Балалар семіздігіне әкелетін факторлар

Организмде энергияның жұмсалуымен тағам калоражы арасындағы сәйкессіздік семіздіктің дамуына алып келеді. Семіздіктің дамуының этиологиялық факторлары болуы мүмкін:

  1. Эндокринді факторлар. Организмде липогенез және липолиз процесстері үнемі жүріп отырады. Қалыпты жағдайда олар толық тепе-тең күйде болады. Организмде май алмасуын реттейтін тікелей немесе жанама қатыспайтын бірде-бір гормон жоқ: біреулері липолизді күшейтеді және тежейді, басқасы – липогенезді күшейтеді және тежейді. Эндокринді аурулар кезінде симптоматикалық семіздік (Кушинг синдромы, гипотиреоз, гиперинсулинизм және т.б.) дамиды.
  2. Генетикалық факторлар. Бұл липолиз және липогенез жылдамдығына әсер ететін жасушалық жарғақ қабық қабылдағыштардың тұқымқуалаушылық ерекшеліктері – және липогенез ферменттерінің туа болған белсенділігі және липолиз ферменттері белсенділігінің төмендеуі. Кейбір синдромдарда, мысалы Лоренс-Мун-Бидль, ПрадедВилли және т.б. синдромдары бар науқастар тобында семіздіктің дамуында генетикалық факторлар басты рөль атқарады. Мүмкін, қандайда бір ұқсақ генетикалық осындай ерекшеліктер адамдар арасында кең таралуы мүмкін. Мысалы, семіздігі бар әрбір екінші баланың ата-анасының біреуінде май алмасу бұзылысы бар, және екі ата-анасының 1/3-де семіздік немесе дене салмағының артуы байқалады. Бала мен анасының дене салмағының арасында тығыз байланыс бар. Анасында ДСИ 30-дан жоғары болғанда мектеп жасына дейінгі балаларда семіздікпен ауруы 18,5%-ға дейін жағдайды құрайды.

 

  1. Май тінінің құрылысы. Айтылып өткендей, май жасушасының жалпы салмағы адипоциттер гиперплазиясы есебінен немесе оның гипертрофиясының есебінен болуы мүмкін. Балалық және жасөспірімдік кезеңде май жасушалары гиперплазияға бейім болып келеді. Бұл жағдайдағы оң энергобаланс қайтымсыз семіздікке бейімдейді. Ересектердегі аналогиялық оң баланс адипоциттердің қайтымды гипертрофиясына алып келеді.
  2. Артық немесе баланссыз тамақтану, тағамдық өнімдердің әртүрлі калориялық бағалығы бар екендігі белгілі, 1 грамм көмірсуда және ақуызда 4 ккал-дан, 1 гр майда 9 ккал. Осыдан семіздік дамуына тағам мәзірінде майларды шектен тыс қолдану жауапты екенін көруге болады. Сондай-ақ, семіздіктің пайда болуына тағамның құрамы, тамақтанудың сипатыда маңызды орын алады. Тағамды ретті қабылдауға қарағанда, жиі ретсіз қабылдау дене салмағының артуына алып келеді. Семіздігі бар балалар, өздерінің құрдастарына қарағанда қуатты 30% артық пайдаланады. Тәулігіне 50 ккал артық пайдалану, ал бұл кішкене ғана бөлке және печенье – жылына дене салмағының 2,5 кг-ға артуына әкеліп соқтырады. Әдетте семіздігі бар балалар қабылдаған тағам көлемін бағалай алмайды.

  1. Гиподинамия. Соңғы жылдары физикалық белсенділіктің азаюы үдеп келеді. Балалар телевизор бағдарламаларын, видеоойындар, компьютерге көп уақыттарын пайдаланады және үйден тыс жерлерге уақыт аз жұмсалады. Телевизор қарау және семіздіктің арасындағы байланысты былайша түсіндіріледі: физикалық белсенділіктің төмендеуімен, телебағдарлама-ларды қарау кезінде калорияға қажеттіліктің жоғарлауымен, қозғалыссыз, отырған күйде негізгі алмасудың төмендеуімен. Қазіргі уақытта 30% астам балалар телевизор қарауға күніне 5 сағ. артық уақыт жұмсайды, 20 жыл бұрын мұндай балалар екі есе аз болды. Теледидар экраны алдында 3 сағ. астам уақыт жұмсайтын адамдар да, күніне 1 сағ. қарайтын адамдарға қарағанда семіздіктің даму қауіптілігі 2 есе жоғары. Теледидар экрандарында жарнамаланған тағамдардың 90% астамы жеңіл сіңірілетін көмірсулардан тұратын, құрамында тұзы көп, жоғары калориялы тағамдар болып табылады.
  2. Психологиялық факторлар. Бұндай факторлар өте маңызды роль атқарады. Күнделікті өмірде әр бір адамның тағамға және физикалық белсенділікке көз-қарасы әр түрлі. Патогенезі. Тіндерде липогенез және липолиз процесстері жүйкелік және нейроэндокринді механизммен реттеледі. Бұл барлық механизмдердің реттеушісі гипоталамустың артқы ядросы – өзіндік тағамдық орталық, тіндерден импульсті қабылдап, оны бас миының қыртысына жібереді. Бұл адамның тағамдық тәртібін, ашығу және тою сезімдерін анықтайды. Май тіні ақуыз-лептинді синтездейді (грек сөзмен «лептос» – әдемі, жұқа), лептин адипоциттерде түзіледі, қанға түсіп, гипоталамус құрылымына әсер етеді де тәбетті төмендете отырып, тою сезімін күшейтеді. Мида басқа ақуыз – нейропептид G түзіледі және қорланады, лептинге қарама-қарсы ол ашығу сезімін күшейтеді. Қалыпты жағдайда «лептин – нейропептид G» жүйесі сәйкестік жағдайда жұмыс жасайды, ал патологияда бұзылады, жиі, сол кезде булимия және анорексия дамиды.

 

Семіздік кезінде май тінінің адренорецепторларының симпатомиметиктерге сезімталдығы (адреналин және норадреналин) төмендейді. Осының салдарынан гипоталамус ядросы май тінінен шыққан қанығу белгісіне – лептиннің түсуіне жауап бермейді, керісінше қуатты жинау және липогенез процестерін күшейтетін нейропептид G түзілуі жалғаса береді. Семіздіктің дамуында, вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі тонусының, симпатикалық бөлімінен басым болуы салдарынан липолиздің төмендеуіде маңызды орын алуы мүмкін. Бұл инсулин түзілісінің күшеюне алып келеді. Инсулин май тіндерінде триглицеридтердің синтезделуін бейімдейді. Майдың шектен тыс жиналуы гипоталамус қызметінің өзгерісіне, АКТГ секрециясының жоғарлауына және гиперкортицизмге, басқа эндокринді бездер қызметінің қайта құрылуына әкеледі. Эндокриндік аурулар кезінде симптоматикалық семіздік май ыдыратушы гормондар (тироксин, трийодтиронин, глюкагон және т.б.) өнімінің жеткіліксіздігіне байланысты, липолиздің төмендеуіне алып келеді. Бұл май қорын қуат көзі ретінде жеткіліксіз пайдаланылуына себебкер болып табылады. Клиникасы. Семіздік кез-келген жаста дамуы мүмкін. Жиі өмірінің бірінші жылында, 5-6 жаста және жыныстық жетілу кезеңінде байқалып дами бастайды. Шағымдары сезімдіктің түріне және ұзақтығына, айқындығынан, сонымен қатар қосымша аурулардың болуымен байланысты. Массивті семіздік кезінде науқасты әлсіздік, ұйқышылдық, апатия, тез шаршағыштық, жоғары тершеңдік, бас айналу, бас ауру, ентігу, жүрек тұсында ауырсыну мазалайды. Экзогенді-конституциональды семіздік кезінде май салмағының артуы 50% (1-2 дәрежелі семіздік) артпайды, сау балалармен салыстырғанда өсу шапшаңдайды және «сүйектік» жетілуі жеделдейді. Жиі беті диспропорционалды сипатта болады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!