Жатырдан тыс (эктопиялық) жүктілік (ЭЖ)
Алдымен жатырдан тыс жүктілік жайлы толық материалды оқып алыңыз
Жіктелуі:
Орналасуына байланысты:
1.Түтіктік – 98 %:
- ампулярлы;
- истимикалық;
- интерстициалды;
- фимбриалды;
2.Аналық безді-0,2%;
3.Жатыр мойындық-0,2%;
4.Іш перделік – 1,4 %;
Дамуына байланысты:
- Дамып жатқан (прогрессивті) эктопиялық жүктілік;
- Үзілген эктопиялық жүктілік:
Жатыр түтігінің жарылуы;
Түтіктік аборт бойынша.
Клиникалық симптомдары:
- Жүктілік мерзімі 6-10 апта;
- Ауру синдромы іштің төменгі жағының ауыруы, тік ішекке иррадиациялау;
- Жыныс жолдарынан әр түрлі қан кетулер;
- Іш пердесінің тітіркену симптомдарының оң болуы.
Зерттеу әдістері:
- Репродуктивті жастағы барлық әйелдердің ішінің төменгі жағы ауырып, етеккірдің болмауында, эктопиялық жүктілікке күмәндануға болады;
- Айнамен және қынаптық тексеру:
- Қынаптың артқы күмбезінің кернеп тұрғаны анықталады;
- Жатыр мойнының қозғанда ауру сезімі ұлғаяды;
- Жатыр қосалқыларының маңы ауыршаң болады және үлкен құрылым анықталады;
- Жатыр көлемі жүктіліктің мерзіміне сәйкес келмейді
3. В-ХГ қандағы мөлшерін анықтаймыз;
- В-ХГ төмен болуы;
- В-ХГ мөлшері әр 2 күн сайын 2 есе ұлғаймайды қалыпты жүктілік кезіндей.
4. Кіші жамбас қуысының УДЗ:
- Соңғы етеккірден 38 күн өткеннен кейін ұрықтың жатыр қуысында болмауы;
- Ұрықтанудан соң 24 күннен кейін жатыр қуысында болмауы;
5. Барлық күдікті жағдайларда – диагностикалық лапароскопия жасау;
6. Барлық күдікті жағдайларда ауруханаға, төсектік тәртіп сақтап жатқызу.
Емі: Күту тактикасы стационарда
- Барлық түтіктік Эктопиялық жүктілік клиникалық көрініске дейін дамымауы мүмкін;
- Жатырдан тыс эктопиялық жүктілік бар әйелдердің 25 % консервативті түрде жүргізіледі, олардың 70 % хирургиялық емдеусіз емделеді;
- Күту тактикасы кезінде әрдайым клиникалық симптомдарына, қандағы В-ХГ мөлшерін өлшеуге және апта сайынғы УДЗ мәліметтеріне сүйене жүргізіледі;
- Эктопиялық жүктілік кезіндегі күту тактикасының ең жақсы қорытындысы В-ХГ бақылаудың басында 2500 МЕ/л болғанда анықталады.
Үзілген Эктопиялық жүктілік кезіндегі хирургиялық ем:
- Лапоротомия;
- Сальпингэктомия – жатыр түтігінің ауқымды зақымдалуында, тоқтамай жатқан қан кету кезінде жасалады;
- Егер ұрық түтіктің истмикалық бөлігінде немесе жатырдың рудиментарлы мүйізінде орналасса, онда жатырдың қынап үстілік ампутациясы көрсетілген.
- Дамып жатқан ЭЖ кезіндегі хирургиялық ем:
- Мүшені сақтап қалу операция жүргізіледі: сальпинготомия немесе сальпингостомия жасалынады.
Жатырдан тыс түтікшелі жүктілік толықтай оқи кетіңіз.