Жедел аппендициттің асқынулары

    Аппендикулярлы инфильтрат пен абсцестер. Инфильтраты бар науқастарда клиникалық көріністері жедел аппендициттің жедел ұстамасынан басталады. Инфильтрат ұстамадан кейін 2–-3 күннен соң түзіледі.Клиникаға түскен кезде ауырсыну әлсіз болады. Сонымен қатар, науқас әлсіздікке, үлкен дәретінің жүрмеуіне шағымданады. Тілі ақ жабындымен жабылған, ылғал. Іші қалыпты жағдайдадұрыс түрлі немесе оң мықын аймағында шығып тұрады, ал пальпацияда тығыз қозғалыссыз түзілім анықталады. Инфильтраттың шекарасы айқын. Ішастардың тітіркену синдромы теріс мәнді немесе әлсіз. Аппендикулярлы инфильтрат ары қарай үш жолмен жүреді:

1) Процес  өршіп, жайылған перитонитке өтуі. Науқастың жағдайы нашарлап, дене температурасыжоғарылайды, іштің үрленуі, құсу, нәжіс пен газдың шықпауы, тәуліктік несеп мөлшерінің азаюы болады.

2) Инфильтраттың сіңірілуі. Ауырсыну басылады, температурасы қалыпты деңгейге дейін төмендейді, ішектің функциясы қалпына келеді.

3) Инфильтраттың іріңдеуі. Науқастар бозарған, кешкі уақытта дене қызуыныңжоғарылауы, шекаралары айқындана түседі. 7–-8 күннен кейін флюктуация анықталады.

Инфильтратты емдеу үшін арнайы нобай белгіленген. Қатаң төсектік режим, инфильтрат аймағына салқын қою, сұйық тағам, антибиотиктер, қабынуға қарсы препараттар, А.В.Вишневский бойынша новокаиндіблокада жасалады.

Жедел процесүдерістер қайтқан соң, жылу процедуралары (УВЧ) қолданылады, антибиотиктерді қолдану тоқтатылады. 2–-3 ай өткен соң инфильтрат толығымен сіңіріленгеннен кейін аппендэктомия жасаладады.

Ал абсцеске айналса, оперативті ем қолданылады. Ішастарға дейін тіндерді инфильтрат үстінен қабат- – қабатымен тіледі. Саусақпен жұмсарған аймақты анықтап, қалың инемен теседі. Іріңді алған кезде, тіндерді қабат-қабатымен бір-бірінен ажыратады және сорғышпен іріңді – некроздық түзілісті алып тастап, қуысты антисептикпен тазартады және резеңке жолақтармен немесе синтетикалық түтіктермен дренаждайды. Ауыр жайылған перитонит түріндедренажарқылы ұдайы жуады.

 

Жалпы өлім-жітімділігі:0,1-–0,3%, перфоративті аппендицитте – 4–-6%, диффуздыперитонитте –- 10% , ал жайылған диффуздыперитонитте: 25–-30%.

Созылмалы аппендицит. Жедел қабыну кезіндегі өзгерістердің нәтижесі болып табылады. Оның 3 түрі бар: созылмалы рецидивтеуші, резидуалды және біріншілік- –созылмалы.

Резидуалды түріне жедел аппендициттің бірінші ұстамасынан кейінгі дамыған түрі жатады. Егер анамнезінде бірнеше ұстамалар болса, онда оны созылмалы рецидивтеуші деп атайды. Ал біріншілік – созылмалы түрінде клиникалық көрінісі жедел ұстамасыз басталатын аппендицитті айтады.

Патологиялық анатомиясы. Кейбір науқастардың өсіндісі өзгерген болады, ал басқаларында жабысқақтармен және тыртықтармен жабылған, деформацияланған, түрі құмсағат тәрізді болады.

Клиникалық көрінісі. Оң мықын аймағындағы шектелген шаншып, сыздап және қысып ауыратынауру сезімі жүргенде, физикалық жүктемеде күшейеді, жиі көп жағдайдаауру сезімі оң аяққа таралады. Кейде мұндай ұстаманы науқастар ас қабылдаумен байланыстырады, ал көп жағдайда белгілі бір себеппен байланыстыра алмайды.Рецидивтеуші және резидуалды созылмалы аппендициттің симптоматикасы бұрын болған жедел аппендициттің ұстамасынанкейінгі келген ауруларды айтады. Ауырсыну, құсу, көпнауқастарда іш қатулар нәтижесінде интоксикация болады. Жағдайы қанағаттанарлық, тілі ақ жабысқақпен жабылған, аузынан жағымсыз иіс шығады. Пальпацияда оң мықын аймағы ауырсынады, арық адамдарда құрт тәрізді өсіндінің ұзындығын, көлемінанықтауға болады. Созылмалы аппендицитте Ровзинг, Ситковский, Образцов, Бартомье–-Михельсон симптомдары әлсіз оң мәнді болады.

Алғашқы екі түрінде диагностикалауда анамнезінде жеделұстамалардың болуы көмектеседі.

Соқыр ішекті бариймен толтырып, рентгеноскопия жасағанда, кейбір мәліметтерді анықтауға болады. Созылмалы аппендицитте өсіндіге барий көп күннен кейін түседі. Соқыр ішектің қозғалыссыздығын, контрастты затпен толмауынжәне өсінді деформациясын көруге болады.

    Емі. Созылмалы аппендицитжоспарлы оперативті емге көрсеткіш болып табылады. Іш қуысын ашқан соң соқыр ішекті, өсіндіні толық қарап тексеріп, сосын операцияның барлық кезеңін орындайды.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!