдым-ойдым ошақтар («арық» белгісі) пайда болады. Магистралды артериялар дапульсация анықталмайды, тері түсі өзгеруі алдымен бозарумен, сосын цианозданып,тері жабындысының температурасы төмендейді. Моторлы қызмет бұзылысына  қарағанда, тактилды, ауруға сезімталдылық,температуралық және терең сезімталдық бұзылыстары ерте басталады. Пальпация кезіндегі ауру сезімі бұлшық еттегі субфасциалды ісікке байланысты.

Егер науқастарда тактилды және ауру сезімі сақталса,онда тіндер өмір сүруге  әлі қабілетті болғаны. Терең сезімталдықтың жойылуы мен бұлшық еттік контрактура (8-12сағ) дамуы ишемияның ауырлығы мен ауру болжамының жаман болатынын көрсетеді.

Аурудың клиникалық көрінісі окклюзия дәрежесіне, артерия құрысуының қарқындылығына, артерия қуысының эмболмен жабылуының дәрежесіне, тромб көлемімен коллатералды қанайналымның ерекшелігіне байланысты болады. Қолқа бифуркациясының эмболизациясы ауыр клиникалық көрініспен өтеді. Ол бел, сегізкөз аймағына таралатын гипогастралды аймақпен аяқта кенеттен пайда болатын интенсивті ауру сезімімен көрінеді. Сан артериясында пульсация анықталмайды. Тері «мәрмәр» түстес, ол 1-2 сағат ағымында іш қабырғасының төменгі бөлігі мен бөксе аймағына таралады. 2-3 сағ кейін белсенді қозғалыс мүлдем жоғалады. Кіші жамбас аймағындағы ағзаларда қанайналым бұзылысынан дизуриялық белгілер мен тенезм болады. 8-12 сағаттан кейін бұлшықеттік контрактура дамып, аяқпен қолда қозғалыс жойылып,тіндерде қайтымсыз өзгерістер дамиды.

 

Диагностикасы. Көп жағдайда тромбозбен эмболияны анықтау қиынға соқпайды. Тромбоз бейспецификалық аортоартериитпен, эндартеритпен, қолқа және оның тармақтарының облитерациялық склерозымен ауыратын науқастарда дамиды. Ал эмболия эмбологенді ауру фонында кенеттен дамитын жедел артериялық  жетіспеушілік синдромымен көрінеді. Эмболия мен тромбозға диагноз қоюда обьективті мәліметтер жеткілікті. Арнайы аппараттық зерттеулер салыстырмалы диагностика жасауға, окклюзия дәрежесін анықтауға көмектеседі. Ангиография нақты мәлімет береді. Эмболия басталған алғашқы уақыттарда ангиограммада проксималды бағытта жартылай сфералы эмболдар анықталады. Коллатералды торконтрастты затпен қиын толады. Артерия эмболмен толық жабылмағанда, овалды немесе дөңгелек түзілімдер көрінеді.

Атеросклероз әсерінен дамыған тромбозда артерия контуры мен толуының жиектік ақаулары, окклюзия мен тарылудың сегментарлы таралуы көрінеді.

Құрсақ қолқасы бифуркациясының эмболиясында іш құрылыстық тармақтар да зақымдалуы мүмкін, созылған тромб төменгі шажырқай артериясының окклюзиясын дамытады. Мұндайда жиек тоқ ішектің сол бөлігінің ишемиясы көрінеді. Іште қатты ауру сезімі басталып, кіші дәреті сұйық  және қанараласқан, ішастардың тітіркену симптомдары мен құсу, коллапс дамиды.

    Салыстырмалы диагностикасы. Эмболия мен тромбоз арасындағы салыстырмалы диагностика клиникалық көрінісіне, анамнезіне, қан ұю жүйесінің жағдайымен объективті мәліметтеріне қарап жүргізеді.Жедел тромбозы бар науқастарда коагулограммада қан ұю жүйесінің белсенділігі тез жоғарылап, қан ұю жүйесіне қарсы механизмдердің депрессиясы көрінеді.Эмболияда керісінше қан ұюына қарсы жүйенің белсенділігі анықталады.

Қолқаның төмендеген бөлігінің қатпарланған аневризмасының клиникасы өте ұқсас болуы мүмкін. Эмболия мен тромбозды жедел жүрек жетіспеушілігі мен артериялық тарылу, көлденең жедел миелитпен салыстырып ажыратады.

Аневризма кезінде  ауру сезімі негізінен аяқта емес, іш, бел, арқа аймағында  орналасады. Аневризма үстінен систоликалық шумен пульсация естіледі. Іш аймағында ісік тәрізді құрылым пальпацияланады. Аневризма жарылуында іштік қан кету белгілері көрінеді. Аяқ ишемиясы аз білінеді.Буындарда белсенді қозғалыс сақталады.

Артериялық тарылу жүйке жүйесінің әртүрлі сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге реактивтілігі жоғары науқастарда болады. Жиі артерия бұлшықеттік типте зақымдалады. Клиникалық көрінісінде ауру синдромы негізгі орын алады. Бірақ ол эмболиядағыдай интенсивтілігі жоғары болмайды. Ишемиялық өзгерістер аз білінеді.  Егер науқастарда тромбооблитерациялық ауру болса, онда жедел жүрек жетіспеушілігі аяқта ишемиялық процес үдеріс болуы мен көрінеді. Дұрыс диагноз қоюда шеткі артериялардың созылмалы окклюзионды-стенозды зақымдалуының белгілері көмектеседі.

Жедел көлденең миелит үшін бірнеше сағат ағымында аяқтардасалдану белгілері көрінеді. Бірақ ишемия белгілері болмайды. Магистралды артерияларда пульсация сақталады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!