Инвагинация

Инвагинация барлық механикалық ішек түйілуінің 10–15%-ын құрайды. Инвагинация түсінігі негізінен бір ішек бөлігі бір біріне кіріп(көбіне төменгі жағына), саңылауды жауып, обтурациялық іш түйілуге алып келеді. Инваги-нация көлемі ұлғайған сайын ішек шажырқайыда бірге кіреді. Осының нәти-жесінде лимфа және қанайналым жүйесі бұзылады, инвагинацияланған ілмек некрозға дейін барады. Басында веналық іркіліс болады, қан элементтерінің және сұйықтығының ішекке сорылуы, одан артерияның қысылуы жүреді. Инвагинацияланған ішектің сірлі беткейінде фиброзды жабысқақтар пайда болады. Ішек кілегей қабығы сылынып, өлеттенеді. Ішек түйілуі странгуляциялық көрініс алады. Инвагинация 3 және 7-ге дейін ішектің бір-біріне кіріп жалғасқан цилиндр түзілуі мүмкін. Инвагинаттың басын, денесін ажыратады. Денесі ішке кіргізілген және сыртқа қайтарылатын қабаттан тұрады. Сыртқы ішек цилиндрлі қынабы деп, ал ортаңғы жолға өту орны – жағасы болады.

Этиология. Бұл көбінесе 5 жас аралығындағы балаларда 75–80% кездеседі. Үлкендерде ісік және ойық жара әсерінен инвагинация болады. Инвагинат шыңында полип аяқшасынемесе гипертро-фияланған Пейер табақшасы табылады. Инвагинацияның пайда болу механизмі негізінен ішектің бір аймағында спазмнан және оның жоғарғы жағының перистальтиксының күшейген кезінде дамиды. Сирек инвагинация энтериттен, ішек ішіндегі ісіктен кейін пайда болады. Көбінесе инвагинаттармықын ішектің соқыр ішекке кіруімен (илиоцекалды инвагинация), мықын және соқыр ішектің жиектоқ ішекке кіруімен болады.

Симптомы. Ауру ағымы балаларда жедел, ал үлкендердежеделдеу және созылмалы түрде болады. Жедел ағымды түрінде кенеттен басталады. Іштегі ұстама тәрізді ауыру сезімі, уақыт өткен сайын ұстама арасындағы уақыт қысқарып, тұрақты ауыру сезімі болады, жиі құсу қан аралас, іш өту. Пальпацияда оң жақта құрсақ қабырғасының қатаюы, шұжық тәрізді ісік сезіледі. Бастапқы сатыда іш қатпаған. Ректалды зерттеу. Тік ішек ампуласы кеңейген, ішек саңылауында қанды бөліністерді көрінеді. Қанды бөліну ауру сезімінен кейін 12 сағаттан соң болады.

Диагностика.Инвагинацияға тән:

1) іштегі ұстама тәрізді ауыру сезімі;

2) мықын аймағының оң жақ ішпердеге кіруі (Данс симптомы);

3) іш қуысының оң жағында цилиндрлік түзіліс;

4) тік ішек ампуласы кеңейген, саңылауында қанды бөліністер.

УДЗ арқылы концентрлік эхогенді сақина көрінеді (сілемей және ет қабығының алмасып тұруы). Рентгеноскопияда жіңішке ішекте горизонталды деңгейлі сұйықтық, егер ішекті контрастты затпен толтырса, оның бітелуі байқалады.

Емі. Инвагинацияныңалғашқы сағаттарында сифонды клизма көмегімен ішекті түзеуге болады. Филатов балалар ауруханасында тік ішек арқылы ауа жіберіп ішекті орнына келтіреді, бірақ 24–-48 сағатан кейінауруханаға түскен науқастарға жасауға болмайды, өйткені, ішектің некроздалған бөлігі жыртылып, перитонитке алып келуі мүмкін. Үлкендерге хирургиялық ем көрсетіледі. Бастапқы сатыда дезинвагинация орындалады, ол үшін алдын-ала новокаинды блокада (80–-100мл 0,25% новокаин ерітіндісі) ішектің инвагинация бөлігіндегі шажырқай түбіне, басқа ішек шажырқай түбіне новокаин ерітіндісін енгізеді. Инвагинатты дұрыс шығара алмаса, деструктивті өзгерген ішек бөлігін резекциялайды. Резекция көлемі инвагиниттің орналасуына байланысты. Ішектің артық қимылын шектеу үшін, цекопексия жасайды.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!