Наркоз үшін қолданылатын препараттар тізімі, әсер ету мехнанизім, олардың ерекшеліктері
Бұл топтың заттары хирургиялық наркоз шақырады. Бұл көрініс cана сезімнің тоқтауымен, сезімталдық және рефлекторлық реакциялардың басылуымен, қаңқа бұлшық еттері тонусының төмендеуімен жүретін ОЖЖ-нің қайтымды тежелуімен сипатталады. Анестезиологияда қабылданған мұндай анықтамалар жалпы ағзаға қолданылатын наркоздың тек сыртқы көріністерін ғана қамтиды.
Наркозға арналған заттардың барлық негізгі әсерлерінің дамуы олардың ОЖЖ-де нейронаралық берілуді тежеуінен байланысты. Бұл кезде афферентті импульстерден берілудің бұзылуы, қыртыс-қыртысасты байланыстардың, аралық мидың, орта мидың, жұлынның және т.б. қызметтері өзгереді. Синаптикалық берілулердің бұзылуына байланысты пайда болған ОЖЖ – нің функционалды дезинтеграциясы наркоздың дамуын шақырады.
Наркозға арналған заттардың әсерлеріндегі таңдамалылығының жоқтығы олардың химиялық құрылысының күрделелігі түрлі нейрондарға бірдей тежегіш әсер көрсететіндігін нұсқайды. Нейрондардың мембраналарымен олардың липидтер және белоктармен, сондай – ақ мембранаы жауып тұратын су молекуласымен арнайы емес физико-химикалық байланысқа түсетіні жайлы жорамалдар айтылды. Бұл мембрананың қызметінің бұзылуына және оның ультраструктурасының қайтымды өзгеруіне әкеледі. Наркозға арналған заттардың постсинаптикалық нейрондардың мембранасымен байланыстарының бірі деполяризация үрдісінің, сондай-ақ импульстың нейронаралық берілуінің бұзылуына әкелетін иондық өзекшелер өткізгіштігінің өзгеруін шақырады.
Наркозға арналған заттардың нейрондар мембранасымен және олардың компоненттерімен байланысуын игеру кезінде наркоздың биофизикалық теориялары ұсынылды. Дегенмен, олардың бәрі универсалды емес, өйткені тек шектелген бірқатар қосылыстарға бағытталған. Сонымен қатар аталған теориялар моделді тәжірибелерге негізделген, сондықтан алынған мәліметтер жалпы ағзаның жағдайына қолдануға келмейді.
Наркозға арналған заттардың ОЖЖ-сі нейрондарының зат алмасу үрдістерін тежейтін биохимиялық теориялары да ұсынылған. Шынымен-ақ бірқатар препараттар ми тіндерінің оттегін қажет етуін төмендетеді. Бірақ бұл қасиет барлық наркозға арналған заттарға тән емес. Сонымен қатар нейрондардың биохимизміндегі өзгерістер оның себептері емес, наркоздың салдары болуы мүмкін.
ОЖЖ-нің әр түрлі деңгейінің синаптикалық шоғырларының және морфофункционалды жиналулурдың наркозға арналған заттардың әсеріне сезімталдығы әр қалай. Наркозға арналған заттардың әсерлеріндегі белгілі кезеңдердің болуы осыған байланысты.
Келесі кезеңдерді бөледі:
I – анальгезия кезеңі;
II – қозу кезеңі;
III – хирургиялық наркоз кезеңі;
1 – ші деңгей (III; 1) – беткейлік наркоз;
2– ші деңгей (III; 2) – жеңіл наркоз;
3 –ші деңгей (III; 3) – терең наркоз;
4 – ші деңгей (III; 4) – өте терең наркоз;
IV – агония кезеңі.
Наркозға арналған заттарды практикада қолдануына байланысты келесі топтарға бөледі:
I. Ингаляциялық наркозға арналған заттар:
- Сұйык ұшқыш заттар
- Фторотан Энфлуран
- Изофлуран Наркозга арналған эфир
- Газ тәрізді затгар
- Азоттың шала тотығы
II. Ингаляциялык емес наркозға арналған заттар:
- Пропанидин, Гексенал
- Пропофол, Натрий оксибутираты
- Натрий тиопенталы, Кетамин
Наркозга арналған заттарга белгілі талаптар койылады. Сонымен оларды колданғанда наркоз жылдам басталуы керек жэне мүмкіндігінше-козу кезеңісіз. Операцияға кажетті жағдай туғызатын наркоз жетерліктей-терең болуы керек. Наркозга арналган заттарды колдануда наркоздың тереңдігінің жақсы басқарылуы маңызды керсеткіш болып саналады. Наркоздан шығу кезеңі жылдам жүруі тиіс және салдары болмауы керек. Бұл наркоздан кейінгі кезеңді жеңілдетеді.
Наркозға арналган заттардың негізгі сипаттамасының бірі болып наркотикалық кеңдігі саналады – Ьұл препараттың наркоз шақыратын концентрациясы мен оның сопақша мидың өмірге қажетті орталыктардың тежеуін шакыратын минималды уытты концентрациясының арасындағы диапазоны. Ингаляциялық наркозға арналған заттардың наркотикалық кендігі – ол тыныс алатын ауадағы заттың концентрациясы, ал ингаляциялық емес наркозға арналға заттардың наркотикалық кенді- ол заттың енгізілген мөлшеріндегі концентрациясы. Әрине, заттың наркотикалық кеңдігі қаншалықты үлкен болса, препарат соншалыкты қауіпсіз. Жанама эсерлері болмауы ксрек немесе мүлде аз болуы керек.
Наркозға арналған заттарды қолданғанда олар техникалық қауіпсіз болуы керек. Қойылатын талаптардың бірі препараттардың өрт жағьнан қауіпсіздігі: олар жанбауы және атылмауы тиіс. Қазіргі таңда бұл көп көңіл бөлетін жай, өйткені операциялық бөлмеде көптеген түрлі аппаратуралар болады, олардың сәл істен шығуы жанғыш наркозға арналған заттардың өртсінуінің себептері болуы мүмкін. Жаңа препараттарды медициналық практикаға енгізерде оның бағасын да ескерген жөн. Препараттың синтезі өндірістік шығаруда қол жетерлік болуы тиіс.
ИНГАЛЯЦИЯЛЫҚ НАРКОЗҒА АРНАЛҒАН ЗАТТАР
Ингаляциялық наркозда бу тәрізді күйге жылдам айналатын ұшкыш сұйықтарды (фторотан, наркозға арналган эфир), сондай-ақ газ тәрізді заттар (азоттың шала тотыгы, циклопропан) қолданылады. Әдетте тыныс алатын ауада қажетті концентрацияны беретін арнайы аппараттарды қолданады.
Ингаляциялық наркозға арналған заттармен тыныс алганда олар диффузия жолымен өкпеден қанга түседі. Препаратгың абсорбциясы оның тыныс алатын ауадағы концентрациясына, тыныстың көлемі мен жиілігіне, альвеолдардың, беті мен өткізгіштігіне, наркозға арналған заттардың канда еруіне және кіші қан айналымдағы қан ағудың жылдамдығына байланысты. Осының бәрі наркоздың даму жылдамдығын көрсететін препараггың кан мен тіндерде болатын концентрациясьтың өсуін анықтайды.
Иигаляциялық наркозға арналған заттардың бірталайы ағзада біркелкі тарайды. Кейбір айырмашылыкгар мүшелер мен тіндердің қанмен камтамасыз етілуі бірдей еместігіне байланысты. Бұл затгар негізінен өзгермеген түрде өкпе арқылы шығады. Элиминация жылдамдығы абсорбциядағы факторларға байланысты. Әсіресе газтірізді наркозға арналған заттар жылдам шығады.
СҰЙЫҚ ҰШҚЫШ ЗАТТАРМЕН НАРКОЗ
Бұл топқа фторотан, энфлуран, изофлуран, наркозға арналған эфир және басқа препараттар жатады.
Анестезиологияда кеңінен тараған препарат фторотан. Фторотан фторы бар алифатикалык косылыстарға жатады. Жоғары наркотикалык белсенділігімен (эфирден 3-4 есе) сипатталады. Наркоз қысқа қозу кезеңімен жылдам басталады (3-5 мин кейін). Фторотан наркозға енгізу 4 көлем% (тыныс алатын ауада) концентрациясында жүргізіледі. Наркозды колдап тұруға фторотанның 0,5-2,5 көлемді ингаляциясы жеткілікті. Фгоротанды наркоз жеңіл басқарылады. Препаратты тыныс жолдарынан алып тастағаннан кейін наукас 5-10 мин кейін оянады. Фторотанның наркотикалық кеңдігі айтарлықтай баршылық.
Наркоздың бұлшықеттерді барынша босаңсытуы қанағаттандырарлық. Фторотан деполяризацияға қарсы кураре тәрізді заттардың миопаралитикалы әсерін күшейтеді, бірақ эфирге қарағанда аз дәрежеде.
Құрамында фторы бар алифатикалық қосылыстарға сондықтан энфлуран, изофлуран, десфлуран жатады. Фторотанның әсеріне кезбе жуйкенің тонусының жоғарылауына байланысты брадикардия тән (атропинді енгізумен тоқтатады). Артериялық кысымды фторотан төмендетеді. Бұл тамыр козғалысының орталығы мен симпатикалық ганглийлердің, сондай-ақ тамырларға тікелей миотропты әсерлерді төмендетуіне байланысты.
Фторотанды қолданғанда жүрек аритмиясы дамуы мүмкін. Бұл фторотанның миокардқа тікелей әсерімен, сонымен катар адренорецепторлардың адреналинге сенсибилизациясымсн түсіндіріледі. Осыған байланысты фторотан наркозында адреналинді, норадреналинді, эфедринді енгізуге болмайды. Егер прсссорлык заттар кажет болса a-адреномиметиктерді (мезатон) енгізеді. Фторотан сілекей, бронхиалды және асқазан бездерінің секреторлык белсенділігін төмендетеді. Бауырдың қызметін фторотан, алынған мәліметтер бойынша баска наркозға арналган заттарға карағанда аз бұзады. Тітіркендіргіш әсері жок. Ацидоз шакырмайды. Наркоздан кейінгі ксзеңде лоқсу, кұсу сирек байқалады.
Агзада фторотанның айтарлықтай бөлігі (шамамен 20%) биотрансформацияға ұшырайды.
Фторотан эфирге карағанда өрт жағынан каұл фторотаннан айырмашылығы фармакокинетикасы және жанама әсерлері жағынан.
Құрамында фторы бар жаңа қосылыстарға-севофлуран жатады. Ол наркозды тез шақырады, әсерінің оңай басқарылуымен және наркоздың жылдам шығуымен сипатталады, жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарын тітіркендірмейді, ішкі мүшелердің қызметіне тсріс әсері шамалы. Жүрек-тамыр жүйесіне, мидың кан айналымына және тынысқа аз дәрежеде әсер етеді. Препарат химиялык тұракты, жағымды иісі бар, өрт жағынан кауіпті емес (өртенбсйді). Клиникалық және амбулаториялық практикаларда колданылады.
Наркозға арналған эфир химиялық құрылымы бойынша диэтил эфиріне жатады. Оның наркотикалық белсенділігі айқын, наркотикалық кеңдігі жеткілікті, уыттығы төмсн. Эфирлік нарюз жеңіл басқарылады, бірақ газ тәрізді наркозға арналған заттар мен фторотанға карағанда басқарылуы күрделірек.
Тыныс алатын ауадағы эфирдің концентрациясы наркозды беру әдістерімен наукастың сезімталдығына байланысты 2-4-тен 10-12 көлем %.
Эфирді қолданғанда наркоздың кезеңдері анық байкалады. Анальгези кезеңі ауыр сезімдерінің басылуымен сипатгалады. Бұл афферентті жолдарда қозудың нейронаралық берілуінің тежелуіне және бас миы қыртысының нсйрондарының бслсенділігінің томендеуіне байланысты болар. Бұл кезде сана-сезім сақталған, бірақ бағдар бұзылған. Амнезия тән.
Эфирлік наркозға ұзак қозу кезеңі (10-20 мин) тән. Бұл наркозға кіруді айтарлықтай қиындатады. Қозу кезеңі қыртыс асты құрылымдарының белсенділігінің жоғарылауымен түсіндіріледі. Бұл бас миы қыртысының тежелуімсн және орталықтарды бақылайтын субординациялық механизмдердің тоқтауына байланысты. Сана-сезім тоқтайды. Қозғалыс және сөздік козулар байқалады. Көз қарашықтары кеңейеді. Тыныс алу ереже бойынша жиілейді. Тахикардия байкалады. Артериялық қысым ауысып тұрады. Жүлындық рефлекстер жоғарылайды. Эфирдің тітіркендіргіш әсерінің салдарынан жөтел, бронхиалды және сілекей бездерінің гиперсекрециясы байқалады, ал эфирдің сілскеймен бірге асқазанға түсуінде кұсу пайда болады. Сондай-ақ тыныс алудың рефлекторлы және жүректің жиырылу ритмінің сиреулері, апноэ және жүректің тоқтауы болуы мүмкін. Бұл әсерлердің алдын азропинмен алады.
ГАЗ ТӘРІЗДІ ЗАТТАРМЕН НАРКОЗ
Бұл топқа азоттың шала тотығы, циклопропан, этилен жатады. Медициналык практикада кеңінен тараған бірінші препарат.
Азоттың шала тотығы қолданылатын концентрацияда операция кезінде жанама әсер көрсетпейді. Тітіркендіргіш әсері жоқ. Паренхиматозды мүшелерге теріс әсер көрсетпейді. Азоттың шала тотығының негізгі жетіспеушілігі – наркотикалык белсенділігінің төмендігі. Азот тыныс алатын ауада 94-95% болғанда ғана наркоз шақырады. Мұндай концентрацияны колдануға болмайды, өйткені гипоксия басталады. Осыған байланысты анестезиологияда әдетте азоттың шала тотығының 80% және оттегінің 20% қоспасы қолданылады. Бұл кезде анальгезия айқын болады. бірақ қажетті наркоз тереңдігі дамымайды және каңқа бұлшык еттерінің жеткілікті рслаксациясын шақырмайды. Әсері хирургиялык наркоз кезеңінің алғашқы деңгейіне ғана жетеді. Осыган орай NО2 басқа белсенді препараттармен жұптастырылады. Қаңқа бұлшықеттерінің қажетті релаксациясын алу үшін азоттың шала тотығын кураре тәрізді заттармен де жиі жұптастырады.
NО2 ингаляциясын тоқтату кейінгі әсетлерсіз жылдам оянуға әкеледі. Препарат өзгермеген күйінде өкпе арқылы шығарылады. Операциядан кейінгі кезеңде лоқсу және құсу жиі байқалады.
Азоттың шала тотығын ингаляциялық наркоз ретінде тек хирургиялық кірісулерде ғана емес, сондай-ақ миокард инфарктысында және басқа да күрделі ауру сезімдерімен жүретін жағдайларда да қолданылады. Мұндай жағдайларда препаратты бірнеше сағат қолданады. Дегенмен, мұнда азоттың шала тотығының ұзақ ингаляциясы лейкопеня, мегалобластикалық анемия және нейропатия шақыратын мүмкіндігін ескерген жөн.
ИНГАЛЯЦИЯЛЫҚ ЕМЕС НАРКОЗҒА АРНАЛҒАН ЗАТТАР
Ингаляциялык емес наркозға арналған заттар әдетте парентералды, сирек-энтералды колданылады. Оларды парентералды енгізу жолдарынан көп тарағаны – көк тамырға енгізу. Қолданылатын препараттардың көк тамырға енгізетіндердің ішінде, әсерлерінің ұзақтығы бойынша олар келесі топтарға бөлінеді:
әсері қысқа (наркозды көк тамырга енгізгенде әсерінің үзактығы 15мин дейін) – пропанидид, пропофол, кетамин;
әсерінің ұзақтығы орташа – (наркоздың ұзактығы 20-30 мин) - натрий тиопснталы, гексенал;
әсері ұзақ – (наркоздың ұзақтығы 60 мин және жоғары) – натрий оксибутираты.
Пропанидид майлы сұйық, басқа препараттар ұнтақ тәрізді заттар болып келеді. Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар ерітінді түрінде қолданылады.
Пропанидид (эпонтол,сомбревин) наркоздың қозу кезеңісіз өте жылдам басталуымен (30-40 сек кейін) өзгешеленеді. Хирургиялық наркоз кезеңі шамамен 3 мин созылады, кейінгі 2-3 мин кейін науқастың есі калыпты жағдайға келеді. Пропанидид “өте кысқа” әсерлі ингаляциялық емес наркозга арналған зат деп саналады. Пропанидидтің әсерінің қысқалығы оның қан плазмасының холинэстеразасымен жылдам гидролизге түсуіне байланысты. Наркоздан кейінгі ОЖЖ-нің тежелуі байқалмайды. Наркоз басталар алдында қысқа апноэмен жүретің гипервентиляция байқалуы мүмкін, бірақ хирургиялық наркоз кезеңінде тыныс калпына келеді. Аздаған тахикардия және гипотензия болуы мүмкін.
Препараттың әсерінің басында кейбір науқастардың бұлшыкеті тартылады. Пропанидид аздаған тітіркендіргіш әсер көрсетеді, ол әдетте гиперемиямен және көк тамырдың өне бойының ауыруымен жүреді. Тромбтардың пайда болуы мүмкін. Аллергиялык реакциялар да тыс қалмайды. Пропанидидті кіріспе наркозда және кысқа уақытты операцияларды жүргізу үшін қолданады. Әсіресе ол амбулаториялык практикада колайлы, өйткені 20-30 мин кейін психомоторлық кызмет толығымен калыпты жағдайға келеді.
Көктамырлык наркозда пропофол (рекофол) жиі қолданылады. Химиялық құрылымы бойынша ол 2,6-диизопропилфенолға жатады. Суда ерімейді, сондыкган оны эмульсия түрінде енгізеді. Препарат наркозға жылдам енуді (30-40 сек) қамтамасыз етеді, қозу кезеңі өте аз; қыска уақытты апноэ байқалуы мүмкін. Наркоздан шығу өте жылдам. Пропофолдың тіпті ұзақ дифузиясында да ұзактыгы мөлшеріне байланысты 3-тен 10 мин дейін жүреді. Наркотикалық кезең 10-15 мин аспайды. Бір инъекцияда әсер мөлшері 2-5 есе кем түрінде кейде өкпенің жасырын вентиляциясы кезінде, үдемелі емдеуде тыныштаңдырғыш зат ретінде осыған ұқсас жағдайларда қолданылады.
Препарат көк тамырға иньекция немесе инфузия түрінде енгізіледі. Кумуляцияланбайды. Құсуға қарсы белсенділігі бар. Пропофол қанның сары суында айтарлықтай дәрежеде белоктармен байланысады (98%). Бауырда және одан тыс метаболиз түседі. Метаболиттер бүйрек аркылы шығады.
Жанама әсерлерінен брадикардия, аздаған гипотензия, тыныс тежелуі, ми кан айналымының төмендеуі, кейде тырысулар дамиды, сондай-ақ аллергиялық реакциялар және енгізген жерінде тітіркендіргіш әсерлер байкалады.
Барбитур кышқылының туындылары натрий тиопенталы мен гексена ұзағырақ наркоз береді.
Натрий тиопенталы (пентотал-натрий) көктамырға енгізгенде 1 мин кейін қозу кезеңісіз наркоз шақырады. Наркоздың ұзактығы 20-30 мин. Әсерінің кысқалығы препараттың ағзада, атап айтқанда май тіндерінде көп мөлшерде жиналуына байланысты. Натрий тиопенталының ыдырауы бауырда жүреді.
Препаратты енгізгенде бүлшық еттерде тырысу тәрізді тартылулар байқалады. Кейбір науқастарда ларингоспазм дамиды. Натрий тиопенталын өте баяу енгізу керек, өйткені концентрацияның жылдам өсуі тыныс және тамыр козғалтқыш орталықтарға, сондай-ақ жүрекке тежегіш әсер керсетеді. Препаратты жылдам енгізу апноэ жоне коллапс шакыруы мүмкін. Натрий тиопенталына жергілікті тітіркендіргіш касиет тән. Оны кіріспе наркозда немесе қысқа операпиялық кірісулерде колданады.
Барбитур қышкылының туындысы гексеналдың (гексобарбитал-натрий, эвипан-натрий) фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы натрий тиопенталына ұксас. Дегенмен, гексеналдың жүрекке айқын тежегіш әсерін ескеру қажет. Сонымен қатар ол натрий тиопенталына караганда жиі тырысуларды шақырады. Қолдану көрсеткіштері натрий тиопенталына ұқсас.
Натрий оксибутираты ұзақ әсер керсетеді. ОЖЖ-де табылған өзіндік метаболиттің синтетикалық алмастырушысы болып табылады. Гематоэнцефалды тоскауылдан жаксы өтеді. Тыныштандырғыш, ұйықтаткыш, наркотикалық және гипоксияға қарсы әсерлер көрсетеді. Анальгетикалық әсері аз дәрежеде байкалады. Натрий оксибутиратын басқа да наркозга арналган заттармен және анальгетиктермен жұптастырғанда олардың уыттығына әсер етпей белсенділігін жоғарылатады. Қаңка бұлшықеттерінің айқын релаксациясын шақырады. Ми және жүрек тіндерінің гипоксияға тұрактылығын жоғарлатады. Натрий оксибутиратының наркотикалық белсенділігі шамалы ғана, сондықтан оны көп мөлшерде енгізіді. Қозу кезеңі әдетте болмайды. Бірақ жылдам инфузия кезінде козу және бұлшық еттердің тырысуы сияқты тартылуы байқалады. Хирургиялық наркоз кезеңі көк тамырға енгізгеннен кейін (препаратты баяу енгізеді) 30-40 мин соң басталады. Наркоздың ұзақтығы 1,5-3 сағ.
Натрий оксибутиратының уыттығы төмен. Наркотикалық мөлшерде кан айналымға және тынысқа теріс әсер көрсетпейді. Кұсу шақыруы мүмкін. Кейде гипокалиемия дамиды. Мөлшерден тыс енгізгенде тыныс орталығының тсжелуі байқалады.
Препарат негізінен кіріспе жәнс базисті наркоз үшін, босану кезіндегі ауыру сезімдерін басу үшін, мидың гипоксиялық ісінуінде, жөтелуге карсы зат ретінде, тыныштандырғыш және үйықгатқыш әсер алу үшін қолданылады.
Кетамин (кеталар, калипсол) – көк тамырға және бұлшық етке ерітінді түрінде қолданылатын ұнтақ тәрізді зат. Кетамин тек жалпы ауыру сезімін басады, сана-сезімнің жартылай жоғалуымен жүретін (нейролептанальгезия сияқты жағдай) жеңіл ұйықтатқыш әсер көрсетеді. Кетаминнің әсерінен хирургиялык наркоз дамымайды. Кетаминнің осы әсерін кейде “диссоциативті анестезия” деген терминмен белгілейді. Мұнда кетамин секілді заттар ОЖЖ-нің бір кұрылымдарын тежеп, басқаларына әсер етпейді, яғни олардың әсерінің белгілі бір диссоциациясы бар. Көк тамырға енгізгенде әсері 30-60 сек кейін басталады және 5-10 мин созылады, ал бұлшык етке енгізгенде 2-6 мин кейін және 15-30 мин созылады. Кетамин бауырда ыдырайды.
Қаңка бұлшықеттері кетаминнің әсерінен босаңсымайды; қол-аяқтың еріксіз қозғалыстары байқалады. Жұтқыншақ және көмейлік рефлекстер сақталады. Артериялық қысым жоғарлайды, пулъстің жиілігі ұлғаяды. Гиперсаливация байқалуы мүмкін. Көз іші қысымы шамалы кетеріледі.
Операциядан кейінгі кезеңде (әсіресе ересектерде) айқын, бірақ жағымсыз түстер кіреді, психомоторлык реакциялар, галлюцинациялар байқалады.
Кетаминді наркозга енгізу үшін, сол сияқты ауыру сезімімен жүретін кысқа манипуляцияларда (мысалы күйіктің бетін өңдеу үшін және т.б.) қолданады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Жалпы жансыздандыру (наркоз)
- Анестезиология ғылымы және наркоз даму тарихы
- Наркоз үшін қолданылатын препараттар
- Жергілікті анестезия
- Анестезиялаушы заттар (анестетиктер)