Өкпе абсцесі мен гангренасы

Өкпе абцессі мен гангренасы хирургиялық емі

Абцесс дегеніміз, іріңнің қуыста оқшауланып жиналуы. Өткір абцесстің жан жағында үнемі өкпе тіндерінің қабыну инфильтрация аймағы болады.

Гангрена дегеніміз, қан айналымының бұзылуынан және улы заттардың әсерінен өкпе тінінің некрозға ұшырауы. Айқын шекарасы болмайды. Клиникалық көрінісі өте ауыр түрде өтеді және адам өміріне қауыптілігі жоғары.

Өкпе мен плевра ауруларының халықаралық жіктелуі:

Қабынбалы іріңді аурулары:

  1. Өкпе абцессі
  2. Өкпе гангренасы
  3. Бронхоэктатикалық ауруы
  4. Плевра эмпиемасы
  5. Пиопневмоторакс

Абсцесстің этиологиясы: В.И. Стручков, 1986 ж.

  • Пневмания түрлері – 60%, жиі крупозды
  • Тұмау аурулары – 10%
  • Аспирационды характер- 10%
  • Лимфагенді – гематогенді – эмболиялық қалдықтары -1%
  • Басқа себептер – 19, жарақаттар

Өкпе абцессінің жиі қоздырғыштары болып табылады:

  • Стафилококк;
  • Пневмококк;
  • Ішек таяқшасы;
  • Протей;
  • Фриндляндер таяқшасы;
  • Bact. fragilis;
  • Bact. melaninodenicus
  • Peptococcus
  • Peptostreptococcus
  • Бактероидтар

Эпидемиологиясы: Өкпе абцессі мен гангренасы ер адамдарда- 85%, әйел адамдарда-15-20% кездеседі. Еңбекке жарамды кезеңде -80-90% 20 мен 50 жас аралығында. Басты бронхтың орналасуына байланысты, жиі оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі зақымданады.

Өкпе абсцессы  – бейспецификалық өкпе тінінің қабынуы, нәтижесінде іріңді – некротикалық аумақ түзілуі байқалады. Өкпе аумағына қоздырғыштар бронхогенді жолмен енеді. Алтын стафилококк, грамм теріс аэробты бактерия және спора түзбейтін анаэробты микроорганизмдер ең жиі себебі болып табылады. Ауыз бен жұтқыншақта қабыну процессі байқалса (пародонтоз, тонзиллит, гингивит) өкпе тінінің инфицирленуі жоғарылайды. Алкогольды масаю кезінде, ессіз жағдайда құсық массаларымен аспирация немесе бөгде денелермен аспирация да өкпе абсцессына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда қоздырғыш өкпеге қан арқылы енеді. Екіншілік бронхогенды инфицирлену өкпе инфарктісі кезінде болуы мүмкін, өкпе артериясының бір тармағының эмболиясына байланысты. Аурудың бастапқы сатысында өкпе тінінің қабынбалы инфильтрациясы арқылы көрініс береді. Кейін инфильтраттың орталықтан периферияға қарай, іріңді еруі байқалады, нәтижесінде өкпеде кеңістік пайда болады. Біртіндеп кеңістіктің жан – жағындағы аумақ жойыла бастайды, ал кеңістіктің өзі грануляциялық тінмен қапталады. Инфекциялық процесс әсерінен кеңістік фиброзды қабырғалы болса, іріңді процесс ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. (созылмалы өкпе абсцессі)

Өкпе абсцессінің жіктелуі

Этиологиясы бойынша қоздырғыш түріне байланысты жіктеледі. Патогенезі бойынша қалай зақымдалу жолына байланысты:

  • бронхогенды
  • гематогенды
  • травматикалық

Өкпе тінінде орналасуы бойынша:

  • Орталық
  • Перифериялық

Қауіп қатер факторлары:

  • Қант диабеті бар адамдар
  • Созылмалы маскүнемдікпен ауыратын адамдар

Клиникалық көрінісі

Өкпенің жедел абцессінің клиникасы екі сатыда өтеді:

  1. Абцессті бронхқа ашуға дейін (Жабық кезең)
  2. Абцессті бронхқа ашудан кейін (Ашық кезең)

Абцессті бронхқа ашуға дейінгі диагностикасы: Пневмонияға тән белгілерімен жедел басталуы .

  • Қалтыраумнен сипатталатын дене қызуының жоғарылауы.
  • Тершеңдік
  • Кеуде торындағы ауырсыну
  • Шырышты боліндімен ауыр жөтелу.
  • Перкуторлық дыбыстық тұйықталуы (зақымданған аймақта)
  • Тыныс алу әлсіреген.

Ауру екі сатыдан өтеді абсцесс түзілу сатысы және іріңді аймақтың ашылу кезеңі.

Іріңді аймақ түзілу кезеңінде кеуде тұсында ауырсыну байқалады, ауырсыну тыныс алу және жөтел кезінде, қызба кезінде күшейе түседі, құрғақ жөтел, ентігу, дене температурасының жоғарылауы болады. Бірақ, кейбір кездерде клиникалық көріністері әлсіз байқалады, алкоголизм кезінде ауырсыну мүлде болмайды, ал температура сирек субфебрильды деңгейге дейін жетеді. Ауру дамуына қарай интоксикация симптомдары үдейді: бас ауру, тәбет жоғалту, жүрек айну, жалпы әлсіздік. Визуальды қараған кезде зақымдалған кеуде тұсы тыныс алу кезінде қалып отырады немесе егер зақымдалу екі жақты болса, кеуде торының қозғалысы асимметриялық болады. Бірінші кезең орташа есеппен 7-10 күнге, бірақ кейде 2-3 аптаға дейін созылады немесе керісінше де болуы мүмкін 2 – 3 күнде екінші кезең басталады.

Екінші кезеңде аумақтың ашылуы және іріңдіктің бронх арқылы ағуы байқалады. Қызба кезінде жөтел сұйық бола бастайды, көптеп қақырық бөлінеді. Бір тәулікте 1 литрге дейін іріңді қақырық бөлінеді және ірің көлемі өкпедегі аумаққа байланысты. Қақырық шыққан соң, қызба және интоксикация симптомдары азаяды, науқастың жағдайы жақсарады және қан анализі де жақсы көрсеткіш береді. Кезең бойынша ауру әрқашан байқала бермейді, егер дренаждаушы бронх кіші диаметрлі болса, қақырық та аздап бөлінеді. Егер ауру себебі шірікті микрофлора болса, қақырықтың сасық иісінен науқас ортақ палатадан бөлектенеді. Қақырық ыдыста ұзақ тұрса, үшке бөлінеді:  төменгі қою және тығыз сұр түсті қабат, ортаңғы қабат сұйық іріңді қақырық сілекей аралас, ал жоғары қабатында көпіршікті серозды сұйықтық болады.

Асқынулары: Егер процесске плевра аумағы және плевра қатысса, онда абсцесс іріңді плевритпен және пиопневмоторакспен асқынады, тамыр қабырғаларының іріңді еруі кезінде өкпелік қан кету байқалады. Инфекция гематогенді жолмен таралса, абсцесс басқа мүшелерде де болуы мүмкін және бактериемиялық шок дамиды. Ауру кезінде летальдылық 5-10% құрайды.

Абцессті бронхқа ашудан кейінгі диагностикасы:

  • Өте көп мөлшерде «ауыз тола» қан араласа шығатын какырыкты жөтел.
  • Инфекцияға байланысты қақырык нашар иісті болуы мүмкін.
  • Какырык 3 қабаттан тұрады: 1. төменгі қабаты-іріңнен 2. ортаңғы қабаты-сарғыш тартқан сұйықтықтан 3. жоғарғы қабаты – көбіктен.
  • Температура түседі, қалтыраулар жоқ.
  • Кеуде торындағы ауырсыну синдромы жылдам басылады.
  • Бронхиалды дыбыс тындалынады, кейде амфорикалық оттенк және дымқыл сырылдар.
  • Жалпы жағдайы жақсарады.

Өкпенің жедел іріңді абцессін диагностикалау:

  • Қакырықты зерттеу, цитологиялық зерттеу.
  • Кеуде торына екі проекцияда ренгенография жасау.
  • Томография
  • Ультрадыбысты зерттеу
  • Бронхоскопия
  • Бронхография (абсцессография)
  • Компьютерлі томография.

Өкпенің жедел іріңді абцессінің емі:

Консервативті емі: Кең спектрлі антибиотиктерді көктамырға енгізу. Иммунотерапия: ронколейкин, интерлейкин-2, иммунофан, пентоглобин. Антистафилоккокты плазма.

  • Консервативты терапия төсектік режим, науқасқа дренаждық қалып жасау ( күніне 10-30 минут қақырық шығуы үшін)
  • Антибактериалды терапия
  • Аутогемотрансфузия
  • Бронхоскопия (бронхоальвеолярлы лаваж)
  • Хирургиялық ем

Постуральды дренаж – денені көп мөлшерде какырык бөлінетіндей етіп орналастыру. Диаметрі 6 см-ден үлкен абцесс кезінде хирургиялық араласусыз консервативті ем тиімсіз.

дренаж қазақша

 

постуралды дренаж қазақша

Оперативті емі: Антибактериялды және бронхолитик заттарды енгізу үшін микротрахеостомия жасау. УДЗ-дің көмегімен абцессті трансторакальды дренаждау. Созылмалы түрге ауысқан жағдайда сегментэктомия -зақымданған өкпеге резекция жасау.

Болжамы және алдын алу.

Ауру асқынумен болса, жазылу 6- 8 аптадан соң болады. Спецификалық аурудың алдын алу шарты жоқ. Бейспецификалық аурудың алдын алуға өз уақытында пневмония, бронхитты емдеу, созылмалы инфекция ошақтарына санация, тыныс жолдары аспирациясының алдын алу, алкоголизммен күресу.

Өкпе гангренасы

Өкпе гангренасы – оны шектейтин қабаты болмай іріңді деструктивті тіндер одан әрі дамып, таралауы.

Өкпе гангренасының этиологиясы:

  • Бактероидтар
  • Фузобактериялар,
  • Анаэробты кокктар
  • Ішек таяқшасы
  • Протей.

Өкпе гангренасының клиникалық көрінісі

  • Ауру басталуының өткір түрде болуы
  • Науқастың жағдайының ауырлауы: көгеру, ентігу, тахикардия, ҚҚ төмендеуі.
  • Дем шығарған ауадағы жағымсыз иіс «абсцессті бронхқа ашқаға дейінгі кезеңде».
  • Анемия дамиды.
  • Гемолитикалық сарғаюлар
  • Кеудедегі ауырсыну сезімі.
  • Перкуторлы дыбыстың тұйықталуының кең көлемде.

Емдеу:

  • Интенсивді улануға қарсы ем.
  • Анаеробты инфекцияға арналған антибактериальды ем.
  • Трамбоэмболиялық асқынуларға қарсы тура әсерлі антикоагулянттар.
  • Плевра қуысын дренаждау пульмон – немесе лобэктомия науқастарды құтқарады.
  • Өкпенің іріңді аурулардың таралуы өте іжоғары: абсцессте – 4%, жайылған гангренада -50% және одан да көп.

Дренаждау (англ. Drain – қазақша құрғату) әр түрлі қуысты ағзлардың жарақаты кезіндегі сұйықтықтарды шығару әдісі. Дренаждауды әр түрлі диаметрлі резенке, хлорвинилді түтікшелер арқылы және басқа да резеңке немесе марлыдан жасалған затты абсцесс қуысына, плевраға енгізу арқылы жүзеге асырады. Химиялық және биологичялық жағыннан инерттілігі жоғары болу қажет. Ірің, бүлінген жасушалар, микроорганизмдер сол арқылы арнайы ыдысқа немесе таңғышқа шығып отырады. Сонымен қатар, дренаж арқылы жараға немесе іріңді ортаға антисептикалық препараттар, антибиотиктер, протеолитикалық ферменттердің ерітіндісін енгізуге болады.

Плевра қуысын троакардың көмегімен дренаждау: а) плевра қуысына пункция жасау, б) дренажды троакардың канюлясы арқылы өткізу, в) троакар канюлясын алып тастау, г) дренажды фиксациялау

дренаж қазақша

Плевра куысын іріңді плеврит кезінде дренаждау: а) қантоқтатқыш қысқыш арқылы дренажды енгізу; б) дренажды бекіту

плеврит кезінде дренаж

Бюлау әдісі бойынша плевра қуысын дренаждау

бюрлау бойынша дренаждау

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1.  Өкпеге жасанды тыныс алдыру
  2. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ХОБЛ)
  3. Өкпе аускультациясы
  4. Балалардағы өкпенің даму ақаулары
  5. Өкпе перкуссиясы. Салыстырмалы және топографиялық перкуссия
  6. Өкпеден қан кету кезіндегі жедел жәрдем
  7. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ)

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!