Аурудың алғашқы белгiсi iш ауруы. Ауру ұстамасы кенеттен басталады. Сап-сау отырған адамның бiр уақытта төс шемiршегiнiң төменгi жағы, не жалпы iшi ауыра бастайды. Iштiң ауырғаны аз уақыт iшiнде күшеие түседi де iштiң оң жақ мықын аймағына шоғырланады. \Кохер симптомы\. Кейде iш ауруы осы оң жақ мықын аймағынан басталады.
Кейбiрде iштiң ауырғаны онша қатты бiлiнбей тек iштiң әр жерiнен сыздағандай болып жағымсыздың бiлiнедi. Адамның төс шемiршегi төмен тартып тұрған секуiлдi болады, не iш кеуiп кернегендей болады. Жүрек айнып тамаққа тәбетi тартпай қалады, дененiң ыстығы көтерiле бастайды, ауыз құрғап, сырқат күшейе бередi. Адамның мұндай жағдайы 2-3 сағатқа кейде бiрнеше тәулiкке созылады. Уақыт өте келе iш ауруы күшейе түседi де бүйеннiң iш iргесiндегi прокциясы оң жақ мықын аймағы ауырып тұратын болады. Бұл аурудың ең негiзгi белгiсi. Ауру асқынбаған кезде басқа жаққа тарамай тек осы оң жақ мықын кезiнен бiлiнедi.
Iштiң ауырғаны әртүрлi бiлiнедi. Кейде тартып тұрғандай болып тез күшейедi, кейде үнемi ауырып тұрады, ал тағы бiрде ауық-ауық ұстайды. Ауру бастапқы кезде онша қатты болмағанмен адамныҢ жатқысы келiп қозғалғанды жақтырмайды. Онедай адам жатқан күннiң өзiнде оң жақ қырына не шалқасынан жатып қозғалмауға тырысады. Егер сол жақ қырына аунаса iштiң ауырғаны күшейедi. Оң жақ қырына жатқанда соқыр iшек пен оның өсiгi iш қуысының оң жақ бүйiрiне жайласып, оған аз қозғалатындай жағдай туады. Ал сол жақ қырына жатқан да өзiнiң салмағымен iш астарын тартады. Қабыну процессi өсiк маңайындағы тканьдарға тараған кезде сол жақ қырына жатқан адам iш ауруының күшейгенiн байқайды.
Iштi қолмен басып көргенде оң жақ мықын аймағының ауырғаны және осы тұстағы iш iргесi еттерiнiң тартылып тұрғанын байқауға болады. Ал өсiк бауыр астына қарай не iштiң орта жағына қарай ауысып орналасқан жағдайда iштiң ауырған жерi де солай қарай ауысады. Iштi пальпациялағанда кейде қолды кенет жоғары тартып алған кезде, өсiк қабынған болса, қатты ауырып кетедi. Бұл белгi хирургтер тәжiрибесiнде Щеткин-Блюмберг симптомы деп аталады.
Арнаулы әдебиетке көз жiберсек аппендициттiң жүздеген белгiлерi жазылған, бiрақ олардың бәрi тек iштегi қабыну процессiнiң бар екенiн ғана болжатады. Ал осы белгi бар болса аппендицит бар деп айтуға болмайды. Дегенмен аппендицитпен ауырған адамдарды қарағанда кездесетiн ауру белгiлерiнiң бiразын келтiрейiк. Бүйен тұсын қолмен басқан кезде тiзенi тiк ұстап аяқты көтергенде қатты ауырсынады Бүл Образцов симптомы.
Көйлектiң етегiн тартып тұрып кiндiк тұсынан оң жақ мықынға қарай қолмен iштi сырғаната сүйкеп өткенде аппендицитпен ауырған адам ауырсынады. Ал осы қимылды сол жаққа қарай жасағанда iш ауырмайды. Бұл Воскресенский сырғанау симптомы.
Ровзинг симптомын тексеру үшiн сол қолмен сол жақ мықын тұсында S-тәрiздес iшектi қатты басып, осы жерден сәл жоғары оң қолдың саусақтарының ұшымен бiрнеше рет түйгiштегенде қимыл жасайды. Сол мезгiлде ауру оң жақ мықын тұсы ауырғанын сезедi.
Мендель симптомы. Iштi саусақпен тықылдатып қарағанда ауырсынған жерде аурубарын анықтайды. Аппендицитпен ауырғанда мықын түсы ауырады.
Ауруханада дәрiгерлер сол белгiлердiң көбiн тексередi. Оларға қоса шартты түрде барлық ауруларды тiк iшектi саусақпен, әйелдерде жыныс органы арқылы қарайды.
Ауруханада әртүрлi лабораториялық зерттеулер жүргiзiледi. Олар кейде анықтауға көп септiгiн тигiзедi. Мысалы, құрт тәрiздес өсiк iрiңдеп қабынған кезде қан анализiнде лейкоциттер саны шамадан тыс көбейiп кетедi.
Аппендикулярлық инфильтрат ауру ағымының жеңiлдеу түрi өсiк қабынған кезде маңайдағы ағзалардың \шарбы,мықын iшегi\ қабыну ошағын iш қуысынан шектеп бөлуi.Осы мезгiлде iш ауырғаны аздап басылады жәнә аурудың басқа белгiлерi де толастай бастайды. Iш iргесi өттерiрiң тартылуы азаяды да пальпация кезiнде оң мықын аймағы бiр-бiрiне ұйысып жабысқан органдар\инфильтрат\ анықталады.қабыну процессi бәсеңдеген кезде iш iргесiндегi еттердiң тартылуы басылады сондықтан инфильтратты оңай,еркiн анықтауға болады.
Iрiңдiк қайткен күнде жарылады. Жарылғанда iшек iргесiн тесiп iрiң қуысына қүйылады, не болмаса iш қуысына құйылады. Iрiң көбiне бүйенге құйылады. Абсцесс iрiңнен болған кезде температура дереу түседi, iш ауруы басылады, аурудың жағдайы жақсара бастайды. Әдетте, бұл кезде iш өтiп, дәреттiң исi өте жағымсыз болады, дәрет iрiң аралас болады. Iрiңдiктiң iшек қуысында жарылуы қолайлы жағдай. өйткенi ауру осымен басылып кетуi мүмкiн. Бiрақ мұндай жағдай өте сирек кездеседi.Iрiң көбiне iш қуысына құйылады. Iрiңдiк жаралар алдында iш ауруы күшейе түседi де перитонит белгiлерi айқындала бередi. Iрiң бүкiл iш қуысына тарап, адам өте қатерлi ауруға душар болады. Iрiңдiктiң iш қуысына қарай жарылуы әлсiреген, инфекцияға қарсы түру қабiлетi азайған адамдарда болады. Iш астарының қабынуы ондай адамда өте ауыр тиедi, кейде өлiп кетуi де мүмкiн.
Iрiң қан тамырларының iргесiне әсерiн бередi де iрiңдi тромбофлебит пайда болады. Өсiк веналарының iрiңдеуi iшек веналары арқылы бауыр қақпа венасына тарқайды. Одан әрi бауыр iшiнде жалғасады да, бауырда көптеген iрiңдiктер пайда болады. Пилефлебитпен асқынған ауру көбiне анықпайды.
Жан жағынан шектелген аппендициттiк абсцесстiң өзiнен-өзi тарап кетеiнi болады. Температура ептеп төмендей бастайды да жалпы аурудың қалi оңайла бередi.