Созылмалы дуоденалды өтімсіздік

     Дуденостаз–бұл он екі елі ішектің моторлы– эвакуаторлық қызметінің баяулауымен көрініс беретін ауру. Дуоденалды өтімсіздіктің созылмалы бұзылысы жара ауруы бар науқастардың 15–50%-да және асқазан резекциясы мен ваготомиядан кейін 15% науқастарда кездеседі. Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігін рентгенологиялық зерттеудің 0,3%-да он екі елі ішектің артериомезентериалды компрессиясы диагностикаланады.

Созылмалы дуоденалды өтімсіздік

Этиологиясы. 4–10% науқастарда дуоденостаз механикалық факторлар әсерінен дамиды: туа біткен және жүре пайда болған.

Бірінші себебі – жоғарғы шажырқайартериясымен он екі елі ішектің төменгі горизонталды тармағының қысылуы. Себептері:

Созылмалы дуоденалды өтімсіздік

1) шажырқай артерияның аортадан тік бұрышпен шығуы және аортамен жоғарғы шажырқай артерияның арасында ішектің қысылуы (қалыпты жағдайда 30-–50°;

2) қосымша артериялар мен даму ақауларының болуы;

3) он екі елі ішектің алдыңғы қабырғасыменқатты жабысуы;

4) іш қуысы мүшелерінің байланыс аппаратарының әлсіздігі;

5) төменгі кеуделік және бел омыртқаларының қисаюы.

Екінші себебі –- он екі елі ішектің жіңішке ішеккеөтер жерінің қалыпты анатомиялық жағдайдан ауытқуы. Жиі бұл аймақта анықталады:

1) туа біткен дуоденоеюналды аймақтың биік тұруы;

2) жүре пайда болған тыртықты- –жабысқақтық процесүдерістер, ол перидуоденит, периеюнит, жара ауруымен байланысты.

Үшінші себебі – он екі елі ішектіңсақина тәрізді ұйқы безімен қысылуы, ісіктермен, ұйқы безі кисталармен қысылуы.

Төртінші – дуоденумның қуысының патологиялық процесүдерістерімен тарылуы (паразиттер және т.б). 92–-97% жағдайда дуоденалды өтімсіздік он екі елі ішектің интрамуралды нервтік аппаратының жағдайының өзгерісімен байланысты. Жиі ол функционалды сипатта болады.

Патогенезі. Тағам массасы, асқазанның моторикасының баяулауыныңнәтижесінде ұзақ уақыт тұрып қалады. Он екі елі ішекте қысымының жоғарылауы нәтижесінде он екі елі ішек құрамыасқазанға өтеді(дуоденогастралды рефлюкс). Ол асқазан кілегей қабатын өзгертеді. Осы процесүдерістер рефлюкс-гастрит, жара ауруы мен ісіктің дамуына алып келеді. Дуоденалды және антралды стаздың әсерінен, асқазанның антралды бөлігінің G–жасушалары гастрин өндіруінің күшеюіне алып келіп, ол өз кезегінде жара түзуіне әсерін тигізеді. Дуоденалды құрамының тұрып қалуы инфекцияның түсіуіне және өт жолдары мен ұйқы безінің қабынуына әкеледі.

Созылмалы дуоденалды өтімсіздік

Патологиялық анатомиясы. Он екі елі ішек кеңейеді, оның көлденең ұзындығы қалыптыда 3–-4 см, ал дуоденостаз кезінде 2–-4 есеге ұлғаяды. Қабырғасы жұқарған. Өт қуығы кеңейген, толық босамайды, немесе аз босайды (Шмиден симптомы), бірақ тез толады (Спасокукоцкий симптомы). Гистологияда ішек қабырғасының кілегей және бұлшықет қабатының атрофиялық өзгеруі, талшықтар мен нейрондарда дегенеративті өзгерістер анықталады.

Клиникалық ағымы бойынша үш фазасын ажыратады – компенсация, субкомпенсация, декомпенсация. Сонымен қатар, өршу және баяулану сатылары болады.

  • Компенсация сатысы дуоденалдыгипертензияның болуымен сипатталады.
  • Субкомпенсация сатысында он екі елі ішектің гипомоторикасы мен дуоденогастралды рефлюкс дамиды.
  • Декомпенсация сатысында он екі елі ішектің гипомоторикасы, атониясы және ішектің кеңеюі болады.

Түріне қарай функционалдық-психопатологиялық созылмалы дуоденалды жетіспеушілік (СДЖ), функционалды соматогенді, механикалық, туа және жүре пайда болған деп ажыратады.

     Клиникалық көрінісі. Ұзақ уақыт дуоденостаз симптомсыз өтеді. Кейін асқазандық және интоксикациялық белгілері пайда болады. Асқазандық белгілеріне:– эпигастрий аймағының ауырсынуы, ауырлық сезімі, қыжыл, кекіру, өт пен тағам аралас құсу, тәбетінің төмендеуі жатады. Ал интоксикациялық белгілеріне:– шаршағыштық, әлсіздік, невростения, еңбекке қабілеттілігін төмендетуі жатады, ол он екі елі ішекте іркілістің әсерінен дамиды.

Уақыт өте келе дуоденостаз белгілері өрістейді. Жағдайын жеңілдету үшін науқастар кекіреді немесе құсады. Ауырсынуды басу үшін аяқ-қолын бүгіп жатады. Ауру біртіндеп өрістейді. Көп мөлшерде тағам мен сұйықтық ішсе,дуоденостазды қоздырады. Дуоденостаз созылмалы холециститті, панкреатитті, рефлюкс-гастритті, рефлюкс-эзофагитті, асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруын өршітеді.

Диагностикасы. Науқастың дене салмағы төмендейді, терісі құрғап, бозарады, эпигастрий аймағының кебуі болады, кейде перистальтикасы көзге көрінеді, пальпацияда ауырсынады, жиі Кениг, Гайес, Келлог симптомдары анықталады. Кениг симптомы – ішектің құрыл-шұрылынан кейін, сол жақ пен кіндіктен жоғары аймақтың ауырсынуының азаюы. Гейес симптомы – шажырқай түбірі орналасқан аймақты қолмен басқанда, науқастың жағдайының жақсаруы. Келлог симптомы – кіндіктің оң жағының іштің тік бұлшықетінің оң жақ шетінің ауырсынуы (он екі елі ішектің горизонталды бөлігінің орналасқан жері). СДЖ- – ті диагностикалау үшін, асқазан мен он екі елі ішекті рентгенконтрастты зерттеу қолданылады. Ол үшін релаксациялы дуоденография жасау керек. Диагностикасында фиброгастродуоденоскопия, жоғары шажырқай артериясының селективті ангиографиясы, асқазан-ішек жолының қабатты манометриясы, дуденокинезиграфия, асқазан құрамындағыкомпоненттерін (өт қышқылын, билирубин, лизолецитин, ұйқы безі ферменттерін,сілтілі фосфатаза оның фракцияларын) анықтайды. СДЖ-нің рентгенологиялық белгілерінде, барийдың компенсация сатысында 1–-1,5 мин, субкомпенсациясында – 1,5–-8 мин ұсталынып қалуы, ішек қуысының кеңеюі, атониясы, ашқарынға көп мөлшерде сұйықтықтың болуы.

Артериомезентериалды компрессия кезінде рентгенограммада он екі елі ішектің горизонталды бөлігініңқысылуы анықталады. Қысылған жері жоғары шажырқайартериясының проекциясына тура келеді. Іш мүшелерінің эхографиясын скринингі жасалады.Аорта мен жоғарғы шажырқай артериясының арақашықтығын тексеріп, арасынан өтетін он екі елі ішектің қысылуын білуге болады. Неғұрлым аорта мен шажырқай артериясының аортадан шыққан бұрышы үшкір болса, соғұрлым он екі елі ішек қысылады. Науқас 400 мл су ішкеннен кейін, асқазан мен он екі елі ішектіңэвакуаторлы функциясы зерттеледі, ішектен перистальтикалық толқынның өту мезгілі кезінде аортомезентериалды кеңістіктің көлемі анықталады.

Эндоскопияда асқазан мен он екі елі ішектің кілегей қабатының қабынуы анықталады.

Артериомезентерикограммада аортомезентериалды кеңістіктің кішіреюін (қалыптыда 1,5-–2 см) қөрсетеді, ал науқастарда жоғарғы мезентериалды артерияның аортаданшыққан бұрышы үшкір болып келеді (5–-25 °), ал ережеде (30-–50 °).

Қабатты манометрияның маңыздылығы қуысішілік қысымды өлшеу болып табылады (базалды және 100 мл натрий хлоридыныңизотоникалық ерітіндісімен күштеленгеннен кейін). Оны жіңішке ішекті, он екі елі ішекті, асқазан мен өңешті дененің вертикалды қалыпта ашық катетеірлеу әдісі арқылы жасайды.

Ересек адамдарда ол өңеште – 0–40 мм сын.бағ., асқазанда – 60–80 мм сын.бағ., он екі елі ішекте – 80–130 мм сын. бағ., жіңішке ішекте –40–-60 мм сын.бағ. тең.

Функционалды және механикалық дуоденостазды ажырату үшінтабиғи түрде қысымды (он екі елі ішекқысымын) 300 мм су бағ. дейін жоғарылатады, функционалдық кедергі 14 мм су бағ. жоғалады.

      Емі. Аурудың алғашқы кезеңінде консервативті ем қолданыла-ды. Ол үшін назогастралды зонд енгізіп, жиі 0,9% натрий хлор ерітіндісіне антибиотик араластырып қосып жуады. Дуденалды босату үшін, магний сульфатының әлсіз ерітіндісі қолданылады. Жоғарғы каллориялы, жеңіл сіңетін диетақолданылады. Витаминотерапия (В1), анаболикалық гормондар тағайындалады. Организмніңсу -электролит алмасуын қалыптастырады, белок нәруызалмасуын түзетеді.

Операцияларды екі топқа бөледі:

1) он екі елі ішекті дренаждау (кәріздеу);

2) тағам пассажын жақсарту.

Бірінші топ операцияға: Стронг операциясы қолданылады – Трейц байламын кесіп, дуоденалды бұрышты босатып, оны 4–-6 см-ге төмендету. Сирек дуоденоэнтеростомия қолданылады. Оның моди-фикацияларының ішінде Грегори–-Смирнов операциясынан кейін (жіңішке ішектің Ру ілмегінде дуоденоэнтеростомия) жақсы нәтижелер берген. Сонымен қатар, Я.Д.Витебский операциясы (антиперистатикалық көлденең дуоденоэнтеростомия) қолданылады.

Екінші топ операцияларынан жиі Ру ілмекті гастроэтероанстомоз салынған антрумэктомия, бағаналы немесе селективті ваготомия қолданылады. Он екі елі ішек қатты кеңейгенде, Гофмейстер–-Финстерер бойынша асқазан резекциясы жасалады.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 7 часов

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 149Регистрация: 11-10-2014