Мақала
Акушерия ж/е Гинекология

Жүктілікті көтере алмау. Емдеу жолдары

Жүктілікті көтере алмау. Емдеу жолдары

Жүктілікті көтере алмау. Емдеу жолдары

Әртүрлі авторлар бойынша жүктілікті көтере алмаушылық жиілігі әр елде 10%  — 30% түзеді. Қазақстан Республикасында уақытынан бұрын босанудың жиілігі  7-10% құрайды. Түсіктердің жалпы жиілігі 40 жастан жоғары әйелдерде шамамен  75% түзеді. 80% жағдайда өздігінен түсік 12 аптаға дейін болады, мұның 70% хромосома ақауының нәтижесі болып табылады.

Жүктілікті көтере алмаушылық — ұрықтанудан бастап 37 аптаға дейінгі аралықта жүктіліктің өздігінен үзілуі.

  • Түсік –22 аптаға дейін жүктіліктің үзілуі, ұрық салмағы 500гр Жасанды—дәрілік заттармен немесе инструментальді жолмен шақырылған түсік.
  • Өздігінен түсік —табиғи себептерден туындаған түсік
  • Криминальді (ауруханадан тыс, заңсыз) аборт —заңды құқығы жоқ адаммен, медициналық мекемеден тыс жерде жүргізілген  түсік
  • Медициналық түсік —12 аптаға дейін медициналық мекемеде әйел қалауы бойынша жүктінің ауруларына байланысты жүргізілген түсік.
  • Ерте түсік —Жүктіліктің 16 аптасына дейінгі түсік.
  • Дамымаған түсік —Эмбрион өліп, бірақ жатырдан шықпаған түсік.
  • Үйреншікті түсік —3 және одан көп  болған өздігінен түсік
  • Кеш түсік —Жүктіліктің 16-22 апта мерзіміндегі түсік.

Жүктіліктің үзілуіне әкелетін факторлар:

  1. Аналық
  2. Плацентарлы
  3. Ұрықтық
  4. Орта факторлары

Себептері:

  • Белгілі себептер 50-60% жағдайда
  • Белгісіз себептер 40-50%

БДҰ (ВОЗ) жүктілікті көтере алмаушылықтың себебінің 6 тобын ажыратады:

  • Инфекционды
  • Эндокринді
  • Генетикалық
  • Анатомиялық
  • Иммунды
  • Идиопатиялық
жүктілікті көтере алмаушылық
Жүктілікті көтере алмау

Жүктіліктің І үштігіндегі себептер:

  1. Гормональді қызметтің жетіспеушілігі
  2. Гиперандрогения
  3. Гипотиреоз, гипертиреоз
  4. Жатыр даму ақаулары
  5. Иммунологиялық бұзылыстар

ІІ үштіктегі себептер:

ІІІ үштіктегі себептер

  • Жүктілік асқынулары
  • Экстрагенитальді аурулар
  • Урогенитальді инфекция

Аналық факторы:

  • Жасы  (< 18 жас   > 30 жас)
  • истмико-цервикальді жетіспеушілік
  • Жатыр даму ақаулары
  • ЭГА
  • Инфекционды аурулар (грипп, ВГ)

Ұрықтық факторы 

  • Тума ақаулар
  • Гестация асқынуы
  • Гестоз
  • Резус-конфликт
  • Плацентаның жолда жатуы
  • ҚОПУБА
  • Ұрық дұрыс орналаспауы
  • Көп ұрық, су көптік

Жүктілікті көтере алмаушылық (ұрық салмағы 500 — 1000 грамм).

Негізгі себебі:

  • ИЦЖ
  • Инфекция
  • Жыныс жолдарында инфекция
  • Ұрықтың өкпесі жетілмеген, алдын алу тиімсіз
  • Ұрық үшін нәтиже қолайсыз

28-33 апта (ұрық салмағы 1000-1800 грамм).

  • 30% алғаш босанушылар
  • Алдын алу эффектілеу (2-3 тәулік)
  • Жүктілікті созу мүмкін және күту тактикасы жүргізіледі
  • Ұрық үшін нәтиже қолайлы

34-37 аптада (ұрық салмағы 1900 — 2500 грамм).

  • Инфекция ролі аз
  • Алғаш босанушылар 50%
  • Ұрық өкпесі жетілген
  • Көбінесе күту тактикасы жүргізіледі
  • УББ диагностикасы әйел шағымына негізделген.
  • Қосымша тексеру әдісіне УДЗ жатады

УББ жүргізу

  1. Токолиз жүргізу
  2. Босану процессінің дамуына мүмкіндік жасау
  3. Күту тактика және жүктілікті созу

Токолизге көрсеткіштер

  • Жүктілік мерзімі 37 аптадан төмен
  • Жатыр мойын ашылуы 3см-ге дейін.
  • Ұрық дисстресінің болмауы
  • Амнионит, преэклампсия, қан кетудің болмауы

Латентті фазада 22-34аптада

  • РДС алдын алуы
  • Токолиз
  • Эритромицин 0,25 — 4 рет күніне босануға дейін
  • 3-деңгейге ауыстыру 32 аптаға дейін
  • 32 аптадан жоғары 2 деңгейге ауыстыру

Активті фазада 22-34 аптада

  • Ампициллин 2г к/т 4 рет босануға дейін
  • Неонатологты шақыру
  • Босандыру

Латентті фазада 34-37 аптада

  • Токолиз транспортировкаға
  • Эритромицин 0,25 — 4 рет күніне босануға дейін
  • 2 деңгейге ауыстыру

Активті фазада 34-37 аптада

  • Ампициллин 2г к/т 4 рет босануға дейін
  • Неонатологты шақыру
  • Босандыру
  • Босанғаннан кейін инфекцияның белгісі болмаса антибактериалды ем жүргізілмейді

РДС алдын алу жүргізіледі 24-34 аптаға дейін

  • Дексаметазон б/е  6мг дозада  12 сағат сайын /24мг 48 сағ аралығында/ немесе бетаметазон 12мг б/е 24сағат сайын /24мг 48 сағ арасында/
  • 22-23 аптада әсері болмайды
  • Кайталау қажет емес

Токолиз

  • Нифедипин 10мг тіл астына 15 минут кейін 10мг қайталау.Содан кейін 10мг 3-8 сағат сайын 48 сағат ішінде. Мах-160мг күніне.
  • Босану қызметі басылғаннан кейін токолиз қажет емес.
  • Көтере алмаушылықта   бета-миметиктер.

Амнионит белгілері

  • Температура  37,8°С
  • Лейкоцитоз  15 мың.
  • Тахикардия   100 соқ/мин-нан  көп
  • Қынаптан бөліністер
  • Жатыр ауырсынуы
  • Тахикардия  ұрықта 170 соққы/мин көп

Кесар тілігіне көрсеткіш

  • Ұрық гипоксиясы
  • Жамбаспен келу ұрыққа қауіп төнсе

Басталған жүктілікті көтере алмаушылық кезіндегі кесар тілігіне көрсеткіш

  • Дұрыс орналаспауы ұрықтың
  • Ұрық жағдайының нашарлауы
  • Жатыр жыртылуы қаупі
  • Қағанақ суы кеткенде толғақ қоздыру нәтижесіз болса

 

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.