Несеп шығару жолдары инфекциясы түрлерінің емі

Несеп шығару жолдары инфекциясы түрлерінің диагноздары мен емі әйелдердегі жедел асқынбаған цистит Жас әйелдерде дизурия көрінісінің анықталуы НШЖИ-ның келесі себептерінен болады: цистит, уретрит, вагинит. Бұл үш клиникалық жағдайлар арасында нақтылы ажырату диагностикасын толық анамнез жинау және физикалды тексеру арқылы жүргізуге болады. Жас әйелдерде асқынбаған жедел циститті көбіне тар спектрдегі қоздырғыштар шақырады. 80% жағдайда E. coli анықталады, 5–15% жағдайда — Staphylococcus saphrophyticus немесе өте сирек Klebsiella spezies, Proteus және басқа да қоздырғыштар анықталады. Жедел цистит даму қаупі жоғары топтарға жатады:

  • вагиналды диафрагма немесе спермицидтерді пайдалану;
  • жыныстық қатынастан кейін кешіктіріп несеп шығару;
  • анамнезінде НШЖИ болғандар.

Цистит симптомдарымен бірге әрқашан және қайткен күнде лейкоцитурия (пиурия) анықталады. Ауру жедел басталса, кейде макрогематуриямен бірге жүреді. Симптоматикалық цистит кезінде тест-жолақшалары арқылы несептен лейкоцитурия 75–96% жиілікте анықталады. Егер нәтиже теріс болса, несеп тұнбасына микроскопия және бактериологиялық зерттеу жүргізу керек. Себіндіде 105 микроб денесі анықталса, нақтылы диагностикалық титр деп есептеледі, бірақ дизурия белгісі бар науқастарда 102 дәрежесінде микроб денесінің анықталуы инфекцияны көрсетеді. Жедел цистит дамыған әйелдерге зерттеу жүргізу ауқымы мен емдеу ұзақтығы олардың жасы мен жалпы жағдайына байланысты.

Цистит клиникасы айқын және лейкоцитурия анықталса, ешқандай асқынулар болмаса микробиологиялық зерттеу жасамауға да болады. Ал лейкоцитурия болмай, ауруды асқындыратын қауіп тобы анықталса, антибактериалды ем басталмас бұрын микробиологиялық зерттеуге несеп алынуы керек.

 

Әйелдерде НШЖИ кезінде несеп жолының ақауы сирек кездесетіндігін ескеріп, визуалды зерттеу әдістері жасалмайды. Цистит рецидиві кезінде бұрын болған қоздырғыш қайта анықталса, несеп жолы мен бүйректің сонографиясы жасалуы керек. Емі. Асқынбаған циститті емдеудің негізгі мақсаты қалыпты өмір сүру белсенділігін бұзатын дизуриялық симптомдарды жою. Стандартты емі антибактериалды дәрілерді ішке қабылдау, таңдап алынған дәрілік затқа байланысты емдеу курсы 3-тен 7 күнге созылады. Асқынбаған цистит шақыратан E. coli резистенттілік профилі әр ел мен аумақта әр түрлі болады, сондықтан зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, НШЖИ кезінде Қазақстанда микробттар көрінісі мен антимикробты емге сезімталдылығы келесідей болады. Жедел асқынбаған циститі бар жүкті емес әйелдерді антибиотиктің бір мөлшерімен емдеудің (фосфомицин трометамолдан басқа) бактериурияны жоюға тиімділігі аз, ал триметоприм, норфлоксацин, ципрофлоксацин және β-лактамдар сияқты антибиотиктермен ұзақ уақыт емдеу тиімді. Фосфомицин трометамолдың бір мөлшермен (3 г) емдеу тиімділігі метаанализ арқылы жүргізілді, 15 салыстырмалы анализ қосылды. Бұл антибиотикке E. coli резистенттілігі төмен және НШЖИ кезінде пайдаланылатын басқа дәрілерге қайшылықты тұрақтылық дамымайды.

Айқын дизуриясы бар науқастарға феназопиридин (200 мг × 3/тәул) сияқты арнайы ауырсынуды басатын дәрілерді 1–2 күнге тағайындауға болады. Сонымен қатар диурезді көбейту және уропатогенді флораны тезірек шығару үшін ішетін судың көлемін арттыру ұсынылады. Науқастарды әрі қарай бақылау үшін несеп анализін тағайындау жеткілікті (тест-жолақша). Әйелдерде ауру симптомы сақталса немесе ауру симптомы басылғаннан кейін 2 апта ішінде инфекция қайталануы анықталса, несептен бактериологиялық себінді жасап, қоздырғыштың антибактериалды емге сезімталдығын анықтау керек. Мұндай жағдайда қайтадан ем тағайындар алдында алғашқы тағайындалған емге микроорганизм тұрақтылығы ескеріледі, сондықтан екінші рет басқа антибиотик тағайындалады және емдеу ұзақтығы 7 күнге созылады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!