Хиругиялық инфекция, асептика және антисептика

Хирургия (Cheirurgia, Cheir – қол, Ergon – жұмыс) дегеніміз гректің сөзі, қазақша “қол жұмысы” деген мағынада. Бірақта, бұл мағына хирургиялық жұмысты толық қамтымайды. Хирургия мамандығы медицина ғылымы ішінде ең бір үлкен ғылымның бірі. Оған себеп болатын жағдайлар: бұл мамандық көне уақыттан бері келе жатқан мамандықтың бірі.

1706 – жылы Петр – I – нің жарлығымен Мәскеуде бірінші әскери аурухана ашылды, ол кейіннен Ресейде медицина мектебі немесе медицина хирургиялық училищесі болды.  XVIII ғасырда Петербургта медицина хирургиялық академия және Мәскеуде дәрігерлік факультеті бар университет ашылды. Осы уақыт ішінде көптеген ғалымдар, хирургтар шығып, өздерінің еңбектерімен хирургияны дамытты.

Олардың ішінде ең атақты, өзінің ғылыми еңбектерімен көзге түсіп, алды болған Н.И.Пирогов. Сондықтан хируругияның Ресейде дамып, өсіп-өрбіген Пироговқа дейінгі дәуір және Пироговтан кейінгі дауір деп екіге бөледі. Н.И.Пироговқа орыс хирургиясының әкесі деп ат берілген.

Пироговтың хирургияда ашқан жаңалықтары өте көп. Оның ішінде  1852 жылы “шап қуысында болатын қызыл қан тамырының кеңеюін” (аневризма) емдеу үшін “Іш қуысындағы қолқа тамырын байлау тәсілі” деген тақырыпта диссертация қорғаған. 1847 жылы Кавказ соғысында Н.И.Пирогов ең  бірінші рет жауынгерлерге эфир наркозын пайдаланады. 1877 ж. Н.И.Пирогов көп жылғы ғылыми еңбектерін қорыта келіп “Жалпы далалық әскери хирургиясының басталуы” деген үлкен ғылыми еңбек жазып қалдырды. Антисептикада йод, ляпис, спирт заттарын қолданды, жарақаттанған науқастарға гипс таңбасын салуды ұсынады.

А.А.Бобров (1850-1909)  эхинококкозда, жарықта операция жолымен емдеу туралы жаңалық ашты. А.А.Бобровтың оқушысы С.П.Федоров (1869-1936) үлкен атақты ғалым болып қуыққа,зәр жүретін түтіктерге, өт қалтасына қалай операция жасау керектігін дәлелдеді.

С.И.Спасокукоцкий (1870-1943) өкпе және кеуде қуысының сірі қабығының қабынуы туралы ғылыми еңбектер жазды. Адамға қан құю тәсілдерін және операцияға қатынасатын хирург пен операциялық мейіркештің қолдарын қалай тазалап жуу керектігін айтып, Спасокуковский-Кочергин тәсілін жазып қалдырды.

Н.Н.Бурденко (1878-1946) ССР-ның медицина академиясының ең бірінші президенті, далалық әскери хирургиясынан көп еңбектері бар, естен тану (шок), жараны емдеу, өкпенің ауруларын хирургиялық емдеу, жұлынға, миға қалай операция жасау керектігін дәлелдеген үлкен ғалым.

А.В.Вишневский (1874-1948) ғылыми еңбектері жергілікті жансыздандыру, новокаин тосқауылы, май бальзам таңғышы тағы басқалар.

А.Н.Бакулев (1890-1967) жүрек тамырдан болған ауруларға операция жасау жолымен шұғылданды.

Қазақстандағы хирургия

Қазақ республикасының хирургиясының дамуы жоғарыдағы аты аталған хирургтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты. Совет үкіметінің құрамында Қазақстан 74 жыл бойы жақсылықты да, жаманшылықты да бірге көріп, қиын-қыстау жағдайларда ат салысып, медицина ғылымын дамытып, оның ішінде хирургия ғылымын бірге алға апарды. 1931 жылы Алматыда ең бірінші рет медицина институты ашылды.1934 жылы осы институтқа жалпы хирургия кафедрасының тұңғыз меңгерушісі болып профессор А.Н.Сызғанов тағайындалды. Ол ғалым келе сала-ақ, қан құю станциясын, ісік ауруларының диспансерін ашты, қалқан безінің ауруларының алдын алу үшін ас тұзына йод дәрісін қосуды ұсынды, іріңді жараларды салицил қышқылымен, гипосульфит натрий дәрілерімен емдеу түрін дәлелдеді.

Республикалық эксперименттік және клиникалық хирургия ғылыми-зерттеу институтын ашып, осы институттың көп жылдар бойы директоры болып, 200-ден астам ғылыми еңбек шығарды.

А.Н.Сызғановтың басшылығымен 18 хирург медицина ғылымдарының докторы, 80 хирург медицина ғылмының кандидаты деген ғылыми атаққа ие болды.

Қазақстанның хирургия ғылымын дамытып, алға апаруда атсалысқан профессорлар:И.С.Баккал, В.И.Зикеев, А.Б.Райз, А.С.Идрисов, М.И.Брякин, Т.П.Денягина, А.А.Сүлейменов және т.б. Доценттер: М.Т.Маткаримов, К.И.Ибраев, Н.С.Сүлейменов т.б.

Академик: М.А.Алиев, А.Н.Сызғанов атындағы эксперименталды және клиникалық ғылыми – зерттеу хирургия институтының директоры, академик К.С.Ормантаев, профессорлар: Ш.Н.Абдуллаев, М.К.Құланбаев, Э.А.Абматаров, Т.Ж.Сұлтанбаев, А.Н.Нұрмақов, К.Д.Дурманов және т.б. Алматы медицина университетінің хирургия кафедрасы меңгерушілері болып жұмыс істеп жүр.

Осы аты аталған профессор Қазақстан Республикасының хирургия ғылымын дамытуда көп жылдар бойы еңбек етіп, көп ғылыми мамандар дайындап Қазақстанның ғылыми хирургия мамандығын жоғарғы сатыға көтерді.

Қазақстан Республикасында хирургиялық жұмысты ұйымдастыру:

  • ауруханадағы хирургиялық бөлімдердің жұмысы;
  • хирургия маманын дайындау;
  • жедел хирургиялық науқастарға медициналық көмек көосету;
  • арнайы мамандандырылған хирургиялық көмек;
  • қан және өан алмастыру заттарын құю жұмысы;
  • хирургияда ғылымыми – зерттеу жұмысының жоспары;

ХИРУРГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕР

Ауылдық жерде аяқ астынан ауыра қалған адам ФАП-қа (фельдшер-акушер функті) барады. Онда бірінші жедел медициналық көмек көрсетіледі. Учаскелік аурухана дәрігерлері жедел және кідіріссіз ем қолданып, керек болса хирургиялық жолмен де емдейді. Учаскелік аурухана дәрігерлері ФАП қызметкерлеріне басшылық жасайды, ақыл-кеңес береді. Аудан ауруханадағы хирургиялық бөлімшеде істейтін хирургтар жарақаттанған немесе кенеттен  ауырып қалған адамдарға дер кезінде медициналық көмек көрсетеді.

Кенеттен, жедел болатын аурулар: жедел аппендицит, өт қалтасының қабынуы, ұйқы безінің қабынуы, ішектің қысылып, түйіліп қалуы, асқазанның және 12 елі ішектің ойығының тесіліп кетуі. Міне осы бес түрлі жедел болатын хирургиялық ауруларға дер кезінде дианноз қойып операциялық жолмен ем жүргізілуі қажет.

Қалалық, облыстық, республикалық ірі ауруханаларда аудандық ауруханалардан айырмашылығы қосымша арнайы мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету белгіленген (урология, онкология, травматология және ортопедия, балалар хирургиясы, бет-жақ хирургиясы, нейрохирургия және т.б.) болады.

ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНФЕКЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЗДЫРУШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Адам ағзасына кірген микробтарға қарсы, олардың қарым-қатынасына байланысты пайда болатын әсерді инфекциялық процесс деп аталады.

Инфекцияның жеке бөлімдеріне хирургиялық инфекция жатады. Бұл инфекцияда ауруды тудырушы (ірің пайда етуші) микробтардың адам ағзасына түсіп, хирургиялық емдеуді керек ететін (сыздауықтар, сомдар, дүнкулер, остеомиелиттер, жаралардың іріңдеуі және т.б) іріңді аурулар болып есептеледі.

Хирургиялық инфекция туралы мәселені қарауда мынандай түсініктерді білу қажет: 1)бірінші инфекция, процесс пайда болған уақытта мысалы, жараның бастапқы ластануынан пайда болады: 2) реинфекция-бірінші инфекцияның жоқ болу жағдайында микробтардың қайтадан денеге кіріп қайтадан асқынуы: 3) суперинфекция-инфекциялық процесс аяқталмаған жағдайларда қайтадан микробтардың түсуі, бұл әдетте өте ауыр түрде болады.

Хируругиялық инфекцияның алдын алудың негіздеріне дененің қоршаушы күштерін күшейту, микрофлорамен тері және шырышты қабаттардың ластануын азайту, сондай-ақ жарақаттанулардың алдын алу және өз уақытында бірінші хирургиялық өңдеу, тазалау жатады.

Операцияға қатысатын хирургтар, операция мейіркеші қолдарын микробтардан арылтып, тазалап жуады, операцияға керекті салфеткалар, шариктер, жаймалар, құрал саймандар т.б. операцияға керекті заттар микробтардан залалсыздандырылады. Кейбір жағдайларда операцияға тағайындалған науқастың денесінде микрофлораларды жою үшін алдын ала ем жүргізіледі.

ІРІҢДІ МИКРОБТАР. Іріңдеткіш микробтар аэробты (олар ауа оттегі бар жерде өсіп өнеді) және анаэробты (ауасыз, оттегісіз жерде өседі) болып екіге бөлінеді.

  1. Стафилококк (Staphlococcus aureus) аэроб тобына жатады, кейде оттегінсіз жағдайда да өсе береді. Бұл микроб ауаду, заттарда, киім-кешектерде, адамның денесінде жиі кездеседі.
  2. Стрептококк (Streptococcus pyogenes), стафилококк сияқты өте көп тараған, сыртқы жағдайларға төзімді, іріңдеткіш қасиеті бар.
  3. Ішек таяқшасы (B. Coli communis) үлкен дәретпен ластанған жерлерде және ішектің ішінде болады.  Ауалы және ауасыз жерде өсе береді. Бұл микроб шелді, бұлшық еттерді, шандырды т.б. тіндерді шірітіп жібереді.
  4. Газда гангренаның таяқшасы (Clostidum perfringens) – көп тараған микроб. Бұл микроб түскен жеріне газ пайда болып, олрды зақымдап науқастың денесіне қан арқылы улы заттар тарап қанды ыдыратып (гемолиздеп), жүйке жүйесіне әсер етіп жалпы ағзаны уландырады.
  5.  Қатерлі ісік таяқшасы (Clostridium oedematiens) тұқым (спора) шығаратын микроб. Улы заттар шығаруына байланысты  жара тез ісініп, көлемі ұлғайып, науқастың халі нашарлайды.
  6. Сепсистік вибрион (Clostridium Vibrion septicum) өсіп-өнген жерінде қоймалжың қанды ірің пайда болып, адам тез уланады.
  7. Ұлпаларды ірітіп-шірітетін бацилла (Clostridium histoliticum) тұқым шашады, басқа микробтармен бірге ағзаны уландырады.
  8. Сіреспе таяқшасы (Clostridium tetani) тұқым шашады, тетаногемолизин және тетаноспазмин деген екі түрлі у шығарады. Соңғысы орталық жүйке жүйесін жарақаттайды.

АҒЗАДА ИНФЕКЦИЯНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ. Ағзаға түскен инфекцияның қоздырушылары әдетте қалыптан тыс процеске жетпейді. Ағзаның қорғаныш күші болса микробтар өлім жағдайына келуі мүмкін. Адамның қарсыластық жағдайы төмендегенде немесе тосқауылдың бұзылуының салдарынан ондағы инфекция қабынып, кейде ағзаны ісіп-шірітуге, улануға да (сепсиске) әкелуі мүмкін. Бұндай инфекцияны «ұйқыдан оянған» инфекция деп атайды.

Хирургиялық инфекция түрлі микробтардың қоздыруының әсерінен болатын іріңдеулер мен қабынулар. Жұғу жолдары:  микробтардың сыртқы ортадан түсуі: 1) ауа арқылы; 2) жанасу арқылы (контактық жоқ) – құрал-саймандар, дәкеден жасалған салфеткалар, шариктер т.б. заттар; 3) науқас және операцияға қатысып тұрған  мамандар сөйлегенде, түшкіргенде шашырауы (тамшы инфекция жолы); 4) жараны тіккен жіптер, оны тығындаған салфетканың  жолағы т.б. себептерден (имплантациялық жол) іріңдеуі мүмкін.

Іріңдеткіш микробтардың жараға операция жасап болғаннан кейін қан тамырлары арқылы (гематогендік жол) және лимфа тамырлары арқылы (лимфатикалық жол) келуі мүмкін.

Жараға микробтардың түсу қаупін азайту үшін хирургия мамандығында өте сенімді белгілі шаралар қолданылып жүр. Бұл шаралар қазіргі хирургияның негізі болып есептелетін асептика және антисептика әдістерімен іске асырылады.

АСЕПТИКА

Асептика – манипуляциялық диагностикасында, адам ағзасының емделу барысында қоршаған ортадан микроорганиздердің енуін ескерту, сонымен бірге зерттеу материалы микроорганизмдердің культурасымен қоректік ортасына лабораториялық зерттеу жүргізілуді ұйымдастыру жүйесі.

Асептика ғылымын ең бірінші рет неміс ғалымы Бергман 1890 жылы ұсынды. Асептикасыз хирургия жоқ.  Микробтарды және олардың спораларын жоқ ету тәсілін стерилизация деп атайды. Стерилизацияның түрлері: күйдіру, қыздыру, қайнату, автоклавқа салу, химиялық тазалау арқылы жүргізіледі.

Сұйық затты қысым күшімен жылытуға арналған жабық қазанды автоклав деп аталады.

АНТИСЕПТИКА

Антисептика деп микробтардың жарада немесе адам мүшелерінде өсіп-өнуіне кедергі жасайтын әдіс, оларды жоюға бағытталған ем, алдын алу шараларының жиынтығы. Ағылшын хирургі Д.Листер Л.Пастердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, 1867 жылы операцияға пайдаланатын құрал-саймандар, хирургтің, операция мейіркешінің қолдары және т.б. микробтан таза болуы керектігін дәлелдеп еңбек жазып шығарды. Микробтардың өсіп-өнбенуіне ол ғалым карбол қышқылын ұсынды. Сондықтан микробтардың өсуіне мүмкіншілік  бермейтін химиялық заттарды-антисептикалық заттар деп атайды.

Бұл әдісті пайдаланған хирургтар карбол қышқылы адамның клеткаларына зиянын тигізетіндігін, науқасты уландырып, кейде өлімге ұшырататындығын, ал хирургтардың және олардың көмекшілерінің уланып, тістерінен айырылатандығын анықтады. Сондықтан карбол қышқылы орнына сумела, салицил қышқылы, бор қышқылы, көмір қышқылды натрий (сода) және т.б. химиялық заттар пайдаланыла бастады.

Антисептиканың әдістері: химиялық, физикалық, механикалық және биологиялық болып бөлінеді.

Механикалық антисептика:Алған жарақаттардың бәрі ластанып, әр түрлі заттар: ағаш, топырақ  т.б. және олармен бірге жараға микробтар да түседі. Сондықтан бұндай жарақаттарды микробты (септикалық) жарақат деп атайды. Хирургтар жараны бірінші хирургиялық өңдеу (БХО) деп атап, оған түскен бөгде заттармен бірге микробтарды дер кезінде (6-12 сағат, мойында,баста 12-18 сағат мөлшерінде) алып, жараның іріңдемей жылдам жазылып, науқастың өміріне қатер тудырмайтындығын тәжірибеде дәлелдеп отыр.

Физикалық антисептика:Бұл емнің негізгі мақсатыжараға пайдаланған салфетка 10 процент тұз ерітіндісіне малынып  салынса, онда тереңде жатқан іріңнің сыртқа жылдамырақ ағуына, шығуына көмектеседі. Кейде іш, көкірек қуыстарына жасалған операцияларданкейін жара іріңдемей жазылуы үшін жіңішке резеңке түтік (микроирригатор) қойылып, ол арқылы тәулігіне бір рет антибиотиктер жіберіліп отырады.

Биологиялық антисептика: Микробтарды биологиялық тәсілмен жоюдың түрлеріне бактериофактарды, антитоксиндерді, емдік сарысуды, ағзаның  күш-қуатын күшейтетін дәрі-дәрмектерді, белоктарды ажырататын ферменттерді және антибиотиктерді пайдалану жатады.

Науқастың иммунитетін көтеру үшін қан, ваксина, плазма, иммуногобулин дәрілері беріледі. Протеолитикалық ферменттер (трипсин, химотрипсин, рибонуклеаза, эластаза т.б.) іріп-шіріген тканьдардыерітіп жібереді. Жараның олардан жылдам тазалануына үлкен көмек береді және антибиотиктердің күшін ұлғайтып, ал микробтардың ұрық шашып, өсіп-өнуіне кедергі келтіреді.

Профилактикалық кезеңінің әкімшілік медико-санитарлық шаралар, инфекциялық таралудың жоғарлауын жасамау. Ең негізгі орныдалулары.

Қоздырғыштың таралуы мен патологиялық ошақтары құрамына дезинфекция, дезинсекция, дератизация, іс-шараларын қолдану.

Дезенфекциялық  – сыртқы орта объектілерінде қоздырғыштардың жоюға бағытталған комплексті жинақ. Дезинфекцияның негізгі бағыты  – инфекцияның берілу механизмі үзу болып табылады.

Дезинсекция – инфекция және паразитарлық аурудың туғызатын қоздырғыштарды тасымалдайтын тасымалдайтын буын-аяқты кенелер, жоюға бағытталған қойылатын шаралар.

Дератизация – инфекциялық және паразитарлық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдауын кеміргіштерді жоюға бағытталған іс-шаралар.

Инфекциялық аурулармен күресудің келесі жолы – қабылдағыш организмге жүргізілген іс-шаралар.

Организмнің инфекциялық ауруларға қарсы профилактикасы, жасанды иммунитет қалыптастыру арқылы жүргізеді. Активті жасанда иммунитет қалыптастырудың вакцинаны қолдану, ал жасанды пассивті иммунитеті қалыптастыру үшін сарысуларды қолданады.

Салауатты өмір салтын қорғау – еңбек гегиенасы, демалыс гегиенасы, жеке бас гегиенасы, денешынықтырумен айналысу,     спорт туризм, зиянды әдеттермен күресу, шынығу, дұрыс тамақтану маңызды орын алады.

Ішкі инфекция – жараға ағзаның өзіндегі қоздырғыштардың өсіп-өнуіне байланысты түседі. Инфекцияның көзі тері мен кілегейлі қабық (сыздауық, іріңді жаралар, терідегі жарықтар, сызаттар, күстер, коньюктивит, ринит, т.б.) болып табылады.  Сонымен бірге қоздырғыштар операциялық жараға одан қашықта орналасқан аймақтардан ығысып түсуі де мүмкін. Олар қан арқылы немесе лимфа жүйесі бойынша түсуі мүмкін.Мысал ретінде, шіріген тістегі, ЛОР – мүшесіндегі, ас қорыту, зәр шығару жүйелеріндегі инфекцияны айтуға болады. Кез-келген операция ағзаға және жүйке жүйесіне үлкен физикалық салмақ түсіреді. Әсіресе жүйке жүйесіне үлкен күш түседі.

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!