Ноциоцептивті жүйе

Орталық жүйке жүйесінің ноциоцептивті жүйесі

Спецификалық ауырсыну рецепторлары (ноцицепторлар) невртің соңғы, еркін бөліктері,  олар өз кезегінде А-дельта және С талшықтармен импульсті беру және қабылдау қызметін атқарады. Ауырсыну рецепторлары ауру медиаторларының тікелей әсерінен қоза алады. Ноцицепторлар сонымен қатар механосезімтал және  полимодальды бола алады. Ауырсыну невртің соңғы бос тармағы ораналсқан ағзаларда жылдам пайда болады. Мысалы қасаң қабық, дабыл жарғағы, тіс пульпасы және т.б.

Ауру жайлы ақпарат адам денесінен жиналып, ОЖЖ және бас миының кейбір неврстеріне сенсорлы талшықтармен жетеді, мысалы үшкіл нерв, ал ішкі ағзалардан кезбе нерв арқылы.

аурудың берілу механизімі
Аурудың бұлшықеттен және рецептордан жұлынға берілуі

Ауырсыну рецепциясының орталық аппаратына

  • таламус ядролары
  • гипоталамус,
  • реткикулярлы формация,
  • мидың орталық сұр заты
  • және бас миының үлкен жартышарлары (соматосенсорлы зонасы) жатады.
орталық жүйке жүйесі
аурсынудың шеттен орталық жүйке жүйесіне жетуі

Ауырсынудың орталық аппараты

Таламуста арнайы «ауырсыну ядролары» бар екені іс жүзінде ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Олар вентропостеролатералды ядролар (VPL),  тек шектен тыс арнайы тітіркендіргіштерге ғана жауап беретіні анықталған.

  • Сонымен, І нейрон – ми-жұлындық түйінде орналасқан,
  • ІІ нейрон – жұлынның артқы мүйіздерінде;
  • ІІІ нейрон – көру түйінінде, ол өз кезегінде ішкі капсула артқы аяқасы арқылы орталық иілімге жетеді. Бұл жерде алғашқы соматосенсорлы зона орналасқан.

Ауырсыну сезімін жеткізетін медиаторлар

Ноцицептивті жүйегі әртүрлі химиялық заттар жатады, нақтырақ айтсақ медиаторлар және модуляторлар, олар өз алдына ауырсыну сезімінің туындауына маңызды қызмет атқарады.

Бұл субстанция Р, кинини (брадикинин, калидин, энтеротоксин), гистамин, серотонин, простагландин E6, нейротензин, соматостатин, тіндік метаболиттер, калий ионы, сутегі, қабыну қалдықтары және т.б.

Бұл заттар перифериялық және орталық ноцицептивтік құрылымдарда жеткілікті мөлшерде болады. Сонымен қатар кейбір шаққыш жәндіктердің уында осы медиаторлар болады, мысалы ара, жылан, сарышаян уында кинин болатыны белгілі.

Ауырсынудың жіктелуі

І. Клиникалық сипаттамасына байланысты ауырсыну  (субъективті сезіміне) өткір, тұйық, жергілікті немесе диффузды, шымшу тәрізді, қызу және тағы басқа нұсқалары болады.

ІІ. Ауырсынудың уақытына байланысты жедел және созылмалы болып жіктеледі. Жедел ауырсыну ауруды шақырған стимуляторларды жойғанда тоқтайды, созылмалы – ұзақ уақытқа, науқасқа әсер көрсетеді.

ІІІ. Ағза үшін физиологиялық немесе патологиялық ауру түрлері кездеседі. Физиологиялық аурысыну қорғаныштық қызмет атқарады. Ол ағзадағы зақымдалуды, қорғаныштық рекацияларды белсендіру мақсатында зақымдалған ағзаны анықтауда маңызды қызмет атқарады. Патологиялық аурысыну сигналдық қызмет атқармайды. Ол белгілі бір бөлім, ағза, тіндердің нақты зақымдалуы кезінде қызметінің бұзылуы кезінде байқалып отырады.

ІV. Пайда болу механизіміне байланысты соматикалық және висцеральды ауырсынуды ажыратады. Соматикалық ауырсынуды беткей және терең деп те жіктейді.

Неврологиядағы ауырсыну синдромы

Жалпы алып қарағанда, неврология пәнінде ауысрыну синдромы, күрделі сұрақтардың бірі. Оны түсіндіру үшін бірнеше теориялар бар.

1. Интенсивтілік теориясы

Бұл теория бойынша, ағзада арнайы ауруды қабылдаушы рецепторлар жоқ, ауырсыну тек сезімталдықтың төменгі деңгейіндегі механо- және терморецепторларды стимулдеу кезінде оның қаншалықты интенсивті болуына байланысты дейді.

Егер фактор төменгі немесе орта интенсивтілікпен әсер етсе, онда тактильді немесе температуралық сезім пайда болады, егер интенсивтілік жоғары болса – ауырсыну сезімі туындайды деп түсіндіреді.

2. Импульстардың таралу теориясы

Бұл теория бойынша, ауырсынуды жүйке импульстарының ерекше таралулары шақырады, ол өз кезегінде әдеттегі зақымдалмаған импульстардан яғни сезімталдық импульстарымен салыстырғанда ерекше келеді.

Осы теорияда «қақпа теориясы» ұсынған Мелза, Уолл ұсыныстарымен тең. Мұнда  жұлынның желатинозды субстанциясында (substantиa gelatиnoza, SG). ауырсыну сезімі пайда болады деген ой қабылданған

SG нейрондары пресинапстық тежелу жүргізіп, жұлынынң артқы мүйізіндегі нейрондардың импульс берілу қабілетін тежейді. Егер SG нейрондары қозған күйде болса, пресинапстық тежелу байқалып– «қақпа жабық» болып қалады. Ал егер SG нейрондарының өзі тежелген болса, онда тежелу басылып – «қақпа ашылады»

3. Сфералық теория.

Арнайы ауырсыну үшін жауап беретін рецепторлар – ноциоцепторлар бар екенін алға таратады. Олар тек интенсивті тітіркендіргіштерге ғана жауап беріп, адам ағзасындағы ауырсынуды адекватты сезінуге көмектеседі деген теория. Қазіргі кезде кең қолдау тапқан осы теория.

ауырсынудың берілуі
Ауырсынудың арнайы әдіспен берілуі

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Неврологиялық науқастардың негізгі реабилитациясы
  2. Неврологиядағы терең сезімталдықты тексеру
  3. Неврологиялық науқастарды тексеру әдістері
  4. Неврология ғылымы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!