Тромбоз

Тромбоз – қантамырдың белгілі бөлігіндегі қан ұюынан түзілім пайда болуымен жүретін патологиялық жағдай. Тромб (thrombus – ұйыған қанның түйіндісі). Қан ұю мен оған қарсы тұратын жүйелердің өмір бойы биологиялық тепе-теңдікте болуы нейрогуморалдық аппараттың реттушілік қабілетінің арқасында іске асады. Қан ұю жүйесінің қан ұйытуға тікелей қатынасы бар факторларының көбі қан сарысуында, ал азы қан түйіршіктерінде болады. Төменде негізгі плазма факторлары мен кейбір қан түйіршігіндегі факторлар келтірілген.

I– фибриноген;

II – протромбин;

III– тромбопластин (ішкі тромбопластин). Қалыпты жағдайда ткань тромбопластины жоқ;

IV – кальций иондары;

V – проакцелерин (А глобулин);

VI – акцелерин (белсендірілген Vфактор);

VII – проконвертин (тұрақты мығым фактор);

VIII –антигемофилиялық глобулин (АГ);

IX – кристмасс фактор (тромбопластиннің плазмадағы компоненті);

X – Коллер факторы;

XI – Розенталь факторы.

XII– контакт факторы (Хагеман факторы).

  1. Фибриноген –плазма глобулиндерінде жатады.
  2. Протромбин – глобулиндер қатарына жатады. «К» витаминінің қатысуымен бауырда өндіріледі.
  3. Тромбопластин – фосфолипопротейндер тобына жатады. Екі түрлі: қан тромбопластині мен тін тромбопластины.
  4. Кальций иондары. Протромбиннің тромбинге ауысу реакциясына қатысады және тромбопластинді белсендіруге әсер етеді. Жартылай ион, жартылай нәруыздармен байланысқан түрінде кездеседі. Қан ұю жұмысы біткеннен кейін кальций иондары қанның фибриногеннен айырылған сарысуында қалады.
  5. Проакцелерин (А глобулин) – плазма нәруызына жатады. Протромбиннің тромбинге ауысу реакциясына қатысады. Қан ұю жұмысына толығымен жұмсалынады.

  1. Акцелерин. Белсендірілген проакцелериннің Vфактордың VI факторға ауысу реакциясы соншалықты тез өткендіктен, бұл екеуін бір фактор деп санайды.
  2. Проконвертин – глобулин типтес. Іскерлік қабіылеті жүру үшін тромбопластинді қажет етеді.
  3. Антигемофилиялық глобулин (АГГ) – фибриногемен тығыз байланысты. Қан ұю процесүдерісіне АГГ толығымен жұмсалынады және қан тромбопластин өндіруіне қатысады.
  4. Кристмасс факторы – глобулин тобына жататын тұрақты нәруызбелок, қан ұйыған соң сарысуда қалады.
  5. Коллер факторы – тромбопластин өндіру процесүдерісінде антигемофилиялық глобулинды белсендіреді.
  6. Розенталь факторы – тромбопластин өндіру процесүдерісінде АГГ- – ны белсендіреді.
  7. Хагеман факторы – глобулиндерге жататын белок нәруызтромбопластин өндіруге қатысады.

Кальций ионынан (IV) басқасы, қалғанфакторлар(I, II, III, V, VI, VII, VIII, IX, X, XI, XII бауырда өндіріледі. Қан түйіршіктерінде (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) қан ұю процесүдерісіне қатынасады.

 

Тромбоциттегі факторлар

  1. Фактор 1 – проакцелерин сияқты эсер етеді.
  2. Фактор 2 – эндогенді фактор, фибриногеннің фибринге ауысуын жылдамдатады және тромбиннің фибриногенмен қарым-қатынас жасауына әсер етеді.
  3. Фактор 3 – тромбопластиноген, эндогенді фактор. Қанның тромбопластині осы фактордан жаралады.
  4. Фактор 4 – плазмалық экзогенді фактор, қандағы гепариннің қарсыласы болып келеді.
  5. Ретрактоэнзим – эндогендік фактор, ұйыған қанның ыдырауын жылдамдатады.
  6. Антифибринолизин – эндогендік фактор.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!