- Әртүрлі тағамдарды аз-аздан бастап, біртіндеп көбейту керек. Егер баланы шайнап жеуге үйреткіңіз келсе, алғашқыда кішкене түйіршіктерден бастап, содан кейін үлкендеуін беру қажет.
- Баланы басқа адам тамақтандыратын болса, жаңадан бастап беретін тағамның түрін анасының бастап бергені жөн.
- Күніне бір-ақ жаңа тағам қосуға болады.
- Баланы күнде бір түрлі ыдыспен тамақтандырған дұрыс.
- Жаңа тағамдар баланың дені сау кезінде ғана бастап берілуі керек.
- Жаңа тағамдарды баланың аш кезінде бастап берген жөн.
Қазіргі кезде мектеп жасына, әсіресе 3 жасқа дейінгі балалар бөбектер бақшасына бармай, үйде тәрбиеленеді. Осыған орай, үйде тамақтанатын балалардың да ережені сақтап, дұрыс тамақтануына медицина қызметкерлері ықпал етіп отыруы керек. 1-1,5 жастағы балаларға негізінен бір жастағы берілетін тағамдар беріледі.
Пісіру тәсілі де көп өзгермейді. Қосымша қара нан, сүт қосқан кофе, суптар құрамы кеңейтіледі, шикі көкөністен салат, винегреттер және т. б. тағамдар беруге болады. 1,5-3 жастағы балалар күніне 4 рет тамақтанады. Жалпы мөлшері 1300-1400 мл. Ас құрамы ұлғайтылады. Әртүрлі борщ, рассольник, сарымсақтар және дәмін келтіретін қоспалар қолданылады. Сүт мөлшері 600-650 мл болу керек. Тәулікке 63-65 белок, 53-55 май, 190-200г көмірсулар қабылдайды. Барлығы 1000 ккал қаралуы керек.
3-7 жастағы балалар 1800 мл тамақ ішеді. Ас мәзіріне ащы тағамдар қосуға болады. Қуырылған картоп, гуляш, бефстроганов беруге болады. Тәулігіне 3-5 жасар балалар 63- 65г, 7 жаста 80 граммға дейін белок, осындай мөлшерде май, 230-230 граммға дейін көмірсулар қабылдау керек.
7-15 жасар балалар мектепте оқиды. Тамақтың тәуіліктік мөлшері 2 литрге дейін барады. Тамақтың күн бойына мектепте қай мезгілде оқитынына байланысты. Мектепке ертеңгісін баратын балалар бірінші ертеңгі асты (7 сағ. 30 мин.) үйде ішеді, ол тәуліктік калориясының 15% деңгейінде, екінші ертеңгі асты (11 сағ. 30 мин – 12 сағ.) тәуліктік калорияның 20% деңгейінде мектепте ішеді. Түскі асты бұл балалар үйінде, ал, егер ұзартылған күнде оқитын болса мектеп асханасында ішеді. Түскі астың калориясы 35-40%болу керек.
Кешкі асты үйде (20 сағ.) ішеді, оның калориясы 20% құрайды. Бала түс қайта (екінші кезекте) оқитын болса, түскі асты үйде (12 сағ.) ішеді, ал мектепте бесін ас (15-20% калория) ішеді. Тамақтар құрамының ересек адамдардан көп айырмашылығы болмайды. Дегенмен, балаларға шектен тыс семіз еттер, өте өткір дәмдендіретін қоспалар, өте ащы тамақтар бермеген жөн. Сүт тағамдары тәулігіне 500 мл болуы керек. Тәулікке 80-100 г белок (оның 48-64 % жануартектес), 80 – 100 г май, 320 – 450 г көмірсулар қабылдауы керек. Тәуліктік калория мөлшері 2800 – 3000 ккал.