Асқазанның бұралуы

Аурудың негізінде асқазанның өз осінде (білігінде) 180–-360° бұралуы жатыр. Асқазанның бұралуы барлық –асқазан-ішек бөлімдерінің бұралуының 0,2% құрайды. Асқазанның бұралуының дамуы бейімділікжәне туындылықфакторларға байланысты.

Бейімдеуші факторларға асқазан осы бағытының өзгеруінен жүретін эмбрионалды дамуының ақауы, асқазанның байланыс аппаратының созылуы және ұзаруы, асқазан деформациясы, қозғалмалы он екі елі ішек, туа біткен және жүре біткен көкетақаулары, науқастардың жүдеп- әлсіреуі жатады.

Туындаушы фактор – құрсақішілік қысымының бірден жоғарылауы, жарақат, физикалық күш түсу, асқазанның жедел кеңеюі, т.б.

Даму механизмі бойынша ұзына бойы, көлденең және қосарланған асқазан бұралуын ажыратады. Ұзыннан бұрау асқазанның кардиалды бөлігінен пилорус бөліміне қарай білік (ось) бойынша жүреді. Бұраудың екі түрі белгілі. Бірінші түрінде асқазанның үлкен иілімі алдыңғы бетіне кіші иіліміне қарай бұралады, өзімен бірге көлденеңжиектоқ ішекпенүлкен шарбыны ала кетеді.

Бұл бағытта бұралу ары қарай жүрсе кіші шарбының жыртылуы мүмкін және үлкен иілім асқазанның артқықабатына ауысады, яғни, асқазанға кіреберіс және шығаберістің толық бітелуімен сипатталатын 180°-қа бұралуы болады. Екінші түрінде асқазанның үлкен иілімі артқа және жоғарыға шарбы қалтасына қарай бұралып, кіші шарбыға жақындайды. Көлденең бұрау асқазанның үлкен және кіші иілімі ортасымен бауыр-өт байламы айналасымен өтетін осі арқылы бұралады.

Клиникалық ағымы бойынша жедел және созылмалы асқазан бұралуын ажыратады.

Клиникалық көрінісі. Асқазанның жедел бұралуы аяқ астынан пайда болады. Ауру сезімі интенсивті, ұстама тәрізді сол жақ қабырға астына, арқаға және сол иыққа таралады. Іштің үрленуі, құсу болады. Аурудың үдеуінде науқастың жағдайы нашарлайды. Жиі асқазанның жыртылуы немесе гангренасы, перитонит дамуымен жүретін шарбы, ұйқы безі некрозы. Бұл сатыда құсу тоқтайды, бірақ ықылық пен шөлдеу жиі болады. Бірнеше жұтым су ішкеннен кейін бірден лоқсу мазалайды. Науқастар жүрек жұмысының, тыныс алудың бұзылуынан, интоксикациядан өлуі мүмкін. Созылмалы асқазан бұралуы 180°-қға дейін бұралумен жүреді. Тамақ ішкеннен кейін кекіру, эпигастралды аймақта және сол жақ қабырға астында ауру сезімі болады.

    Диагностика. Науқастарда іштің үрленуі, алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің қысымы жоғарылауы анықталады. Перкуторлы үрленген аймақта тимпанит және шолпыл шуылы.Борхард үштігі – құсудың болмауы, бірнеше жұтым су ішкенде қайта құсу және асқазанға зонд жіберудің мүмкін болмауы. Рентгенологиялық тексеру көп мәлімет береді. Аурудыңбелгілері көкеттіңсол күмбезінің биік тұруы, асқазанның үлкен газды көпіршіктермен және горизонталды деңгейдегі сұйықтық пен едәуір кеңеюі. Созылмалы бұрауға көкет күмбезінің биік тұруы, асқазанда горизонталды деңгейдегі сұйықтықпен үлкен газды көпіршікпен асқазанның қатты кеңеюі тән.

     Емі. Хирургиялық ем көрсетілген. Асқазан қабырғасының жыртылуының және регургитациясының алдын алу мақсатында операция кезінде асқазанның троакармен алдын ала пункциясы және аспирациясы жүргізіледі. Кейін асқазан қалпына келтіріледі, асқазанды айналасындағы ағзалармен қосып мұқият тексереді. Деструктивті өзгерістер болмаса, асқазанның декомпрессиясы және аурудың рецидивінің алдын алу үшін гастротомия және алдыңғы гастропексия жасалады. Гастропексияны жиектоқ ішектің көкетасты транспозициясы арқылы жүргізілуі мүмкін (Таннер операциясы). Операция асқазанды үлкен иілім бойымен оқшаулап, көлденең он екі елі ішекті және үлкен шарбыны сол жақ көкетасты кеңістігіне орналастырып, қосымша бекітуге негізделген. Кейінасқазанның кіші иілімі бауырдың бас жиегіне түзіледі. Асқазан некрозымен науқастарда асқазан резекциясы жасалады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!