Бүйректің және зәр шығару жолдарының анатомиясы

Ересектерде әр бүйректің көлемі 11×6×3 см шамасында, массасы 120– 170 г. Балаларда бүйрек көлемі жасына және дене салмағына байланысты өз-геріп тұрады. Бүйректің көлденең кесіндісінде сыртқы қыртысты және ішкі милы қабатын ажыратады. Бүйректің қан айналым жүйесі. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі бүйрек артериясы арқылы жүзеге асырылады. Ол арқылы бүйрекке минутына 1 л дейін, тәулігіне 1500 л дейін қан келеді және тыныш-тық кезінде қан айналу жүрек лақтырыс көлемінің 20–25% құрайды. Бүйрек қақпасында артерия бөлік аралық артерияларға бөлінеді, олар пирамидалар арасынан өтіп, қыртысты және милы зат аралығында бүйрек денесіне парал-лель орналасқан доғалық артерияға ауысады.

Доғалық артериядан қыртысты затқа үлесшеаралық артерия кетеді, олардан көптеген әкелуші (афферентті) артериолалар басталады, әрқайсысы шумақшаның капиллярлық өрімін қанмен қамтамасыз етеді. Шумақша капиллярларынан канның кетуі әкетуші (эфферентті) артериола арқылы жүзеге асады. Бұл артериолалар шумақшадан шыға берісте жаңа капиллярлар торын құрайды, осы нефронның өзекшелер сегментін қанмен қамтамасыз етеді. Қыртысты – медулалық қосылыс аймағында (юкстамедуллалық нефрондар) эфферентті артериоладан тік артериолалар бөлінеді, олар милы қабатқа терең еніп кері қайтады. Төмендеуші және жоғарылаушы тік тамырлар медуллалық қарсы бағытты-айналмалы көбейтілу жүйенің құрамына кіреді. Бүйректің веналық жүйесі артериялық жүйемен бірдей. Қыртысты заттың қанмен қамтамасыз етілуі өте жоғары (90% құрады), керісінше милы затта аз (сыртқы милы аймақта 6–8%, ішкіде 1–2%). Бүйректе көптеген реттеуші жүйелер бар, олар өз кезегінде артериялық қан қысымының үлкен өзгерістері (70-тен 220 мм с.б.б. дейін) кезінде де бүйректің қанмен біркелкі қамтамасыз етілуін қадағалайды. Бұл өзін өзі реттеу қабілеті арнайы морфологиялық құрылымдар арқылы жүзеге асады (юкстагломерулалық аппарат-ЮГА).

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!