«АстраЗенека» Алматыда созылмалы бүйрек ауруын емдеуге арналған түпнұска дәрі өндірісін іске қосты

Халықаралық биофармацевтикалық «АстраЗенека» компаниясы созылмалы бүйрек ауруын (СБА), созылмалы жүрек жеткіліксіздігін және екінші типті қант диабетін емдеуге арналған инновациялық препараттың жергілікті өндірісін бастады. Өндіріс отандық серіктес «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ базасында іске қосылды және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндіріс үлесін 50%-ға дейін арттыру жөніндегі ұлттық бағыт …