Ішекте түйін түзілу

Түйін түзілу ішектің 3–4% кездеседі. Бұл көбінесе жіңішке және жуан ішек ілмектерінде болады. Пайда болу себебі ұзын шажырқай әсермен, шажырқай байламмен түйін болып, қанайналым нерв жүйесі бұзылады. Содан өлеттену процесс үдерісімен ауысады.

Этиология. Түйін түзілуіне жиі жіңішке және сигма тәрізді ішек қатысады. Жиі кездесетін ішекаралық түйіндер жіңішке, сигма тәрізді ішек, жиектоқ ішек немесе жіңішке және соқыр ішек арасында кездеседі. Бастапқы сатыда ішек қысылады, шажырқай қанайналымы бұзылады. Соңғы сатыларында қысылған ілмектің қанайналымы бұзылады. Ауру ағымы тез өрістейді. Жіңішке және жуан ішек қатысуы нәтижесінде, ішек түйілуі симптомдары ерте дамиды, кейбір кезде шокқа әкелуі мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Түйін көбінесе түнгі уақытта кенеттен пайда болатын іш аймағындағы, орналасуы белгісіз ауру сезімі болады. Көп ретті құсу. Түйін түзілу операцияға дейін сирек диагностикаланады.

Емі. Оперативті. Операция кезінде бастапқы сатысында түйіннің шешілуін жасайды. Түйін түзілу түрін анықтап болғаннан кейін ішек шажырқайының түбіне новокаинды блокада жасап, түйінді шешеді.Түйіннің жіңішке ішекті түрінде, түйінді шешу мүмкін емес, сондықтан екі қысқыш арасынан ішекті кесіп түйінді шешеді. Сигма тәрізді және жіңішке ішектен түйін түзілгенде, трансаналды зонд арқылы немесе ішек пункциясын жасап, сигма тәрізді ішек ішіндегі қалдықтарды алып тастайды. Өмір сүруге қабілеті жоқ ішек ілмегіне резекция жасап, илеоколостома салып, 2–-3айдан кейін ішек реконструкциясы жасалады. Операция жасау барысында 70% науқас өледі.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!