Тоқ ішек полипозы

Полип дегеніміз – эпителийден шығатын, малигнизацияға бейім қатерлі емес. Полип проктологиялық науқастардың 10–12%-да кездеседі және ерлер әйелдерге қарағанда жиі ауырады. Жалғыздаған полиптер клиникасы қатерсіз өтеді және сирек малигнизация береді, ал көптеген полиптер бір-бірден немесе топтасып орналасады.

Этиопатогенезі. Этиологиясы анықталмаған, этиологиясы мен патогенезін түсіндіретін нақты теориялар жоқ, дегенмен, қабынулық эмбриондық, вирустық және дисрегенераторлы жолмен дамуы мүмкін деген болжамдар бар.

Тоқ ішек полипозы

  • Қабы
  • нулық теория бойынша полиптің пайда болуы ішек шырышты қабатының ұзақ уақыт сөзылмалы қабынуы әсер етеді деп есептеледі.
  • Эмбриондық теорияға сүйенсек, полиптердің өсуінеэмбриондық даму кезінде ұрық материалының артық болуы әкеледі.
  • Дегенеративті теория полиптердіңтүзілуі ішек шырышты қабатындағы регенеративті үдерістердің бұзылыстары әкелуі мүмкін екенін дәлелдесе, вирустық теория бойынша полип дамуында вирустардың рөлін түсіндіреді.

 

Патологиялық анатомиясы. Полиптер шырыш қабаты қатпарларының төбесінен түзіліп, беті тегіс және де бұдыр түрі әртүрлі жалғыздаған және топтасқан түзілістер. Полиптердің ювенилды (кәмелетке жетпеген), аденомотозды, гиперпластикалық, бүртікті, топтасқантүрлерін ажыратады.

  • Кәмелетке жетпеген (ювенилды) полиптер:көбіне балаларда кездеседі, негізінен тік ішектің шырышты қабатында орналасып, беті тегіс, аяқшалары бар жүзім сабағы тәрізді болады. Кәмелетке жетпеген полиптер жалғыздаған болып келеді және полип стромасы безді элементтерге бай.
  • Гиперпластикалық полиптер – конус тәрізді, ұсақ (d ≈ 2–5 мм), құрамы қалыпты ішек шырышты қабатына ұқсас. Мұндай полиптер эпителий бездерінің пролиферациясы әсерінен дамиды және сирек малигнизация береді.
  • Аденоматозды полиптер d ≈ 0,5–3 см, көлемі тауық жұмыртқасының мөлшеріндейболуы мүмкін, аяқшалары немесе кең негізге бекіген полиптер. Аденоматозды полиптердің құрылымы цилиндрлі эпителиймен қапталған көптеген кистозды кеңейген бездерден тұрады және қан кетуге, малигнизацияға бейім болып келеді, түсі ішек шырышты қабаты түстес.
  • Бүртікті полиптер (аденопапиллома) –- әдетте көлемі үлкен (d ≈ 2–5 және одан да жоғары), аяқшалары қалың, жеңіл эрозияланады және жараланады. Мұндай полиптердің бетінде олардың түсінемақпалды түс беретін көптеген бүртіктер болады. Бүртікті полиптер ішек шырышты қабатында айқын шекарасыз шашылып орналасады да, ішек қуысының тарылуына әкеледі.
  • Безді бүртікті полиптер – көлемі 1см-ден үлкен, кең, негізгі бекіген шекарасы айқын емес, жұмсақ консистенциялы болып келеді. Әдетте бүртіктер ішек қуысына (түйінді түрі) өседі. Полиптердің түсі алқызыл немесе қанық қызыл болады, d ≈ 10 см-ге дейінп жетеді. Мұндай полиптер ішек қуысын циркулярлы түрде тарылтса, шырышты қабатының бетін толығымен алып өседі және 80–90% жағдайда қатерлі ісікке айналады.
  • Жалғыздаған полиптер кезінде іштегі ауыру сезімі, іш қату, іш өту, дискомфорт байқалады.

Тоқ ішек полипозы

Диагностикасы. Тік ішекті саусақпен зерттеу, ирригоскопия, колоноскопия,биопсия тәрізді зерттеу әдістері арқылы жүргізіледі. Қабынулық полиптер (псевдополип) – эпителиймен қапталған, стромасы қабынулық инфильтрациядан тұратын түйінді түзілістер. Псевдополиптер ісікті үдеріс болып саналмайды және негізінен жаралы полиппен сырқаттанатын науқастарда кездеседі. Тік ішекті саусақпен зерттеу, ирригоскопия, колоноскопия, биопсия тәрізді зерттеу әдістері арқылы жүргізіледі.

Клиникалық көрінісі. Полиптер (жалғыздаған, топтасқан) көлемі кішкентай болса, ұзақ уақыт симптомсыз жүреді және кездейсоқ эндоскопиялық зерттеу кезінде анықталады. Уақыт өте полиптердің көлемі ұлғайып және бүртіктік трансформациялану салдарынан іштегі және тік ішектегі ауыру сезімі, диспепсиялық өзгерістер(жүрек айну, кекіру, тәбеттің төмендеуі), іш қату, іш өту, жалпы әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, тік ішектен қан және сілемейлі аралас шығуы, анемия тәрізді клиникалық көріністер байқалады. Бүртікті полиптер кезінде тік ішектен бөлінетін шырыш мөлшері 1–1,5 литрге жетіп, біртіндеп су электролит алмасу өзгерістеріне әкеліп соғады. Егер полип көлемі үлкен болса, ішек қуысының бітелуі және инвагинация нәтижесінде дамитын толық және жартылай ішек түйілуінің клиникасын берсе, аденоматозды полиптер аяқшалардың бұралуы салдарынан некроздалып және жаралардың түзілуінен ішектік қан кету болуы мүмкін.

 

    Емі. Тоқ ішек полиптері негізгі емдеу әдісі хирургиялық. Жалғыздаған полиптерді ректо- немесе колоноскоп арқылы электрокоагуляциямен алып тастайды. Эндоскопиялық қолданылатын полипэктомиядан кейін, кейдеқан кету мен ішек қабырғасының перфорациясыболуы мүмкін. Онда жедел операцияға алынады. Мұндай операциядан соң науқастар динамикалық бақылауда болып, 1 жылдан соң қайталап колоноскопия жасалады. Сонымен бірге, полиптерді трансаналды кесу арқылы алып, шырышқажіп салады немесе полиптерді құрсақ қуысы арқылы (колонотомия не ішек резекциясы) жоюға болады. Егер бүртікті полип малигнизация берсе, радикалды операция жүргізіледі, ал полип малигнизациясы шырышты қабаттың бұлшықет пластинкасына жайылмаса, ішекті полип орналасқан аймақта сына тәрізді кесу арқылы алып тастауға болады.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 7 часов

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 149Регистрация: 11-10-2014