Ауырсыну синдромы

Ауырсыну синдромы – перифериялық жүйке жүйесі мен нерв талшықтарынан ноцицептивті сигналдардың өтуі бұзылғанда сондай-ақ жұлын мен бас миында ноцицептивті нейрондардың қозуымен байқалады. Бұл кезде ретсіз эктопиялық активтілік пайда болады.

Эктопиялық активтілік:

  • Пайда болу себебі: нерв талшықтарындағы Na каналының ұлғайып өзгеруі.
  • Орналасуы: дорсалді ганглилердің зақ. аксондарында, невромада, регенерацияланған нервтерде
  • Қызметі: берілген сигналды ұзартып, амплитудасын жоғарлатады
  • Нәтижесі: дорсалді ганглиде,нерв талшықтарында қиылысқан (перекрестный) қозуға әкеледі.

Ауырсыну патофизиологиясы

Қалыпты жағдайда перифериялық нервтердің аксондары мех.тітіркендіргіштерге әсер көрсетпейді. Егер де ноцицептивтік афференттер зақымдалса нервке тән емес жаңа нейропептидтер синтезделеді. Олар: Галанин, Холецистокинин, Нейропептидаза. Нервтің сәл созылуы, артер.пульсацияның өзі нерв талшығын активтендіру мүмкін.

Ноцицептивті нейрондардың шамадан қозуы:

  • Жұлын-миында дорсалді мүйізінде
  • Үлкен жарт.шарлардағы соматосенсорлы қыртысында
  • Таламус ядроларында жүреді.

Нәтижесінде: Жұлын, мида ноцицептивтердің жартылай өлуі

Синапстың өзегінде нейрокинин көп бөлінеді. Ол цитотоксикалық әсер көрсетеді. Соның нәтижесінде ағзадағы келесідей өзгерістер туындайды:

Шамадан тыс:

  • Жасуш.тыс К+
  • нейрондар деполяризациясы, қозуы

Жеткіліксіз болады:

  • Оплоид
  • глицин
  • ГАМҚ

Нәтижесінде: Нейрондар қозуы жоғарылап, ауырсыну синдромы күшейеді.

Ауырсыну себебі

Ауырсынуды емдеу

Ауырсыну синдромына патологиялық тәсілдеме:

  • антидепрессанттар
  • антиконвульсанттар
  • Жергілікті анестетиктер

Дәлелді медицина тұрғыдан антидепрессанттардың (үш циклды, серотонинды кері ұстайтын селективті ингибиторлар) анальгетикалық әсері бар екендігі дәлелденген. Оған арнайы рандомизирленген зерттеу әдісі таңдалған.

Механизмі: супраспинальді серотонин және норадреналинергиялы антиноцицептивтік жүйенің активтенуіне әкеледі. Сондай-ақ амитриптилин перифериялық нерв талшықтары мен нейрон мембранасында Na+ иондарын блоктап тастайды.

Қолдануы: эпилепсия, неврогенді ауырсыну синдромы.

Антиконвульсанттардың әсер етуі мех қарай 3 классқа жіктейміз:

Натрий каналын блоктайтын

  • Дифенин
  • Вальпроат натрий
  • карбамазепин

ГАМҚ синтездейтін

  • барбитурат
  • Оксибутират натрий
  • бензодиазепин

Қоздырушы аминқышқыл синт.тежеуші: ламотриджин

Қолдану: диабетикалық невропатия, үшкіл нервтің невралгиясы, орталық ауырсыну синдромы.

Жергілікті анестетиктер – лидокаин. Мех: Na+ блоктайды. Ол тек қана перифериялық жүйе бойынша ғана емес , сондай-ақ орталық жүйеге әсер ету қабілеті бар. Дәлелді медицина тұрғыдан  “плацебо-бақылау” зерттеуін жүргізген. Орталық ауырсынуы бар науқастарға көк тамырларына лидокаинді енгізген. Нәтижесінде ауырсыну сезімі басылған.  Қазіргі таңда жергілікті анестетиктерді гель , пластыр түрінде де қолданады. Терапияда өте тиімді.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!