Жүктілік кезіндегі анемия

Жүктілік кезінде айналымдағы қан көлемі жоғарылап, оның ішіндегі плазма және эритроциттер жоғарылайды. Соның ішінде эритроциттерге қарағанда плазма мөлшері айтарлықтай жоғары болады. Яғни эритроциттердің саны плазмаға шаққанда азайып, олардың мөлшері айтарлықтай аз болады. Бұл жағдай гидремия деп аталады. Қанның қызыл түйіршіктері азайса да, бірақ бұл жағдай анемия болып саналмайды.

Бұған қарамастан жүктілерде жиі нағыз анемия дамиды. ТМД мемлекеттерінде оны 40% жүктілерден жүктілер анемиясы анықтайды. Бұл ауру бүкіл әлем бойынша жүктілер арасында кең тараған. Оның кездесу жиілігі 21-89% ға дейін. Басым көпшілік жағдайында теміржетіспеушілік анемия дамиды.

Жүктілік кезіндегі анемия негізінен жүктілік келгенге дейін дамып үлгереді. Жүктілікке байланысты анемия оның екінші жартысында дамиды.

Жүктілердегі анемия клиникалық көрінісі:

Жүкті әйелдер анемиясы бар болғанда айтарлықтай шағым айтпайды. Бірақ кез кездерде әлсіздік, бас айналу, талма (обморок) байқалуы мүмкін. Трофикалық өзгерістер байқалуы мүмкін, ол ағзаға арнайы ферменттердің жетіспеуі салдарынан болады. Мұның көрінісі болып: шаш түсуі, тырнақтың сынғыш болуы, ауыздың шеткі жақтарында тыртық іздердің (трещина) болуы жатады.

Жүктілердің анемиясында қанда гемоглобин деңгейінің төмендеуін (115 г/л және одан төмен), эритроциттер (3,7 *10*12 л), түсті көрсеткіш (0,85 төмен) болуын байқайқалады. Жүктілердегі нақты анемия деген диагноз қан жағындысында өзгерген эритроциттер анықталғанда қойылады. Оларға: пойкилоциттер және анизоциттер жатады. Анемияның жеңіл, орташа, ауыр түрлерін ажыратады. Жеңіл түрінде гемоглобин деңгейі 90-115 г/л, орташада -80-90 г/л, ауыр түрінде -80 г/л төмен болады.

Жүктілердегі анемия емі:

Жүкті әйелдердегі көрініс берген анемияны емдеуде маңызды орынды диета алады. Жүктіге күніне 120 г аз емес белок қабылдау керек. Жеген еттен тек 6% темір, ал өсімдік текті тағамдардан 0,2% ғана ағзаға сіңеді. Анемияны темір препараттарымен емдейді. Олар ішке таблетка немесе капсула түрінде ішіледі. Темір препараттарын бұлшықетке немесе вена ішіне салу тиімсіз, себебі бұл кезде ауыр асқынулар пайда болуы мүмкін.

Емге феррокаль және ферроплекс секілді препараттарды үлкен дозада күніне 3-4 рет 2 табелеткадан қабылдайды. Конферон құрамында бұдан қарағанда 4 есе темірді көп болғандықтан,  оны аз мөлшерде тағайындайды, 1 капсула 3 рет күніне. Тардиферон –пролонгирленген әсері бар препарат, күніне 2 реттен 1 таблеткадан қабылдау ұсынылады.

Жүктілер анемиясын емдеу ұзақ уақытқа бағытталған болуы керек. Қандағы гемоглобин деңгейі көп жағдайда емнің 3 аптасынан бастап жоғарылай бастайды. Ал нормаға жетіп, қалыпты болуы 9-10 аптаға таман іске асады. Дәл осы кезден бастап жүкті әйел жағдайы жақсара бастайды.

Жүкті әйелдің анемиядан айығып шыққаннан кейін емді 3 ай бойы тоқтатпаудың маңызы зор. Себебі алда әлі де босану үрдісі бар. Ал бұл көп қан жоғалтумен, баланы емізумен жүретіндіктен анемияның қайта дамуына алып келуі мүмкін. Егер жүктілік кезінде анемияны емдей алмаса, босанудан кейін 1 жыл бойы темір препараттарын қабылдау қажет.

Жүктілер анемиясын емдеу амбулаторлы түрде жүргізіледі. Тек ауыр жағдайларда ғана стационарлық ем мен госпитализация қолданылады.

Жүктілер анемиясынан басқа анемия түрлері, олардың жіктелуі, емдеу әдістері жайлы мына материалдан біле аласыз.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!