Мақала
Генетика

IV типті РТА

IV типті РТА

Гиперкалиемиямен жүретін дРТА-ң сирек нұсқасы гипоренинемиялық гипоальдостеронизмнің есебінен жинақтаушы түтікшелердегі Н+ мен К+-дің секрециясының бұзылысымен сипатталады. Мұнда Н+АТФазаның альдостеронмен тікелей ынталанбауының есебінен болған секреторлық ақау, сонымен қатар натрийдің дисталды кері сіңірілуінің вольтаж-тәуелді ақауы орын алады. Гиперкалиемияға салдарлық қатысы бар аммонийдің бөлінуінің бұзылысы байқалады. РТА-ң IV типінде зәрдің рН-н 5,5-тен төмендету қабілеті сақталған.

Ауру мына жағдайлармен бірігуі мүмкін:

  • гипоальдостеронизммен, альдостеронға резистенттілікпен;
  • тубулоинтерстициалды созылмалы аурулармен, обструктивті уропатиялармен;
  • ААФт-ын, циклоспоринды, спиронолактонды, гепаринді, ҚҚСЕПды қолданумен.

Салдарлық түрлерінде емі себебіне байланысты жүргізіледі (минералокортикоидтар,  препаратты алып тастау). Фуросемидпен біріктіреді.

 

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.