Бинокулярлы (екі көзбен) көру
Бір көзбен көруді монокулярлы деп атайды. Бір мезгілдегі көру деп екі көзбен затты қараған кезде фузияның (ми қыртысында, әр көздің тор қабығында бөлек пайда болған көру бейнелері бірлескені) болмауы және диплопияның пайда болуын айтады.
Бинокулярлы көру — диплопияның туындауынсыз екі көзбен затты қарау қасиеті. Бинокулярлы көру 7—15 жаста қалыптасады. Бинокулярлы көру кезінде көру жітілігі монокулярлы көруге қарағанда 40% жоғарырақ. Адам басын қозғалтпай, бір көзбен шамамен 140°, ал екі көзбен шамамен 180° кеңістікті қамти алады. Ең негізгісі — бинокулярлы көру айналадағы заттардың алшақтығын шамалап анықтайды, яғни стереоскопиялық көруді қамтамасыз етеді.
Бинокулярлы көрудің механизмі
Егер зат екі көздің оптикалық орталығынан бірдей алшақта болса, онда оның кескіні тор қабықтың бірдей (сәйкестендірілмелі) аймағында орналасады. Алынған бейне ми қыртысының бір аймағына беріледі және кескін бір бейне ретінде қабылданады.
Егер объект екінші көзге қарағанда бір көзден алшағырақ орналасса, кескін тор қабықтың бірдей емес (диспарантты) аймағында орналасып, ми қыртысының әр түрлі аймағында беріледі, нәтижесінде фузия болмайды және диплопия дамиды. Бірақ көру анализаторының функционалды даму барысында бұндай диплопия қалыпты ретінде қабылданады, өйткені ақпарат миға, диспарантты аймақтардан тыс, тор қабықтың сәйкестендірілмелі аймақтарынан да барады. Сонымен диплопияның субъективті сезімі болмайды (тор қабықтың сәйкестендірілмелі аймактары жоқ, бір мезгілдегі көруден айырмашылығы), екі тор қабықтан алынған кескін арасындағы айырмашылығының негізінде кеңістіктің стереоскопиялық талдауы жүреді.
Бинокулярлы көрудің даму шарттары келесідей:
- екі көздегі көру жітілігі 0,3 төмен болмауы керек;
- конвергенциямен аккомодацияның сәйкестігі;
- екі көз алмасының үйлестірілген әрекеті;
- изейкония — екі көздің тор қабатында қалыптасатын бірдей көлемді кескін (бұл үшін екі көздің рефракциясы 2 дптр артық болмауы керек);
- фузияның болуы (фузионды рефлекс) — екі тор қабатының сәйкестендірілмелі аймағынан кескінді мидың біріктіру қабілеті.
Бинокулярлы көруді анықтау тәсілі
Тигізе алмау сынамасы. Науқас пен дәрігер бір-біріне қарама-қарсы 70—80 см қашықтықта орналасып, әрқайсысы қаламсаптың ұшынан ұстап тұрады. Науқасқа қолында ұстап тұрған қаламсаптың ұшымен вертикалді қалыпта дәрігердің қаламсабының ұшына тигізуін өтінеді. Алғашқыда науқас бұны ашық көзбен жасайды, кейіннен кезектеп бір көзді жұмып жасайды. Егер де бинокулярлы көруі қалыпты болса, науқас екі көзі ашық күйінде бұл тәсілді оңай жасайды және бір көзі жабық күйінде тигізе алмайды.
Соколов сынамасы (алақандағы «тесік»), Науқас оң қолымен түтікшеге оралған қағазды оң көзінің алдында ұстап тұрып, сол қол алақанының бүйірімен, түтікшенің соңына таман, бүйір бетіне тақап қояды. Екі көзбен 4—5 м қашықтықта орналасқан тікелей бір затқа қарап отырады. Бинокулярлы көру сақталса, науқас алақанында тесік көреді, түтікшеден көрген бейнені қолдағы тесікте де көреді. Монокулярлы көру кезінде алақандағы «тесік» көріністері болмайды.
Төрт нүктелі тест түстік аспап (белгілер проекторы) немесе белгілер құрылғысы арқылы көрудің сипатын нақты анықтау үшін төрт нүктелі тестті қолданады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Перифериялық (шеткері) көру
- Көздің көру қызметі
- Нашар көру және соқырлық себептері
- Жарық сезу және бейімделу