Құрт тәрізді өсінді соқыр ішектің кішкене бөлігі,оң мықын аймағында орналасады.Соқыр ішек әртүрлі формада кездеседі:конус тәрізді,қап тәрізді,алмұрт тәрізді,шар тәрізді т.б.Соқыр ішектің орналасу орны да әртүрлі:ерлерде кіндік байламының ортасынан 4-5см төмен, әйел кісілерде одан да төмен орналасады. Сонымен қатар:
1) Соқыр ішектің жоғары( бауырлық) орналасуы.
2) Төмен орналасуы (кіші жамбас астауындағы мүшелер арасында) кездеседі.
3) Кейде ішектің арт жағында жатады
Көптеген адамдарда соқыр ішек барлық жағынан іш пердесімен жабылған, мезперитеональды орналасқан. Соқыр ішек оң жақ мықын аймағында іле-шала lig.inguinale латеральды жартысынан жоғары орналасқан.Соқыр ішектің алдыңғы беті тікелей іштің алдыңғы қабырғасына жанасып жатады немесе одан үлкен шарбымен бөлінеді.Соқыр ішектің медиальды артқы бетінен ,аш ішек құятын жерден 2.5-3.5см төмен құрт тәрізді өсінді шығады.Құрт тәрізді өсірндінің орташа ұзындығы 8.6см-ге тең,кейде 3см-ге дейін қысқарады.
Өсіндінің орналасу қалпының әр алуан түрлерінің барлығында да оның ортақ бөлігі ,яғни өсіндінің соқыр ішектен шығатын жері тұрақты.Аппендицит болған кезде ауыратын нүкте сыртқы және кіндіктің алдыңғы жоғарғы мықын қылтасымен қосатын сызықтың ортаңғы үштен бірлерінің арасында( Мак-Бурней) нүктесі, немесе дәлірек айтқанда ,осы сызықта оң жақ үштен бірді ортаңғы үштен бірден бөлетін нүктеде (Ланц нүктесі )екі алдыңғы қосатын сызықта іш бетіне проекцияланады.
Аппендикстің шырышты қабықшасы лимфа түйіндеріне біршама бай,кейбір авторлар оның қызметін осымен байланыстырады.
Ішектің илеоцекальды бөлігі мықын-аш ішек артериясы арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.Қан мықын –аш ішек венасы арқылы жоғарғы шажырқай венасына барып құяды.Илеоцекальды бұрыш иннервациясы күн өрімінен бастау алатын шажырқай өрімімен жүйкеленеді.Құрт тәрізді өсіндінің қызметі толық зерттелмеген.Кейбір зерттеушілер рудиментарлы, керек емес орган деп санайды. Құрт тәрізді өсінді :1.құрамында амилаза мен липаза бар сілтілі сөл береді. 2.Құрамында көптеген лимфатикалық фолликулалары бар, қорғаныс қызметін атқарады.
Этиология және патогенез. Жедел аппендицит адам ағзасы мен микроб арасындағы биологиялық өзара әсерлесу жағдайында болатын құрт тәрізді өсіндінің бейарнамалы қабынуы.Ауру қоздырғыштары стафилакок,ішек таяқшасы ,аралас және анаэробты флора болуы мүмкін.Ауру себебін анықтауда әртүрлі теориялар бар:ішек құрт инвазиясы, ангионевротикалық, инфекциялық, кортиковицеральды , аллергиялық теория.Бірақ бұлардың ешқайсысы толық дәлелденбеген,тек жедел аппендициттің себебін ғана көрсетеді.
Жіктелуі.
Жедел аппендициттің негізгі үш түрі бар
1.Қарапайым немесе катаральды
2.Деструктивті
а.флегманозды
б.гангренозды
в.перфоративті
3.Асқынған аппендицитке келесі асқынуларды жатқызады:
а.перитонит
б.сепсис
в.инфильтрат
г.абцесс
д.пилефлебит