Жүктілікті көтере алмау. Емдеу жолдары

Жүктілікті көтере алмау. Емдеу жолдары

Әртүрлі авторлар бойынша жүктілікті көтере алмаушылық жиілігі әр елде 10%  – 30% түзеді. Қазақстан Республикасында уақытынан бұрын босанудың жиілігі  7-10% құрайды. Түсіктердің жалпы жиілігі 40 жастан жоғары әйелдерде шамамен  75% түзеді. 80% жағдайда өздігінен түсік 12 аптаға дейін болады, мұның 70% хромосома ақауының нәтижесі болып табылады.

Жүктілікті көтере алмаушылық — ұрықтанудан бастап 37 аптаға дейінгі аралықта жүктіліктің өздігінен үзілуі.

  • Түсік –22 аптаға дейін жүктіліктің үзілуі, ұрық салмағы 500гр Жасанды—дәрілік заттармен немесе инструментальді жолмен шақырылған түсік.
  • Өздігінен түсік —табиғи себептерден туындаған түсік
  • Криминальді (ауруханадан тыс, заңсыз) аборт —заңды құқығы жоқ адаммен, медициналық мекемеден тыс жерде жүргізілген  түсік
  • Медициналық түсік —12 аптаға дейін медициналық мекемеде әйел қалауы бойынша жүктінің ауруларына байланысты жүргізілген түсік.
  • Ерте түсік —Жүктіліктің 16 аптасына дейінгі түсік.
  • Дамымаған түсік —Эмбрион өліп, бірақ жатырдан шықпаған түсік.
  • Үйреншікті түсік —3 және одан көп  болған өздігінен түсік
  • Кеш түсік —Жүктіліктің 16-22 апта мерзіміндегі түсік.

Жүктіліктің үзілуіне әкелетін факторлар:

  1. Аналық
  2. Плацентарлы
  3. Ұрықтық
  4. Орта факторлары

Себептері:

  • Белгілі себептер 50-60% жағдайда
  • Белгісіз себептер 40-50%

БДҰ (ВОЗ) жүктілікті көтере алмаушылықтың себебінің 6 тобын ажыратады:

  • Инфекционды
  • Эндокринді
  • Генетикалық
  • Анатомиялық
  • Иммунды
  • Идиопатиялық
жүктілікті көтере алмаушылық
Жүктілікті көтере алмау

Жүктіліктің І үштігіндегі себептер:

  1. Гормональді қызметтің жетіспеушілігі
  2. Гиперандрогения
  3. Гипотиреоз, гипертиреоз
  4. Жатыр даму ақаулары
  5. Иммунологиялық бұзылыстар

ІІ үштіктегі себептер:

  • Плацентарлы жетіспеушілік
  • Истмико-цервикальді жетіспеушілік
  • Антифосфолипидті синдром
  • Урогенитальді инфекция

ІІІ үштіктегі себептер

  • Жүктілік асқынулары
  • Экстрагенитальді аурулар
  • Урогенитальді инфекция

Аналық факторы:

  • Жасы  (< 18 жас   > 30 жас)
  • истмико-цервикальді жетіспеушілік
  • Жатыр даму ақаулары
  • ЭГА
  • Инфекционды аурулар (грипп, ВГ)

Ұрықтық факторы 

  • Тума ақаулар
  • Гестация асқынуы
  • Гестоз
  • Резус-конфликт
  • Плацентаның жолда жатуы
  • ҚОПУБА
  • Ұрық дұрыс орналаспауы
  • Көп ұрық, су көптік

Жүктілікті көтере алмаушылық (ұрық салмағы 500 – 1000 грамм).

Негізгі себебі:

  • ИЦЖ
  • Инфекция
  • Жыныс жолдарында инфекция
  • Ұрықтың өкпесі жетілмеген, алдын алу тиімсіз
  • Ұрық үшін нәтиже қолайсыз

28-33 апта (ұрық салмағы 1000-1800 грамм).

  • 30% алғаш босанушылар
  • Алдын алу эффектілеу (2-3 тәулік)
  • Жүктілікті созу мүмкін және күту тактикасы жүргізіледі
  • Ұрық үшін нәтиже қолайлы

34-37 аптада (ұрық салмағы 1900 – 2500 грамм).

  • Инфекция ролі аз
  • Алғаш босанушылар 50%
  • Ұрық өкпесі жетілген
  • Көбінесе күту тактикасы жүргізіледі
  • УББ диагностикасы әйел шағымына негізделген.
  • Қосымша тексеру әдісіне УДЗ жатады

УББ жүргізу

  1. Токолиз жүргізу
  2. Босану процессінің дамуына мүмкіндік жасау
  3. Күту тактика және жүктілікті созу

Токолизге көрсеткіштер

  • Жүктілік мерзімі 37 аптадан төмен
  • Жатыр мойын ашылуы 3см-ге дейін.
  • Ұрық дисстресінің болмауы
  • Амнионит, преэклампсия, қан кетудің болмауы

Латентті фазада 22-34аптада

  • РДС алдын алуы
  • Токолиз
  • Эритромицин 0,25 – 4 рет күніне босануға дейін
  • 3-деңгейге ауыстыру 32 аптаға дейін
  • 32 аптадан жоғары 2 деңгейге ауыстыру

Активті фазада 22-34 аптада

  • Ампициллин 2г к/т 4 рет босануға дейін
  • Неонатологты шақыру
  • Босандыру

Латентті фазада 34-37 аптада

  • Токолиз транспортировкаға
  • Эритромицин 0,25 – 4 рет күніне босануға дейін
  • 2 деңгейге ауыстыру

Активті фазада 34-37 аптада

  • Ампициллин 2г к/т 4 рет босануға дейін
  • Неонатологты шақыру
  • Босандыру
  • Босанғаннан кейін инфекцияның белгісі болмаса антибактериалды ем жүргізілмейді

РДС алдын алу жүргізіледі 24-34 аптаға дейін

  • Дексаметазон б/е  6мг дозада  12 сағат сайын /24мг 48 сағ аралығында/ немесе бетаметазон 12мг б/е 24сағат сайын /24мг 48 сағ арасында/
  • 22-23 аптада әсері болмайды
  • Кайталау қажет емес

Токолиз

  • Нифедипин 10мг тіл астына 15 минут кейін 10мг қайталау.Содан кейін 10мг 3-8 сағат сайын 48 сағат ішінде. Мах-160мг күніне.
  • Босану қызметі басылғаннан кейін токолиз қажет емес.
  • Көтере алмаушылықта   бета-миметиктер.

Амнионит белгілері

  • Температура  37,8°С
  • Лейкоцитоз  15 мың.
  • Тахикардия   100 соқ/мин-нан  көп
  • Қынаптан бөліністер
  • Жатыр ауырсынуы
  • Тахикардия  ұрықта 170 соққы/мин көп

Кесар тілігіне көрсеткіш

  • Ұрық гипоксиясы
  • Жамбаспен келу ұрыққа қауіп төнсе

Басталған жүктілікті көтере алмаушылық кезіндегі кесар тілігіне көрсеткіш

  • Дұрыс орналаспауы ұрықтың
  • Ұрық жағдайының нашарлауы
  • Жатыр жыртылуы қаупі
  • Қағанақ суы кеткенде толғақ қоздыру нәтижесіз болса

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!