БЦЖ егуден соң болатын асқынулар

БЦЖ егуден соң болатын асқынулар

БЦЖ дан кейін асқыну тақырыбын бастамас бұрын, алдымен БЦЖ вакцинасциясы жайлы жалпы тақырыпты оқып алыңыз.

Асқынуларға жататындар:

  • Тері асты суық абсцесі;
  • Беткейлік жара;
  • Перифериялық лимфа бездерінің лимфадениті;
  • Келлоидты тыртықтар;
  • Остит.

БЦЖ егу және қайта егуден соң асқыну жергілікті сипатта болып келеді де, олар сирек кездеседі (0,02%-ке жуық).

Асқынуларға жататындар: тері асты суық абсцесі,диаметрі 10 мм-ден үлкен теріге жіберілген БЦЖ егу орнындағы жара инфильтрациясы, абсцесс түзу және кальцинация кезеңінде бездердің 1,5 см-ге дейін және одан көп үлғаюы кезіндегі перифериялық лимфа бездерінің лимфадениті (қолтық, мойын, бұғана үсті, бұғана асты бездері), келлоидты тыртықтар.

Тері асты суық абцесстері. Жергілікті температуралық реакциясы болмайтын абсцесстің пайда болуымен сипатталады. Суық абсцесстің дамуы БЦЖ вакцинасын егу техникасы бұзылып және оның тері астына кетуіне, сол сияқты егілетін заттың сапалығына және оның мөлшеріне байланысты. Ол ісік тәрізді, пальпация жасағанда ауырмайды, ортасында флюктуация анықталады, кейбір жағдайда қолтық лимфа бездері ұлғаяды, егуден кейін 1-8 ай ішінде пайда болуы мүмкін.

2-3 ай ішінде өздігінен жайылып кетуі немесе флюктуация пайда болып жұмсаруы мүмкін, кейбір жағдайда иіссіз ірің ағатын өзек пайда болуы мүмкін. Суық абсцесс орнында терең жара қалады. Жазалған кезде орнында жұлдызша тәрізді тыртық түзіледі.

Емі. Ішке 2-4 ай аралағында изониазид (5 мг/кг) тағайындалады.

Жергілікті – рифампицин (0,45 г) мен 10-20%-ті димексид ертіндісінің апликациясы жасалады.

Флюктуация пайда болған жағдайда әр 2-3 күн сайын шприцпен казеозды затты шприцпен сорып, суық абсцесс аймағына стрептомицин (15 мг/кг) ерітіндісін жібереді. Суық абсцесс орнындағы жараны изониазид ұнтағын себу жолымен емдеген жөн. Егер суық абсцесс 2-3 ай ішінде жергілікті емдеуге бағынбаса, сыртқы қабығымен хирургиялық жолмен сылынып тасталады. Хирургиялық емнен кейін химиотерапия изониазид дәрісімен 1 ай аралығында жалғастырылады.

Беткейлік жара. БЦЖ вакцинасын енгізген жердегі тері және теріасты-май клетсаткасының дефектісі. Жараның пайда болуы көп жағдайда егілетін заттың жоғары реактогендігіне немесе мөлшерін көп енгізуге байланысты болады. Беткейлік жараның диаметрі 10-30 мм болады. Беткейлік жара ревакцинациядан кейін 3-4 аптадан кейін пайда болады. Ол терінің жоғарғы қабатының беткейлік жарақаттануымен сипатталады.

Жараны емдеу үшін изониазид ұнтағын, ал екіншілік инфекцияның алдын алу үшін жара айналасына бактерияға қарсы майлар жағады.

Поствакцинальды лимфадениттер – бұл БЦЖ вакцинасын енгізген жердегі регионарлық лимфа бездердің, жиі қолтық, кейде бұғана үсті және асты, сирегірек мойын, жақасты, иекасты ұлғаюы байқалады. Бірнеше лимфа бездердің бірден зақымдалуы мүмкін.

Поствакцинальды лимфадениттер көбінесе бірінші рет егілген балаларда білініп, баланың 2-3 айлық жасында қалыпты жергілікті реакция болғанда, кейде тері асты суық абсцессімен бірге пайда болады. Қайта егілгендер арасында поствакциналық лимфаденит егу орнында өте сирек кездесіп, әдңтте суық абсцесспен қосарланады.

Регионарлық лимфа бездерінің инфильтрация, абсцесстену және кальцинация кезеңіндегі 1,5 см және одан көпке ұлғаю асқыну болып саналады.

Вакцинадан кейінгі лимфаденитке ешқандай белгілерсіз басталу тән. Поствакциналық лимфадениттердің клиникалық белгілерінің білінуі, нәрестеде табылған процесстің кезеңдеріне (инфильтрация, абсцесс, кальцинация) байланысты әр қилы болады. Кейбір жағдайда флюктуация, кейде иіссіз ірің ағатын өзек пайда болады.

Егер поствакцинальды лимфаденит ұзақ уақытқа созылса, балада интоксикация симптомдары пайда болуы мүмкін (субфебриалді температура, микрополиадения, тәбеттің төмендеуі, салмақтың қосылмауы, гипохромды анемия, бауырдың 1-2 см-ге ұлғаю т.б.).

Интоксикация симптомдары жиі кальцинация кезеңіндегі поствакцинальды лимфадениті бар балаларда кездеседі. Кальцинаттар әдетте кездейсоқ кеуде клеткасын рентгенологиялық тексеру кезінде табылады.

Туберкулин сынамалары оң нәтижелі болады.

Интоксикация белгілері поствакциналық лимфадениті бар балаларда кальцинация кезеңінде жиі байқалады. Кальцинаттар кездейсоқ табылады. Туберкулин реакциясының виражы, туберкулиндік интоксикация туберкулинге сезімталдық күшеюі немесе «салқын тиіп» ауру жиілеу жөнінде рентгенологиялық тексеру кезінде вакцинані егу орны перифериялық бездеріндегі кальцинаттарға көңіл аударған жөн. Кальцинаттардың өлшеміне және интоксикация белгілеріне қарай емдеу тактикасы әр түрлі болуы керек. Интоксикация белгілері болмаған және кальцинат 1 см-ден кіші болған жағдайда емдеу қажет емес. Кейде олар өздігінен жойылып кетеді.

1 см-ден үлкен кальцинаттар және интоксикация белгілері болған жағдайда хирургия жолымен емдеу /безді алып тастау/ және арнайы химиотерапия қолдану керек.

Поствакцинальды лимфадениттердің емі

Инфильтрация кезеңі (ем емхана немесе санаторий жағдайында жүргізіледі):

Ішке – изониазид (Н – 5 мг/кг)

Жергілікті – аппликациялар: рифампицин (0,45г) + 10% немесе 20%-ті димексид ертіндісі (10мл немесе 20мл препарат + 90мл немесе 80мл дистиллирленген су) тәулігіне 2 рет 1 ай аралығында. Лимфа бездерінің ұлғаюға тенденциясы байқалған жағадайда этамбутол (Е – 15 мг/кг) + витамин А тағайындауға болады, емнің ұзақтығы – 2 – 4 ай (жекелей, динамикасына байланысты)

Казеозды–некрозды кезең (ем емхана, санаторий немесе стационар жағдайында жүргізіледі):

  • Алғашқы 2 ай – ішке изониазид (Н – 5 мг/кг), этамбутол (Е – 15 мг/кг) + витамин А (1 жылға дейін – 1 капля майлы ертіндісінің 1 тамшысын күнара, 1–7 жас – күнделікті) ересек жастағы балаларға – аевит мөлшері жасына байланысты.
  • Жергілікті – лимфа безінің ішіндегі затын пункциясы арқылы аспирация жасап стрептомицин (15 мг/кг) + сирепар 0,1–0,3 мл енгізеді (лимфа безінің көлеміне байланысты) аптасына 1–2 рет, курсы 3-6 инъекция динамикасына байланысты.

Жағымды динамика болғанда ем бір дәрімен (Н), баяу динамика кезінде – екі дәрі (Н+Е) тағайындалады.

Хирургиялық ем қатаң көрсеткіш бойынша қолданылады: бір ай аралығында динамика болмаған жағдайда немесе лимфа безі 5 см-ге дейін және одан көпке ұлғайғанда. Бұл кезде хирургиялық жолмен абсцессті жару немесе лимфа безін алып тастау күнделікті жергілікті 10 немесе 20%-ті димексид ертіндісімен рифампицин апликациясымен қосар жүргізіледі.

Емнің жалпы ұзақтығы 3–4 ай. Хирургиялық емнен кейін бір ай аралағында химиотерапия бір изониазидпен + жергілікті 10-20%-ті димексид ертіндісімен рифампицин апликациясымен жалғасады.

БЦЖ кейінгі асқынулар

Келлоидты тыртықтар. Егуден кейін реакция орнында дәнекер тканінен тұратын ісік тәрізді, тері бетінде дөңестеніп тұратын ақшыл сары түсті өте тығыз, диаметрі 10 мм жыне одан асатын түзілім.

Олардың кез келген тері жарақаттануы орнында пайда болатын келлоидты тыртықтардан клиникалық айырмашылықтары жоқ (фурункул, шешек, операциядан және күйген орын тыртықтары т.б.).

Олар қайта егілген препубертат жасындағы қызбалалар және аллергиялық қайта құрылу қарсаңындағы жасөспірімдерде немесе енгізу жерінен жоғарғы (иық буынына қарай) егіп тыртықты киімнің тітіркенуіне байланысты пайда болады.

Әдетте поствакциналық келлоидтың өсуге деген тенденциясы болмайды. Кейбір жағдайларда олардың баяу өсуі басталуы мүмкін, ол тыртық аймағында шаншып ауру, қышу немесе ашу, келлоид айналасында күлгін сақина, ал оның қабатында тамыр торлары байқалатын өзгенрістермен қосарланып жүреді.

Көлемі 1 см-ден асатын ірі келлоидты тыртықтар негізінен өсуге бейім болып келеді, сондықтан олар асқынуларға жатқызылған. Диаметрі 1 см-ден кіші келлоидты тыртық келлоидтар емдеуге жатпайды.

Емдеуге негізінен ірі келлоидтар жатады, оларды 0,5% гидрокортизон эмульсиясы ертіндісіне 0,5% новокаин еріндісін қосып инемен шаншиды. Шаншуды аптасына 1 рет туберкулин инесімен келлоидтың ең қалың жеріне 5-6 жасайды. Шприцке 1 мл-ден гидрокортизон эмульсиясын және новокаин алады (келлоид бетін алдын ала спиртпен және йодпен сүртеді). Емдеу курсы 5-10 шаншудан тұрады. Гидрокортизон эмульсиясымен шаншуды лидазамен шаншуды алмастырып қолдануға болады (12 жастан үлкен балаларға 64 бірлік, 7-11 жастағыларға 32 бірлік). Келлоидты тыныштық кезеңінде емдеген тиімдірек.

Келлоидтарды хирургиялық жолмен емдеуге болмайды, өйткені ол 1-3 айдан асқынып, 2-3 есе үлкен өлшемдегі келлоид түзеді. Келлоид түзуден сақтану үшін қайта егуден соң медициналық қарсылық заңдылықтарына сүйене отырып қайта егуді иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне жасау керектігін қатаң есте сақтау керек.

Асқынудың сипаты және өлшемі туралы деректер №63, 26, 112 есептік формаларда тіркеледі. Егер асқыну себебі егу қағидаларын бұзу салдарынан болған болса, оларды жою шараларын қолданады.

Асқынулар болған балалар, емдеу-профилактикалық орындарға, туберкулезге қарсы диспансерге жіберіледі.

Ұқсас материалдарды да оқи кетіңіз:

  1. Туберкулезді анықтау
  2. Туберкулиндік диагностика
  3. Флюорографиялық тексеру
  4. Туберкулезді бактериоскопиялық жолмен анықтау
  5. Туберкулезді алдын алу. БЦЖ вакцинациясы
  6. Егуге қарсы көрсеткіштер, асқынулары
  7. ҚР қолданылатын вакциналық препараттар. Егу күнтізбесі

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!