Безгек ауруы

Безгек ауруы

Безгек- Plasmodium тұқымдасындағы қарапайымдылармен шақырылатын, трансмиссивті механизмен берілетін адам организмінде эритроциттерді зақымдап, клиникасында ұстама тәрізді қызбамен, гепатоспленомегалиямен, анемиямен өтетін антропонозды инфекция.

Этиологиясы: қоздырғышы- Plasmodium тұқымдасының, Spоrоzоa класының қарапайымдылары. Адамда плазмедийлардың 4 түрі ауруды тудырады:

  1. P.vivae- 3 күндік безгектің қоздырғышы
  2. P.falciparum- тропикалық безгектің қоздырғышы
  3. P.malariae- 4 күндік безгектің қоздырғышы
  4. P.elale- овале безгектің қоздырғышы

Плазмодийлардың биологиялық циклі 2 түрде өтеді:

  • спорогония (жыныстық циклы) Anopheles тұқымдас масалардың организмінде өтеді.
  • щизогония (жыныссыз цикл) адам организмінде

Масалар ауру адамды немесе тасымалдаушыларды шаққан кезде қанмен бірге маса организміне еркек және ұрғашы гематоциттер енеді. Спорогония 1 – 1-5 ай ішінде өтіп, спорозиттер қалыптасуымен аяқталады. Адам организміне спорозиттер инфекцияланған масаның сілекейімен де (шаққан кезде)  щизогония 2 кезеңмен өтеді:

  1. бауыр клеткаларында – тінді шизогония
  2. эритроциттерде – эритроцитарлы щизогония

Тінді щизогония  ұзақтығы:

  1. P.vivae- 6 тәулік
  2. P.falciparum- 8 тәулік
  3. P.malariae- 15 тәулік
  4. P.elale- 8 тәулік

Эритроцитарлы щизогония  ұзақтығы:

P.vivae- 48; P.falciparum- ; P.malariae- ; P.elale- ;

Эпидемиология: Инфекция көзі: ауру адам, тасымалдаушы және Anopheles тұқымдас масалары.

Инфекцияландыру уақыты:

  • тропикалық безгекте – 1 жылға дейін
  • 3 күндік және овале безгекте 1-2 жыл
  • 4 күндік безгекте – көп жылдар (10 жылдан аса)

Тарау механизмі трансмиссивті. Таратушысы: Anopheles тұқымдасының масалары. Тарау жолдары – трансмиссивті (гемотрансфузиялық) сирек:

  • трансплацентарлы
  • босанған кезде

Ауыратындар: эндемиялық ошақтарда көбінесе 2-5 жастағы балалар ауырады. Қабылдау мүмкіншілігі- жоғары. Иммунитет: тұрақты емес, түріне байланысты өте баяу түрде қалыптасады.

безгек масасы
Безгектің масса арқылы таралуы

Патогенезі: Тінде шизогония безгектің барлық түрлерінде инкубациялық мерзімге сәйкес өтеді. Безгектің барлық клиникалық көріністері эритроцитарлы щизогонияға байланысты: инкубациялық мерзім аяғында эритроциттердің ішіне тінді меразоиттар  енеді.

  • эритроцитарлы шизогония басталады

Оның ұзақтығы:

  • 3 күндік 48 сағат
  • тропикалық – 48 сағат
  • овале безгекте – 48 сағат
  • 4 күндік безгекте – 72 сағат.

Нәтижесінде безгек пароксизмі пайда болады. Безгек пароксизмі бұл эритроцитарлы щизогония нәтижесінде пайда болатын пирогенді заттарының патогенезі әсеріне сенсибилизденген организмнің спецификалық емес жауапты реакциясы. Әр ұстама кезінде:

  • қанға биологиялық белсенді заттар шығады
  • тамырлардың өткізгіштігі жоғарылайды
  • қан сұйықтығы тінге шығып, ісіндіреді
  • трембтар пайда болады

Анемия пайда болуындағы жағдайлар:

  • паразитемияның деңгейі
  • зақымдалған эритроциттердің саны
  • аутоиммунды өзгерістер (гемолиз, әсіресе тропикалық безгекте)

Клиникасы: Безгектің 4 түрі бар:

  1. 3 күндік
  2. 4 күндік
  3. тропикалық
  4. овале безгегі

Безгек циклді түрде өтеді:

  • продромальды кезең
  • қыба кезеңі
  • 2-лік латентті кезең
  • ерте рецидивтер кезеңі
  • кеш рецидивтер кезеңі

Ауырлығы бойынша безгек:

  • жеңіл
  • орташа ауырлықта
  • ауыр түрде өтеді

Инкубациялық кезең:

  • 3 күндік безгекте 10-11 күн
  • овале безгекте 11-16 күн
  • 4 күндік безгекте 21-24 күн
  • тропикалық безгекте 9-16 күн

Продромальды кезең ұзақтығы 2-4 күн

  • бас ауруы
  • артралгия, миалгия
  • әлсіздік

Қызба кезеңі ұзақтығы 3-5 күн.

  • жоғары температура
  • әлсіздік, бас ауруы
  • миалгия, артралгия
  • бел ауырсынуы
  • гепатоспленомегалия

Безгек пароксизм кезеңі ұзақтығы 6-12 сағат

Қызбалы ұстама 3 кезеңнен өтеді:

  • қышу
  • ыстықтау
  • терлеу кезеңі

Жалпы белгілері:

  • бас ауруы
  • гепатоспленомегалия
  • жоғары температура 39-40С
  • бас айналу, құсу
  • галлюцинация, қалтырау
  • тахикардия

2-лік латентті кезең

  • субфебрильді температура
  • вегетативті бұзылыстар

Ерте рецидивтер кезеңі 2 апта немесе 3 айдан кейін пайда болады.

  • бас ауруы
  • миалгия
  • қызба болмайды
  • гепатоспленомегалия

Кеш рецидивтер 6 айдан кейін пайда болады. Клиникалық белгілер болады, кейде ауыр өтеді.

Безгектің әртүрлі түрлерінің клиникалық ерекшеліктері:

Тропикалық безгек:

  • ұстамалар көбінесе түске дейін басталады
  • қалтырау кезеңі қысқалау және бәсеңдеу өтеді
  • қызу кезеңі (температура 39-40С) 10-12 сағ-қа дейін
  • терлеу кезеңі – шылқылдаған тер баспайды

3 күндік безгек:

  • ұстамалар түстен кейін (14-15 сағ) туады
  • қатты қалтырау 15 минуттан 2-3 сағ-қа дейін
  • терлеу кезеңі 15 минуттан 2-3 сағатқа дейін өтіп, қатты тер шығумен сипатталады.

Овале-безгек:

  • ұстамалар көбінесе кешкілі уақытта немесе түнда басталады
  • қатты қалтырау 15 минуттан 2-3 сағатқа дейін болады
  • қызу кезеңі 2-6 сағат
  • генерализденген термен аяқталады

4 күндік безгек:

  • ұстамалар көбінесе түскі уақытта болады

Асқынулар:

  • церебральды безгек
  • гемоглобулинді қызба
  • инфекция-токсикалық шок

Диф.диагностика:

  • клиникалық көріністермен
  • эпидемиологиялық мәліметтермен
  • лабораторлы тексерумен

Лабораторлы әдістер:

  • қанның микроскопиялық тексеруі (жуан тамшы, жағынды)
  • серологиялық әдіс (ИФА, РНИФ)

Емі:

Этиотропты:

  • патогенетикалық
  • симптоматикалық
  • рецидивтерге қарсы

Этиотропты емді гемато….тропты препараттардан бастайды (хинин, артемицин, хлоронил, прогуанил, фансидар)

Аурудың соңы:

  • сауығу
  • резидуальды өзгерістер қалыптасу
  • өлім (көбінесе тропикалық безгекте)

Диспансеризация: безгекпен ауырып болғандар және эндемиялық ошақтардан келген адамдарға 3 ай бойы диспансерлік бақылау жүргізіледі.

Алдын алу:

1.Безгекті шеттен енгізуге қарсы шаралар

  1. Аурулар мен паразит тасымалдаушыларды уақытында айқындап емдеу
  2. Химиопрофилактика және этиотропты препараттар:

– безгек ұстамасының тоқтауына

– тасымалдаушылық қалыптасуына қарсы

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Аденовирусты инфекция
  2. Тағамдық токсикоинфекциялар
  3. Инфекциялық токсикалық шок. Жедел көмек

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!