Аддис-Каковский сынама тәсілі: тәуліктік несеп тұнбасында қан түйіршіктерінің яғни эритроциттер, лейкоциттер мен цилиндрлердің санын анық. Несепті тәулік бойына н/е 10сағ ішінде жинайды, оны мұқият араластырады, өлшейді ж/е тұнбаны алу үшін 12минутта бөлінген несеп мөлшерін алады, яғни барлық мөлшердің 50/1 бөлігі. Өлшеп алынған несепті центрифуга пробиркасына құяды, мин/а 2000 айналым жылдамдықпен 5мин.центрифугалайды. Тұнба үстіндегі сұйықтықты тамшуырмен сорып алып 0,6мл тұнбаны қалдырып араластырады, сонан соң онымен қан санау камерасын толтырады. Лей, эрит,цилинд бөлектеп санайы, 1мкл несептен алынған клеткалар санын 60000 көбейтеді. Қ.ж несептегі эритроцит-100000дейін, лейк-200мын, цилиндр-20мын.
Нечипоренко сынамасы: 1мл несептегі лейк. эритр.цилиндр санын санау әдісі. Оның негізгі артықшылығы – жыныс мүшелерінен ірің түспес үшін зерттеуге несептің ортаңғы үлесін алады, ал кемшілігі-диурездің мөлшері есептелмейді. Қ.ж-1мл несепте-1000 эрит.; 2мын-лейк.; 20-гиалин цилиндрі болады.
Зимницкий сынағы: негізгі артықшылығы бүйректердің функционалдық тексеруі науқастың қалыпты жағдайында жасалады.Сынақ тәулік бойында жүргізіледі. Науқас несебін әрбір 3сағ сайын жинайы(8порция) Жинап алғаннан кейін әр үлестегі несептің мөлшерін өлшеп, оның сал/ы тығыздығын анықтайды. Қ.ж күндізгі диурез түнгіден көп болады.
Шумақшалық сүзілу жылдамдығы (реберг сын): 1 мин б қызметінің нәтижесінде белгілі бір заттан толық тазартылған қан плазмасының мөлшері (мл өлш). ҚЖ: 60-120 мл/мин тең. Ең төменгі шум сүзінді таңертеңгі уақытта, макс шум сүзінді күндізгі уақытта болады, ал кешке қайта төмендейді.