Жүргізушілердің жолда ұйықтауы неден?

Жүргізушілердің жолда ұйықтап кетуі неден? Құтылу жолдары

Психологтардың айтуы бойынша, көлік жүргізушілер жолды объективті 4 тен 100 мың км жүрген соң бағалайтындығын айтады. Егер жүргізуші стажы 3-4 жылдан асса, ал жүрілген жолы — 100 мың., болса, профессионализмның жоғары деңгейі сақтық шараларын ұмыттырады. Жазғы уақытта көптеген адамдар ұзақ жолға аттанады және жолда ұйықтап кету қауіпі жоғары. Әртүрлі мемлекеттер статистикасына байланысты, жол жүріп келе жатып, рольде ұйықтап кету жол апатының 5% құрайды. Ал 15% – 35% дейін жол апаты жүргізушінің шаршауымен, концентрация мен көңілдің жеткіліксіздігінен болады.

Көлік айдап отырып ұйықтаудың себептері: 

  • Ұзақ жол жүру, әсіресе үйреншікті трассада;
  • Жақсы, тегіс жолда жол жүру;
  • Жақсы ауа – райы жағдайы немесе ұйықтаудың кешкі кезеңі;
  • Бос жол (көліктің жолда аз болуы);
  • Өзінің келе жатқан жолынан шығып кеткен кезде арнайы жол бетінің шу және рольде вибрация тудыратын қабатының болмауы;

Бірақ, ең басты қауіп факторы  — жүргізушінің шаршауы мен дұрыс ұйықтап алмауы. Егер жүргізуші 15 сағат және одан жоғары ұйықтамаса, жол апатының жиілігі 4 есе жоғарылайды, ал егер 20 сағат ұйықтамаса  —  30 есе жоғарылайды.

жолда ұйықтап кету

Мидың жұмыс жасамай ұйқыға кетуінің бес көрсеткіші:

  1. Көз жыпылықтауы кезеңін байқайсыз. Бұл —  ең айқын және дәл критерий. Ақырғы рет қашан осындай жағдай болғанын есіңізге түсіріп көріңізші? Себебі қалыпты жағдайда адам өзінің бұл жағдайын сезбейді. Өте тез болатындықтан, көңіл аудармайды. Бірақ, ол айқын бола бастаған кезде шынайы ұйқыға кетуге дайындық екенін көрсетеді, онда тез  көлікті тоқтату қажет.
  2. Көздің алдауы. Бұл кезде жүргізуші өз алдында анық не көріп тұрғанын білмейді. Фигура ма, қақпа ма,көлеңке ме … Алыстан заттар бір зат болып көрінеді, ал жақындаған кезде мүлде басқа зат болып шығады немесе мүлдем жоғалып кетеді. Бұл шекаралық жағдай: көз әлі ашық, бірақ ми келіп түскен ақпаратты толықтай қамти алмайды – ми ұйқыға кетуінің көрінісі. Тағы бірер минуттан соң, адам есі өшеді, яғни ұйқыға кетеді.
  3. Көру затты фокусирлеп үлгермейді. Мен жолда келе жатып, басқа заттарға қарап, қайтадан жолға қараймын. Қандай километраж болды? Қайтадан: басқа заттарға қарау, қайтадан жолға қарау. Қалыпты жағдайда, көру барлық алаңды қамтып үлгереді және барлығын жақсы көреді. Бірақ, ұйықтап бара жатқан кезде көру шыны сияқты бола бастайды, көру белгілі жағдайларға үйрене алмайды және бір қарау арқылы барлығын қамтып үлгермейді.
  4. Миды жұмыс жасатуға еріну. 18 санын 3 санына көбейтіп көріңіз. Қалыпты жағдайда бұл проблема емес. Ал ұйықтап бара жатқан адам үшін ол қиындау … оған ол қажет те емес. Сол себептен сөйлесу де жалықтырады. Себебі, ол үшін миды жұмыс жасату, сөздерді сақтау, сөйлесу қажет. Сондықтан, сөйлесу миға күш түсіреді, біріншіден: сөйлеп отырған адам ұйықтамайды; екіншіден: егер салонда тыныштық болса, бәрі ұйқыға кететіндігі. Бұл кезде тоқтап, тынығу қажет. Әңгімелесу бос сөзбен емес, қажетті, қызықты әңгімеден басталуы қажет ақша мәселесі, политика және тағы басқа. Сондықтан жолға шығарда жақсы әңгімемен шығамыз.
  5. Ұсақ бұзылыстар. Екі – үш рет белгілі фарды қосуды ұмытып кеттім? Ұйықтау қажет. Ақырғы болған жол көрсеткішін есіңізге түсіре алмайсыз ба? Ұйықтау қажет.

Жүргізушіні ұйықтауға тексеру. Мынадай сұрақ қоюдың, пайдасы жоқ: «Бәрі жақсы ма?». Жауап әрқашан бірдей болады: «Жақсымын». Оның орнына жүргізушіні ойландыратын сұрақтар қою қажет. Мысалы: «Қазір қай жерде келе жатырмыз? Өтіп кеткен қандай ауыл?», немесе  «Жол жүруге әлі қанша қалды …», одан да қиынырақ сұрақты қоюға болады: «Ортақ досыңызды айтып, оның туған күніне не сыйлық берсем болады, қалай ойлайсың?». Егер жүргізуші қайтарған жауаптар адекватты емес немесе бір сарында болса, рольді ауыстыру қажеттігі. Тіптен, жүргізушімен қызу дебат құрып, белгілі сұрақты шешуге талпыну қажет, бұл кезде ұйықтап кету мүмкін емесБасты ереже: ми бірден өшпейді, баяу өшеді. Компьютер сияқты алдымен 100%, кейін 50%, одан кейін 25%, сосын өшеді. 100% дан 50% ауысу деңгейін анықтап, сананың бұлыңғырланып, ұйқының келгеніне тексеріп тұру қажет. Жалғыз жол жүрген кезде мұқият болу қажет, жоғарыда айтылған жағдайға дейін жетпеу, ал ұйқы келуінің бір көрінісі болса, тоқтап ұйықтап алу қажет. Бірге жол жүретін адам болуы үлкен плюс, бір – біріңізді бақылап, үнемі әңгімелесу үшін қажет, ал егер әңгіме тоқтаса, бірден ұйықтап алу қажет.

Өз өміріңіз өзіңіздің қолыңызда.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Велосипед тебудің адам ағзасына пайдасы
  2. Болашақты болжаулышлар сізді қалай алдайды?
  3. Қалай ұйықтаған денсаулыққа пайдалы?
  4. Күннен қорғайтын көзілдірік пайдасы. Дұрыс таңдау

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!