Бүйректің физиологиясы

Бүйрек барлық жасушалардың және олардың қызмет атқаруына қажетті ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ол су-тұз алмасу тұрақтылығын, қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттейді және де азотты зат алмасу өнімдерін, бөгде заттарды шығарады.

Шумақшалық сүзілу — несеп түзілуінің алғашқы сатысы. Боумен қапшығы қуысына алғашқы несеп немесе, басқаша айтқанда, плазманың «нәруызсыз ультрафильтраты» түседі. Ультрафильтратқа аз көлемде төмен молекулалық салмақты (50 000 Да-ға дейін) нәруыздар қосылуы мүмкін, олардың көбі проксималды өзекшеде қайта сорылады. Шумақшада 120–130 мл/мин немесе тәулігіне 180 л ультрафильтрат түзіледі. Қаннан формалық элементтерсіз және нәруызсыз ультрафильтраттың түзілуі жүрек қызметі арқылы пайда болатын шумақша капиллярларындағы гидростатикалық қысымға тікелей байланысты. Бірақ шынайы ультрафильтрациялық қысымның (тиімді фильтрациялық қысым) денгейі жоғары емес.

 

Барлық шумақша капиллярлары бойында өзгермейтін шумақшадағы гидростатикалық қысымға капиллярдағы плазманың онкотикалық қысымы және боумен қапшығындағы гидростатикалық қысым кері әсер етеді. Шумақшалық сүзілу жылдамдығының жоғарылауы сүзгіш мембрана өткізгіштігіне және фильтрацияға қатысатын беткей аумағына тікелей байланысты. Жаңа туған нәрестелерде сүзілу аумағының аздығына байланысты ересектермен салыстырғанда ШСЖ айқын төмен және 20–30 мл/мин шамасында болады. Ересектерде мүндай ШСЖ бүйректегі ауыр үдемелі үрдісті және бүйректің созылмалы ауруының барлығын (БСА 4 сатысы) көрсетер еді. Әрі қарай уақыт өте келе ШСЖ жоғарылай береді, емшек жасы аяқталған кезде ШСЖ ересектердікімен бірдей болады. Сонымен, ШСЖ-ның сақталуы қызмет атқаратын шумақшалардың санына тікелей байланысты. Шумақшалардың склероздануы кезінде ШСЖ төмендейді. Соңғы уақытта осы көрсеткіш бойынша БСА жіктелудің енгізілуіне байланысты маңызы зор.

Эндотелий тесіктері формалық элементтерді ұстап қалады, ал қалған екі қабат — ГБМ және подоциттер қан плазмасының нәруыздарын ұстап қалады. Қалыпты капиллярлар қабырғасының теріс зарядталуына байланысты аниондар көптеп ұсталып қалады. Генетикалық және жүре пайда болған патологиялар кезінде капиллярлар қабырғасы құрылымының өзгерістеріне байланысты өткізгіштігі жоғарылайды. Мысалы, подоцит, саңылаулы диафрагма құрылымының өзгерістері протеинурияға әкеледі (нефротикалық синдром болуы мүмкін). ГБМ жұқаруы, ГБМ коллагенінің генетикалық анамалиясы — эритроцитурия және протеинуриямен (тұқым қуалайтын нефрит, жұқа базалды мембрана ауруы) көрінеді.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!