Жүрек перкуссиясы. Жүрек пішінін анықтау

Жүрек перкуссиясы. Жүректің салыстырмалы және абсолюттік тұйықтығын, қан тамырлар шоғырының енін, жүректің пішінін анықтау

Жүрек перкуссиясының мақсаттары:

  • қарыншалар мен жүрекшелердің дилятациясы (кеңеюін) анықтауперкуссия арқылы оң, сол және жоғарғы шекаралары салыстырмалыжәне шынайы тұйықтықта анықталады;
  • қан тамырлар шоғырының кеңеюін анықтау – перкуссия арқылы көлденен ені анықталады;
  • жүрек пішінін анықтау

Жүрек перкуссиясын анықтаудағы іс-әрекеттерінің реттілігі

Жүрек шекарасын салыстырмалы тұйықта анықтау

оң шекараны анықтау.

  • жүректің орналасу деңгейін анықтайды – бұғана ортаңғы сызығы бойымен оң өкпенің төменгі шекарасын анықтау – көкеттің орналасу деңгейі;
  • анықталған қабырғаралықтан 1 қабырғаралық жоғары плессиметр- саусақ төске паралель қойылып орташа күшпен төске қарай жүргізіледі- ашық дыбыс тұйықталғанда шекара белгіленеді (ашық дыбыс жағынан).

а – қалыптыда төстің оң қырынан 1см тысқары

б – өзгерістері: ығысқан оңға, солға;

жүрек перкуссиясы
Жүректің оң жақ шекарасын анықтау

Сол шекараны анықтау. Жүрек ұшы түрткісі орналасқан қабырғаралықты пальпация арқылы табу. 2– анықталған қабырғаралық бойымен қолтық алдыңғы сызықтан бастап ішке қарай перкуссия жасау; ашық дыбыс тұйықталғанда шекараны ашық дыбыс жағынан белгілеу.

  • а – қалыптыда сол бұғана сызығынан 1-1,5 см ішке қарай
  • б – өзгерістері: ығысқан оңға, солға;
Жүрек перкуссиясы
Жүректің сол жақ шекарасын анықтау

жоғарғы шекарасын анықтау: төстің сол қырынан 1,0 см тысқары плессиметр саусақ анықталатын шекараға паралель қойылып 1 қ/а бастап төмен (қабырғаралықтар мен қабырғалар үстіменде) дыбыс тұйықталғанша перкуссия жасау

  • а- қалыптыда – 3 қабырғаның жоғарғы қыры;
  • б – өзгерістері: ығысқан жоғары;
Жүрек перкуссиясы
Жүректің жоғарғы шекарасын анықтау

Жүрек шекараларын абсолютті тұйықтығын анықтау

Оң шекараны анықтау. Салыстырмалы тұйықтықта анықталған оң шекара нүктесінен ішке қарай әлсіз перкуссия жасау – дыбыс айқын тұйықталғанда шекара белгіленеді.

  • а-қалыптыда – төстің сол қыры;
  • б – өзгерістері: ығысқан оңға;

Сол шекараны анықтау: Салыстырмалы тұйықтықта анықталған сол шекара нүктесінен ішке қарай әлсіз перкуссия жасау – дыбыс айқын тұйықталғанда шекара белгіленеді

  • қалыптыда – сол шекарадан 1-2 см ішке қарай;
  • өзгерістері: ығысқан оңға;

Жоғарғы шекарасын анықтау: Салыстырмалы тұйықтықта анықталған жоғарғы шекара нүктесінен ішке қарай әлсіз перкуссия жасау – дыбыс айқын тұйықталғанда шекара белгіленеді.

қалыптыда – 4 қабырғаның жоғарғы қыры; Қан тамырлар шоғырының көлденен енін анықтау – реттілігін сақтап жүргізу:

Оң және сол нүктелерін анықтау.

  1. оң жақта 2 қабырғаралыққа төс қырына плессиметр -саусақты паралель орналастыру;
  2. оң бұғана ортаңғы сызығынан бастап жәй немесе әлсіз соққымен төске бағыттап, тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жүргізу;
  3. сол жақта 2 қабырғаралыққа төс қырына плессиметр -саусақты паралель орналастыру;
  4. сол бұғана ортаңғы сызығынан бастап жәй немесе әлсіз соққымен төске бағыттап, тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жүргізу;
  5. екі нүкте арасын өлшеу;
  6. алған мәліметіне баға беру

а- қалыптыда оң және сол шекаралары төс қырынан шықпайды – ені 5-6см тең; б- өзгерісі: кеңеюі – оңға, солға;

Жүрек пішінін анықтау

салыстырмалы тұйықтықта қосымша шекараларын анықтау:

  • оң жақта – 3 қабырғаралықта
  • сол жақта – 2-3 қабырғаралықтарда
  1. оң жағынан 3 қабырғаралықта бұғана ортаңғы сызығынан төс қыры бағытында перкуссия тұйық дыбыс шыққанша жүргізіліп шекара белгіленеді;
  2. сол жағынан – 3, 4 бұғана ортаңғы сызығынан төс қыры бағытында перкуссия тұйық дыбыс шыққанша шыққанша жүргізіліп шекара белгіленеді;
  3. анықталға негізгі мен қосымша шекаралар нүктелері және қан тамырлар шоғыры енінің нүктелері бір –бірімен қосылады – жүрек пішіні айқындалады;

а– қалыптыда жүрек сол қыры бойында қан тамырлар шоғыры мен сол қарынша арасында доғалы бұрыш анықталады – бұл жүрек белі деп аталады;

б – пішінің өзгеріс түрлері:

  • митральды – жүрек белі білінбейді;
  • аортальды –жүрек белі айқын–жүректе мықын дамыған
Жүректің перкуссиясы
Жүрек пішінін шығару кезіндегі көрініс

Алған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:

«Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы оң жағы – IV-қабырға аралығында төс сүйектің оң жақ шетінен 2 см ығысқан; сол жағы-бұғана ортаңғы сызығынан қарай 1 см, жоғарғы шекарасы – ІІІ- қабырғаның үстінде төс сүйегінің сол жақ шетінде».

Ұқсас материалдарды оқи кетіңіз:

  1. Жүрек және қан тамырлар жүйесі ауруы бар науқастарды сұрастыру
  2. Жүрек қантамыр жүйе ауруларын қарап тексеру. Жүрек түрткісін анықтау
  3. Балалардағы жүректің жасқа сай ерекшелігі
  4. Жүрек перкуссиясы және аускультациясы
  5. Науқасты тексеру жоспары

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!