Ерлердегі несеп шығару жолдары инфекциясы

Жас жігіттерде жасы 15-пен 50 арасында НШЖИ көбіне асқынбаған болады және өте сирек кездеседі. Олай болса, антибактериалдық ем 7 күн жүргізіледі. Көбіне ер адамдарда НШЖИ асқынған болады. Қуық асты безінің гипертрофиясы немесе ісігі және өзге де сирек кездесетін урогениталды бұзылыстар ерлердегі НШЖИ даму қауіп факторларына жатады. Қуық асты безінің ауруларынан туындаған обструктивті бұзылыстар қалдық несептің жиналуына немесе қуықтың артық толуына әкеледі. Сонымен қатар, жасқа байланысты қуық асты безі сөлінің антибактериалды белсенділігі төмендейді. Әрі қарай бактериялар қуық асты безінің тінінде қалып, қайталанатын инфекцияны шақырып отырады.

Нейрогенді немесе гипотониялық қуық, бөгде дене, отадан кейінгі жағдай, зақымданулар және несеп шығару жолдарының сәулелік емі сирек бұзылыстарға жатады. Клиникалық белгілері ирритативті (дизурия, поллакиурия, императивті несеп шығаруға шақырулар) немесе обструктивті (микция басталуының кідіруі, никтурия, микция ағысының әлсіздігі) түрде болады. Диагностикалық жоспарда урогениталды бұзылыстарға қатысты зерттеулер жасау керек: қуықтағы қалдық несепті анықтау мақсатында УДЗ әдісі, қуық асты безінің пальпациясы, қуық асты безінің-арнайы антиген деңгейін анықтау, қажет жағдайда қуық асты безінің трансректалды сонографиясы мен биопсиясы. Экскреторлы урографияны несеп шығару жолдарының уролитиазына күдік туғанда қолдану қажет. Бактериологиялық зерттеуге материалды жинау ем басталғанға дейін дайындалуы қажет. Емге негізінен фторхинолондар 2 апта қолданылады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!