ДДҰ-ның қазіргі кездегі неонатологиядағы бағдарламалары

    Балалық кезеңдегі ауруларды саралап жүргізу:

  1. Дамып келе жатқан көптеген мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесінің диагностикалық мүмкіндігі жеткіліксіз. Қажетті материалдарға және құрал жабдықтарға қажеттілік қанағаттандырылмағанда, науқастар тұрақты келіп тұрмағанда, олардың күрделі науқастарды тексеру мүмкіндігі төмендейді. Бұндай жағдайда медицина қызметкерлері медициналық тактиканы анықтау үшін, тек қана анамнезге, аурудың клиникалық белгілеріне жүгінуге мәжбүр болады. Бұндай жағдайда балаларға қажетті сапалы деңгейде медициналық көмек көрсету мүмкін болмай қалады. Осы мәселені шешу мақсатында ДДҰ мен ЮНИСЕФ Балалық кезеңдегі балалар ауруларын саралап жүргізу (БКАСЖ) стратегиясын дайындады. БКАСЖ стратегиясы бұдан он жыл бұрын ұсынылған болатын. БКАСЖ негізінен емдік көмек көрсетуге бағышталған болғанмен, науқасты жүргізуді, оның ішінде тамақтануды, иммунизацияны және аурулардың алдын алу шараларын, денсаулық сақтауды уағыздауды жақсартуға бағышталған. Сонымен, БКАСЖ, ортасында баланың денсаулығы тұрған, балалардың денсаулығын сақтауды кешенді қарастыру болып келеді.
  2. Қауіпсіз ана болу және тиімді перинатальдық күтім. «Қауіпсіз ана болу» инициативасы 1987 жылы басталды. Бұл әйелдерге жүктілік кезінде, босану және босаннғаннан кейінгі кезеңде медициналық көмек көрсетуге бағышталған халықаралық бағдарлама. Бұл инициатива 2000 жылы аналар өлімін 50%-ға дейін азайтуға жұмсалатын медициналық қоғамның күшін қарқындату үшін жасалған.

«Қауіпсіз жүктілік» бағдарламасы іске аспасада, халық аралық күштер бұл мәселеге жұмылдырылды. «Қауіпсіз ана болу» инициативасын енгізу тәжрибесіне сүйене отырып, ДДҰ-ның жаңа «Қауіпсіз жүктілік» инциативасын енгізу 2000 жылы басталды. Бұл бағдарламада негізінен денсаулықты сақтау бөліміне жұмылдырылған. Оның негізгі мақсаты барлық аналарға және олардың балаларына, бірден туылғанға кейін мамандандырылған көмек көрсету болып келеді. Мамандандырылған көмекке жүктілік кезінде, босану кезінде және босанғаннан кейін әйелге және оның баласына аккредитацияланған және компетентті, жүйелер мен мүшелердің қызметін қамтамасыз етуге, медициналық мекемелермен келісіммен науқасты басқа мекемеге аударуға қажетті көліктерді қоса, қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген, медициналық қызметкерлердің көмегі жатады. Мамандандырылған күтім кез келген медицина қызметкерлерімен жасалу мүмкін. Мамандықтың немесе лауазымның әртүрлі мемлекетте әртүрлі аталуы мүмкін, сондықтан шатасып кетпес үшін, бұл мамандарды «мамандандырылған қызыметкер» немесе «босануда қатысушы мамандандырылған адам» деп атауға келісілген. ДДҰ, акушерлер халықаралық қауымдастығы және акушер-гинекологтар халықаралық федерациясы босану кезінде, босану және босанғаннан кейін бірден күтім мамдандандырылған қызметкерлермен жасалуын уағыздайды.      Ел басшысы 2006 жылдың наурыз айындағы Қазакстан халқына жолдауында көрсеткендей Дүние жүзінің бәсекелікке қабылетті елу ел қатарына қосылу стратегиясы медициналық-демографиялық жақсартуды талап етеді. Бұл бағытта «Мың жылдықтар табалдырығында Декларациясына» сәйкес Қазақстанның халықаралық міндеттерін орындау барысында балалар және аналар өлімінің көрсеткішін төмендету өте қажет болмақ. Міне осы мәселеде неонатологияның алар орны өте үлкен.

 

Неонатология – жаңа туған нәрестелерді күтуге бағышталған, педиатрияның бір бөлігі болып келетін, ғылым. Яғни, нәресте өмірге келген күннен бастап, 28-күнге (бір айға) дейін дені сау балаларды күтуді ұйымдастырып, ал ауру балаларды емдеп, қажет болса, тиісті қарқынды ем түрінде көмек көрсетуге бағышталған педиатрияның бөлігін неонатология деп атаймыз.

Неонатологияда келесідей терминдер қолданылады:

Гестациялық жас – етек кірінің соңғы күнінен, босанғанға дейін, аптамен есептелген мерзім. Босанудың нәтижесі (өлі немесе тірі туылу) есепке алынбайды.

Балалар өлімі = 5 жасқа дейін өлген балалар саны/тірі туған 1000 балаға шаққанда.

Сәбилер өлімі = бір жасқа толмай өлген балалар саны/тірі туылған 1000 балаға шаққанда.

Сәбилер өлімі көрсеткіші = осы жылда бір жасқа толмай өлген балалар саны × 1000/осы жылда тірі туылған балалардың 2/3 бөлігі + өткен жылы туылған балалардың 1/3 бөлігі.

Неонатальдық өлім көрсеткіші = 0-27 күн аралығында өлген балалар саны × 1000/ тірі туылған балалар саны.

Ерте неонатальды өлім = 0-6 күнде өлген балалар саны × 1000/тірі туылған балалар саны.

 

Кеш неонатальды өлім = 7-28 күн аралығында өлген балалар саны × 1000/тірі туылған балалар саны.

Перинатальды кезең – жүктіліктің 28 –ші аптасынан (ВОЗ-дың шешімі бойынша 22- ші аптасынан) бастап туылғаннан кейінгі 7-күнді қамтиды.

Перинатальды өлім = өлі туылғандар саны + 0-6 күн аралығында өлген балалар саны ×1000/Өлі және тірі туылғандар саны.

Өлі туылу көрсеткіші = Өлі және тірі туылып өлген балалар саны × 1000/Өлі және тірі туылған балалар саны.

ДДҰ анықтамасы бойынша (1974), «Өлі туылу» дегеніміз – ана организмінен ұрықтану өнімінің толық шығуы немесе шығарылуы (жүктілік ағымына, бала орнының бөлінген бөлінбегеніне, кіндігінің кесілген-кесілмегеніне қарамастан) және шығарылғаннан кейін, оның тыныс алуы немесе тірлігінің бір көрінісінің (жүрек соғысы, кіндік тамырларының соғысы немесе бұлшық еттерінің жирылуы) болуы. Қазақстан тірі туылудың бұл шектерін қабылдады, сондықтан, тірі туылудың төрт белгісінің (өзбетімен тыныс алу, жүрек соғысының анықталуы, кіндік тамырларының соғуы, бұлшық еттерінің жирылу әрекеті) бірі анықталатын балалардың барлығынада жандандыру емі қолданылуы керек.

«Тірі туылу» – ДДҰ (1974 ж.) анықтамасы бойынша ана құрсағынан ажыраған бойда тынысты ішке алса, ия болмаса тіршіліктің басқа да белгілері (жүрек, кіндік тамырларының соғысы, бұлардан басқа бұлшықеттердің өздігінен қозғалысы) болса тірі туылу деп есептеледі.Тірі туылудың осы анықтамасын қабылдау, тіршіліктің 4 белгісі (өзбетімен тыныс алу, жүрек соғысы, кіндік тамырларының соғысы, бұлшықеттердің еріксіз қозғалысы) білінбеген барлық нәрестелерге жандандыру (реанимациялық) шаралардың көрсетілуі талап етіледі. Ал, бұрын «тірітуылған» деп, жүктіліктің 28 аптасынан асқанда туылып туылғаннан кейін, ең болмаса өздігінен дем алған, салмағы 1000 гр, бойы 35 см. Жоғары нәрестелерді айтатын еді.

Өлі туылу: Ұрықтың ерте өлуі – жүктіліктің толық 20 апталығына дейінгі өлім. Ұрықтың аралық өлімі – жүктіліктің 20 аптасынан кейін, бірақ 28 аптасына дейінгі өлімді айтады. Ал, жүктіліктің 28 апталығынан кейінгі өлімді, ұрықтың кеш фетальды өлімі, яғни өлі туылу деп атайды. Өлі туылудың белгілері, жүрек соғысы мен тірліктің басқа белгілері болмай, жасанды жандандыру (реанимациялық) жолмен тірілту нәтижесіз болғанда нақты анықталады.

 

Туылу мерзіміне байланысты ЖТН-лер төмендегідей болып бөлінеді.

Күні жетіп туылған нәресте – жүктіліктің 37 мен 42 апталықтар арасында туылған нәресте.

Шала туылған нәресте – жүктіліктің 37 аптасына дейін туылған нәресте.

Күні асып туылған нәресте – жүктіліктің 42 аптасында және оданда асып туылған нәресте.

Аз салмақпен туылғандар – кез-келген гестациялық мерзімде, салмағы 2,5 килограммнан аз салмақпен туылғандар.

Өте төмен салмақпен туылғандар – кез-келген гестациялық мерзімде, салмағы 1,5 килограммнан аз салмақпен туылғандар.

Экстремалды (төтенше) төмен салмақпен туылғандар (экстремалды шала туылған нәресте) – кез-келген гестациялық мерзімде салмағы 1,0 килограммнан аз салмақпен туылғандар.

«Гестациялық жасынан кіші» – құрсақішілік даму мен өсудің тежелуі, салмағының туылу кезінде гестациялық жасына қарағанда төмен болу, яғни жүктіліктің мерзіміне сәйкес салмағы 10% центилден төмен болып туылғандар. Қазіргі кезде бұл атау «құрсақішілік дамудың кідірісі» деген түсінікпен ауыстырылған.

«Гестациялық жасынан үлкен нәресте» – гестациялық жасынан салмағы 90% центилден жоғары болып туылады, бұлай болудың көп жағдайда себебі, анасының қант диабетімен ауруы.

Гестациялық жас – нәрестенің құрсақтағы даму мерзімі, ұрықтанғаннан бастап туылғанға дейінгі уақытты аптамен есептегендегі ұрықтың жас, яғни әйелдің соңғы етек кірінің (менструациясының) алғашқы күнінен, босанған күн аралығындағы апталардың толық саны.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!