ҚР қолданылатын вакциналық препараттар. Егу күнтізбесі

Жеке ауруларға қарсы вакциналық препараттардың сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 2295 қаулысына сәйкес балаларға келесі екпелер жүргізіледі:

  1. БЦЖ
  2. ОПВ, ИПВ
  3. ВГВ
  4. АКДС
  5. АДС
  6. АД-М
  7. АДС-М
  8. Акт-ХИБ
  9. ҚҚП
  10. Превенар 13

БЦЖ немесе Кальметта—Герен бацилласы (Bacillus Calmette—Guérin, BCG)- туберкулезге қарсы вакцина, ол жасанды ортада арнайы өсірілген адам үшін вируленттілігін жоғалтқан Mycobacterium bovis BCG, тірі әлсіреген туберкулезді бацилла. Вакцина құрғақ түрде шығарылады. Қолданар алдында стерильді физиологиялық ерітіндімен араластырылады. Егу үшін арнайы тубиркулинді шприц қолданылады (көлемі 1мл).

Полиомиелитке қарсы екі түрлі вакцина бар: ИПВ және ОПВ.

ОПВ тірі әлсіреген вирустан тұрады және ішекте жергілікті иммунитет түзуге қатсысады. Бұл вакцина полиомиелит толық жойылмаған елдерде қолданылады (соның ішінде Ресей және ТМД елдері). ОПВ екрекшелігі: вакцинді вирус егілген баланың ішегінде дамиды кейіннен қоршаған ортаға түседі, ол касакатты «вакцинация» және «ревакцинация» әкеледі, осыған байланысты популяциялық иммунитет дамиды.

ОПВ арзан вакцина және қолданылуы оңай (тамшы түрінде шығарылады, ауызға тамшы ретінде қолданылады). Сонымен қатар ОПВ қолданудың кемшіліктері мен шектеулері бар:

  1. Қарым-қатынас арқылы вакциналық вирус алған кейбір балаларда ауыр асқынулар -вакцинамен ассоцирленген полиомиелит, кей кезде табиғи инфекциядағы сияқты салдану дамуы мүмкін;
  2. ОПВ-ны сақтау (-20С0) шарттары және нақты мөлшерлеу мүмкін болмауына (еңгізілген вакцинаның жартысы организмнен нәжіс арқылы шығарылады) байланысты оның тиімділігі төмендейді;
  3. Омырау жасындағы балалар көбінесе ОПВ- ны ашты дәміне (ересек жастағы балаларға көбінесе нанға немесе қантқа тамызып береді) байланысты лоқсиды және түкіріп тастайды. Бұл жағдай емханаға қайта келуге мәжбүрлейді, сондықтан да ата –анаға, балаларға және дәрігерге қолайсыз. Егер балада ішек бұзылыстары болса, ОПВ еңгізілмейді, бұл жағдай емханаға қайта келуге мәжбүрлейді.

ИПВ вакцинасы осы айтылған кемшіліктерден арылған. Вакцина арнайы шприц – доза ретінде шығарылады. ИПВ құрамында өлтірілген полиомиелит вирусы бар, бұлшық етке немесе тері астына еңгізіледі.

ИПВ тиімділігі жоғары деп саналады. Оның тиімділігі дәл мөлшерлеу (себебі тікелей инъекция арқылы) және стандартты сақтау шарттары, температура өзгерістеріне төзімділігі арқылы жүзеге асырылады.

ИПВ қауіпсіз, себебі егілген балалардың жүйке жүйесіне әсер етпейді. Жағымсыз реакциялары жоқ, ішек бұзылыстарын шақырмайды және ішектің қалыпты микрофлорасымен бәсекелеске түспейді.

Осы жағдайға байланысты біздің еліміздің жопарында келешекте егудің ұлттық күнтізбесінде ОПВ ИПВ -ға ауыстырылады.

ВГВ – Бұл вакцина ашытқы жасауша культарасынан жасанды өндірілген, оның құрамына вирусты гепатит В-нің беткей ақузы – HbsAg кіреді. Егуден кейін организмде қорғаныш антидене – Aнbs түзіледі. Егуден кейін организмде қорғаныш антидене – AНbs түзіледі.

АКДС – ең бірінші рет шетелде 40 жылдарың соңында қолдана бастады. АКДС – вакцина өлтірілен көкжөтел микробынан, тазаланған сіреспе дифтерия анатоксинінен тұрады. Өкінішке орай, кейбір балалар АКДС екпесіне өте күшті патологиялық реакция береді, соған байланысты дәрігерлер АКДС вакцинациясынан бас тартуы тиіс. Дегенмен, сіреспе және дифтерия ауруларын алдын алудың өмірлік маңызы бар. Сезімтал және әлсіз балаларды инфекциядан сақтау үшін АДС вакцинасы шығарылды. АДС вакцинасы АКДС вакцинасы құрамындағы ең ауыр – инактивирленген көкжөтел таяқшасы компонентінен айырылған.

АДС-М – құрамында антигендері төмендетілген адсорбирленген дифтерия-сіреспелік анатоксин.
АД-М-анатоксин (құрамында антигені төмендетілген адсорбирленген дифтериялық анатоксин) тиімділігі жоғары препарат, дифтерияға қарсы егудің толық курсын алған 95% балаларда 7-10 жыл ішінде тұрақты иммунитет қалыптасады.

Акт-ХИБ (Act-HIB). Гемофильді инфекция бала денсаулығы үшін қауіп төндіретін ауру. Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша, гемофильді таяқша (Haemophilus influenzae b типті, ХИБ) 5 жасқа дейінгі балаларда іріңді менингиттің себебі болып табылады.

Сонымен қатар, бөліп шығарылған штаммдардың 80% дәстүрлі антибиотиктерге төзімді, ал инфекциядан кейінгі ауыр асқыну жиілігі 40 % құрайды. Дегенмен, гемофильды инфекцияның қаупі менингитте емес, ол жедел респираторлы ауруларда, соның ішінде өкпенің қабынуында және бронхитте. Бала бақшада инфекцияны тасымалдаушылық өте жоғары болып табылады.

Инфекция ауа тамшылы жолымен – түшкіру, жөтелу, тасмалдаушының сілекейінен (ойыншықтар, тұрмыстық жабдықтар) жұғады. Кей кездерде инфекция ошағы ата – аналар және ересек балалар болуы мүмкін.

Гемофильды инфекциядан сақтанудың ең негізгі тәсілі – егу.

Вакцина Акт-ХИБ құрамында тірі микроорганизм жоқ, сол себепті егуден кейін ауыру қаупі мүмкін емес, вакцина гемофильды таяқша антигенімен байланысқан сіреспе анатоксинінен тұрады.

Акт-ХИБ бір реттік қолданбалы түрде, арнайы шприц дозада шығарылады және оның инесі ауырсынуды басатын арнайы құраммен өңделген. Соңғы уақытта шетелдерде комбинирленген 4-5-6- компоненттік препараттар қолданылады, оның құрамында бірнеше вакцина кіреді:

  1. “Тетраксим”- АКДС+ ИПВ
  2. “Пентаксим” – АКДС+ ИПВ+ Хиб
  3. “Гексавак” немесе «Инфанрикс Гекса» – АКДС+ИПВ+ гепатит В+ Хиб
  4. «Тринтатрикс Геп В» – АКДС+ гепатит В.
  5. «Тетракок» -АКДС+ ИПВ
  6. «ТетрАкт-Хиб» -АКДС+Хиб
  7. «ПентАкт-Хиб» -АКДС+ ИПВ+Хиб

Бірнеше жыл көлемінде Қазақстанда мына препарат жиі қолданлылады – «Тринтатрикс Геп В».

Тағы да айта кететін жағдай, осы қабаттастырылған вакцина құрамындағы АКДС вакцинасы жасушасыз көкжөтел компоненті негізінде шығарылған, яғни құрамында бүтін өлтірілген көкжөтел микроорганизмі жоқ, тек қана кейбір фрагменттері ғана бар. Сондықтан балалар осы вакцинаны жеңіл қабылдайды.

Осы мәліметтерге сәйкес, біздің еліміздің жопарында келешекте егудің ұлттық күнтізбесін жақсарту үшін қабаттастырылған 4-5-6- компоненттік вакциналар сатып алу керек.

ҚҚП және ҚПҚ. Қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық вирустарының әлсіреген тірі вакциналық штаммаларынан тұратын қабаттастырылған препарат. Сонымен қатар, олар бөлек өсіріледі: қызылша вирусы және паротит тауық эмбрионы культурасында, ал қызамық вирусы адам диплоидты жасушасында.

ПКВ 13 (Превенар -13) Пневмококк (Streptococcus pneumonia) – грамм оң диплококк, полисахаридті капсуламен қапталған. Пневмококтың 90 серологиялық типі белгілі, соның ішінде 20-сы кең тараған және адам үшін қауіпті. Пневмококк әртүрлі бала ауруларының қоздырғышы болып табылады, соның ішінде менингит, пневмония, бронхит, ортаңғы отит, синусит және т.б.

Пневмокк инфекциясы ауа – тамшылы жолымен және ауру адамдар мен сау тасымалдаушылардан қарым-қатынас арқылы жұғады. Пневмоккты этиологиялы аурулар тыныс алу жүйесі ауруларының құрылымында маңызды рөл атқарады және қатаң медико-әлеуметтік мәселе болып табылады.

Сонымен Казақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне 2010 жылдың соңында қосылған соңғы вакцина – пневмококк вакцинасы. Қазакқстанда осы вакцинаның үш түрі тіркелген: ПКВ 7, ПКВ 10 және ПКВ13.

Қазіргі кезде ПКВ13 (Превенар-13) қолданылады.

Егу күнтізбесі уақыты
Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық екпе күнтүзбесі

Профилактикалық екпелерді өткізу мерзімдері және енгізу тәсілдері

БЦЖ – туберкулезге қарсы вакцина. Бұл вакцина қатаң түрде иықтың жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасына тері ішіне енгізіледі. БЦЖ вакцинациясы перезентханада бала өмірінің алғашқы 4 күнінде, екпе бөлмесінде, анасының қатысуымен және жазбаша рұқсатынан кейін жүргізіледі. Вакцинация неонатологпен қаралғаннан кейін, жаңа туған нәресте тарихына екпеге рұқсат берілгені жазылғаннан кейін ғана жасалуы керек. БЦЖ вакцинациясы перезентханадан шығару эпикризіне және екпе паспортында жазылады.

Егер босану үйінде БЦЖ екпесін алған баланың үйінде туберкулезбен ауыратын науқас (бактерия бөлуші) болса, не істеу керек?

Туберкулезбен ауыратын науқасты оңашалату (изоляция), немесе баланы басқа тұрғылықты жерге оңашалату, ал мүмкіндік болмаған жағдайда жаңа туған балаларды күту бөліміне немесе балалар үйіне 2 айдан кем емес уақыт аралығына оңашалату.

Егер балаларға перезентханада қандайда бір қарсы көрсеткішке байланысты БЦЖ жасалмаса, ЖДА немесе АҮЕ Манту сынамасынсыз 2 айға дейін жасалады, егер бала жасы 2 айдан асқан болса, Манту сынамасының нәтижесі теріс болса ғана БЦЖ жасау керек.

Ревакцинация БЦЖ. БЦЖ ревакцинациясы ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес 6 жаста (1 сынып) жүргізіледі.

Оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) барлық 6 жастағы балаларға Манту сынамасы БЦЖ ревакцинациясына іріктеу мақсатында жүргізіледі. Осы айда мектептегі қалған екпелерді жүргізу тоқтатылады. Манту сынамасын қояр алдында ай аралық интервалды сақтау үшін АДС және ҚҚП ревакцинациялары оқу жылына дейін 1 ай бұрын жүргізілу керек.

Ревакцинацияға тек инфицирленбеген, Манту сынамасы теріс сау балаларға жүргізіледі.

БЦЖ ревакцинациясы АҮЕ ұйымы мамандарының ТҚМ фтизиопедиатрларымен бірігіп, ұйымдасқан түрде бүкіл мемлекетте бір уақытта 6 жастағы (1сынып) балаларға оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) жүргізілу керек. Осы айда мектепте басқа екпелерді жүргізуге рұқсат жоқ!!!!

Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясы арасында интервал 3 күннен кем емес және 2 аптадан аспауы керек. Егер ревакцинацияға уақытша қарсы көрсеткіш болса, медициналық шегеру уақыты аяқталысымен екпе жүргізілуі керек.

ОПВ– полимиелитке қарсы толық иммунитет қалыптастыру үшін ОПВ 4 рет жүргізіледі (2, 3, 4 және 12-15 айларда). Вакцина ауызға тамшылатып беріледі. ОПВ вакцинасынан кейін балаға 1 сағатқа дейін су немесе тамақ ішуге болмайды. Егер вакцина төгілсе, бала вакцинациядан кейін құсып немесе түкіріп тастаса ( 5-10 минуттан кейін), онда вакцинаның тағы бір дозасын беру керек. Егер бұл доза тағы да толық қабылданбаса қайталап берудің қажеті жоқ, балаға қайталап вакцинация тағайындалады.

ВГВ – Вирусты гепатит В-ға қарсы вакцина уақыты бойынша туберкулезге қарсы вакцинамен сәйкес келеді, сондықтан оларды бірге енгізуге болады. Әдетте алғашқы күндері ВГВ, ал 3-4 күндері БЦЖ. Одан кейін ВГВ қарсы вакцинация өмірінің 2 және 4 айында, яғни 3 рет жүргізіледі. Санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына көк етке енгізіледі

АКДС – Ұлттық егу кестесіне сәйкес балаларға 4 рет жүргізіледі (2, 3, 4 және 18 айларда). Бұл вакцина 2, 3, 4 айлық балаларға санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына бұлшық етке, ал 18 айлық балаларға иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына енгізіледі.

Барлық вакциналар бір жасқа дейінгі балаларға тек қана санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына бұлшық етке, ал жастан асқан балаларға және кейбір вакциналар 2 жастан асқан балаларға иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына енгізіледі.

Акт-ХИБ – АКДС вакцинасын жүргізу мерзіміне сәйкес келеді, сондықтан моновакцина түрінде қолдануға болады, сондай-ақ қабаттастырылған вакцина түрінде, яғни АКДС+ Хиб.

АДС – вакцинациясы балаларға 6 жаста, АД-М- 12 жаста, АДС-М – 16 жаста және одан кейін әрбір 10 жыл сайын. Иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына бұлшық етке енгізіледі.

ҚҚП – Ұлттық егу кестесіне сәйкес балаларға 2 рет жүргізіледі (өмірінің 12-15 айларында және ревакцинация – 6 жаста. Иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына тері астына енгізіледі. Бұлшық етке де енгізуге болады. Көк тамырға енгізуге рұқсат жоқ!!!

Превенар 13– бірнеше вакцинация жүргізу схемасы бар, біздің Республикада вакцинация 2 рет: баланың 2 және 4 айында; ревакцинация 12-15 айында жүргізіледі. Сонымен, вакцина санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына бұлшық етке 3 рет жүргізіледі.

Манту сынамасы – екпе емес!!!, бұл диагностикалық туберкулиндік сынақ, ол туберкулезге қарсы иммунитеттің немесе осы инфекцияның бар – жоғын анықтайды. Ол білектің ішкі бетіне тері ішіне енгізіледі. Құрамында 2 ТБ (туберкулиндік бірлік) болады. Туберкулин – туберкулез микобактериясының тіршілік әрекетінің өнімі. Манту сынамасының енгізілу орнында туберкулинге жергілікті қабыну реакциясы болып табылатын папула түзіледі. Осы папуланың диаметрін сынамадан кейін 72 сағат өткен соң, миллиметрмен бөлінген мөлдір сызғышпен өлшейді. Өлшеуді иық осіне қатысты көлденең жүргізеді. Тығыздалудың айналасындағы қызаруды өлшемейді, себебі ол туберкулинге аллергиямен байланысты. Егер папула болмаса, онда егілу орны немесе гиперемияның болуы мен оның өлшемі тіркеледі. Нәтижелерін бағалауға дейін сынама орнын сулауға, қасуға, лейкопластырмен жабыстыруға, бриллиант көгімен немесе сутек тотығын жағуға болмайды.

Манту сынамасы реакциясы саналады:

  1. теріс – папула мен гиперемия жоқ (0-1мм);
  2. күмәнді – егер папула размері 2-4 мм немесе папуласыз тек гиперемия;
  3. оң –папула диаметрі 5 мм және жоғары;
  4. гиперергиялық – балаларда папула диаметрі 15 мм және жоғары, жасөспірімдерде – 17 мм және жоғары.

Манту сынамасы реакциясының нәтижесі папула түрінде размері (миллиметр), егер папула болмаса гиперемия размері – профилактикалық егу картасына (ф 063/у), баланың даму тарихына ф112/у, баланың медициналық картасына (ф № 026/у) тіркеледі

Манту сынамасы жасауға тұрақты қарсы көрсеткіштер:

Манту сынамасы екпе емес, тек диагностикалық сынама болғанына қарамастан оны жүргізуге қарсы көрсеткіштер бар.

  1. Тері аурулары, өршу кезіндегі созылмалы инфекциялық және соматикалық аурулар. Барлық клиникалық симптомдар жоғалғаннан 2 айдан кейін Манту сынамасына рұқсат беріледі;
  2. Аллергиялық жағдай, жіті және жітілеу фазалардағы ревматизм, бронх демікпесі, өршу кезеңінде айқын тері көріністерімен идиосинкразия. Барлық клиникалық симптомдар жоғалғаннан кейін 2 айдан кейін Манту сынамасына рұқсат беріледі.

Манту сынамасына жасауға қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін дәрігер немесе мейірбике медициналық құжатты қарап шығуы керек, сонымен қатар, сынама жүргізілетін адамға сұрастыру және қарау жүргізу керек.

Манту сынамасы балалар аурулары бойынша карантині бар балалар мекемесінде жүргізілмейді (карантин алынғаннан соң жүргізіледі).

Сонымен қатар егуге байланысты келесі материалдары қарай кетіңіз:

  1. Егу кабинеті. Жұмысын ұйымдастыру
  2. Егуге қарсы көрсеткіштер, асқынулары

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!