Бүйректің жедел жетіспеушілігі

Бүйректің жедел жетіспеушілігі (БЖЖ) — әр себептен дамитын синдром. Бүйрек қызметінің жедел нашарлауымен (шумақшалық сүзілу жылдамдағының жедел түсуімен), қанда бүйрек арқылы шығарылатын қосылыстардың жоғарылауымен сипатталады. ЖБЖ себептері үш негізгі топқа бөлінеді — пререналды, реналды және постреналды. Жаңа ғасырдың басынан бастап (2002 жылдан) бұл терминнің орнына «бүйректің жедел зақымдануы» қолданылады.

Пререналды себептер көп кездеседі (50–65%). Бұлар — бүйректен тыс аурулар. Бүйрек перфузиясы және ШСЖ төмендейді. Пререналды ЖБЖ басында функционалды болады, сонымен қоса, сау бүйрек кезінде дамуы мүмкін. Бірақ бүйректе қан айналымы бұзылыстары ұзақ уақыт бойы сақталса, тіндер ишемиясы нәтижесінде органикалық өзгерістер дамып, реналды ЖБЖ-ға өтуі мүмкін. Реналды себептер немесе бүйрекішілік аурулар 20–55% жағдайда кездеседі. ШСЖ-ның төмендеуі бүйрек өзекшелерінің, интерстициясының, шумақшаларының, тамырларының зақымдануынан болады.

Негізгі себептеріне гломерулалық және өзекшелік-интерстициялық нефриттер, дәрілік заттармен, улармен улану, қан тамыр зақымдануы және т.б. жатады. Постреналды ЖБЖ несеп жолдарының бітелуі кезінде дамиды. Ішкі қысымның өсуіне байланысты бүйрек өзекшелері ісінеді, бүйрек қан тамырларын қысады, ол өз кезегінде бүйрек тінінің ишемиясына әкеледі. Несеп жолдарының тарылуы несеп тас ауруынан, ісік үдерістерінен, лейкозбен ауыратын науқастарда химиотерапиядан кейін қатерлі жасушалардың ыдырауынан түзілетін несеп қышқылдары кристалдарынан болуы мүмкін

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!