Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары, шулары

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары, шулары

Жүрек аускультациясының ережелері:

  • шусыз, тыныштық жағдайда
  • науқас жатқанда, тік тұрғанда, қажеттілігіне байланысты – жүктемеден кейін;
  • дерт түріне байланысты а) сол жанында (митральды қақпақша); б) еңкейтіп (аорта қақпақша).

Жүрек аускультациясы жасаудағы іс-әрекеттерінің реттілігі

Жүрек аускультациясы. Аускультация 5 тыңдау нүктесінде жүргізіледі:

Митральды қақпақшаны тыңдау:

  • жүрек ұшы түрткісін пальпация арқылы анықтау;
  • сол жерді тыңдау (қалыптыда 2 тонда тыңдалады, 1 -ші тон жақсы естіледі);

Аорта қақпақшасын тыңдау

  • төстің оң маңы ІІ қабырға аралықты табу;
  • осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі);

Өкпе бағанасы қақпақшасын тыңдау

  • төстің сол маңы ІІ қабырғаралықты табу;
  • осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі);

3-жармалы қақпақшасын тыңдау:

  • төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізін табу;
  • осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 1-ші тон жақсы естіледі);

Аорта қақпақшасын қайта тыңдау:

  • төстің сол қырына 3-4 қабырғалардың жанасқан жерін табу;
  • осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2 тон жақсы естіледі);
Жүрек аускультациясы
Жүректі тыңдау орындары

Жүректің І және ІІ тонын ажырату

  • І тон жүрек ұшында және 3-жармалы қақпақша нүктесінде жақсы есітіледі; ІІ тон жүрек негізінде жақсы есітіледі;
  • І тон төмен, ұзақ және үлкен үзілістен кейін тыңдалады;
  • ІІ тон биік, қысқа және кіші үзілістен кейін тыңдалады;
  • І тон ырғағы жүрек ұшы түрткісі мен ұйқы артериясының соғуына сәйкес келеді, ал ІІ тон ырғағы сәйкес келмейді;
  • І тон –систолалық, І тондиастолалық;
  • І тонның 4 құрастырушысы бар, ал ІІ тонда2 құрастырушы дыбыс.

Жүрек шулары

Қақпақша дерттіне байланысты пайда болған тон өзгерістері мен шулары өз тыңдау нүктелерінде жақсы есітіледі:

  • митральды қақпақша тыңдау нүктесінде жақсы есітіледі;
  • аорта қақпақша тыңдау нүктесінде жақсы есітіледі;

Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:

  • Жүрек тондары ретті, ырғақты.
  • Жүрек тондары бәсең, ретті, жүрек ұшында және негізінде тондар өзгермеген.
  • Жүрек тондары ретті, ырғақты; жүрек ұшында І тон күшейген. Өкпе артериясында ІІ тон күшейген және екі буынды.
  • Жүрек тондары ретімен, І тон жүрек ұшында бәсең, ІІ тон қолқада күшейтілген.

Әртүрлі патология кезіндегі жүректегі шуларды ажырату

Аорта стенозы кезінде:

Аускультация:

  • I тон сақталған немесе аздап әлсіреген (сол қарыншаның систоласының ұзаруы салдарынан)
  • Аортада II тон әлсіреген
  • Қарқынды қатаң систолалық шу эпицентрі Боткин нүктесінде немесе оң жақ II қ.а. естіледі. Ұйқы артериясына қарай барады.

Жақсы естіледі: горизонтальды қалыпты тыныс шығару кезінде. Шу қырылдаған, тырмалаған тәрізді естіледі, жұмсақ естілуі сирек.

ФКГ:

  • I және II тондардың әлсіреуі.
  • Систолалық шу 1 тоннан кейін аздаған интервалдан соң басталады да 2тонға жетпей бітеді.
  • Амплитудасы біртіндеп үдеп, қайтадан азаяды. Ромб тәрізді.

Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі кезіндегі аускультация:

Аускультация:

  • 1 тонның әлсіреуі
  • Жүрек ұшында III тон естіледі
  • Өкпе артериясы үстінде II тонның акценті және қосарлануы

Шу: систолалық шуыл жүрек ұшында жұмсақ, үрлемелі немесе қатаң, сазды әуенді реңкпен. Қолтық асты шұңқырына немесе жүрек негізіне дейін таралады Жақсы естіледі: тыныс шығару кезінде сол жақ қырында жатқанда

ФКГ:

  • I тонның амплитудасы төмендеген
  • III тонның пайда болған
  • I тонмен байланысқан систолалық шу тұрақты, айқын, кейде өкпе артериясы үстінде II тонның акценті

Митральды стеноз

Аускультация:

  • шертпелі I тон
  • МҚ-ның ашылу шертпесі
  • «бөдене ырғағы» (шертпелі I тон, II тон қалыпты, МҚ ашылу шертпесі)
  • Өкпе артериясында II тонның акценті және қосарлануы
  • Протодиастолалық (сирек жағдайда мезодиастолалық) және пресистолалық шуылдар

Жақсы естіледі: тыныс шығарғанда сол жақ қырында

ФКГ:  

  • жүрек ұшында-1 тонның үлкен амплитудасы және II тоннан кейін 0,08-012 сек соң ашылу шертпесі,
  • I тон интервалының 0,08-0,12 ұзаруы
  • Протодиастолалық және пресистолалық шулар
  • Өкпе артериясының үстінде II тонның қосарлануы және амплитудасының ұзаруы

Аорта кақшасының жеткіліксіздігі (мойын тамырларының пулъсациясы, Мюссе симптомы, Ландольф симптомы)

Аускультацияда:

  • жүрек ұшында I тон әлсіреген
  • Аортада II тон (ревматикалық ақауда әлсіреген) мерездік және атеросклероздық зақымдануда кейде күшейген тіпті металды реңкпен

Шу: жұмсақ, төгілмелі, үрлемелі протодиастолалық шуыл аорта үстінде, жүрек ұшына қарай таралады. Ревматикалық ақауда протодиастолалық  қатаң емес, Боткин нүктесінде жақсырақ естіледі.

Мерездік ақау – шу қатаңырақ, оң жақ 2 қабырға жақсы естіледі. Кейде диастолалық (пресистолалық) шу – Флинт шуы естіледі, сан артериясында 2 тон естіледі: траубенің қосарланған тоны және Виноградов-Дюрозье қосарланған шуылы.

Гипертрофиялық кардиомиопатия кезіндегі аускультация

Аускультацияда:

  • тондар әлсіреген, галоп ырғағы мүмкін
  • Жүрек ұшында систолалық шуыл жүректің сол жақ шетімен ІІІ-ІҮ қ.а.) Тұрған кезде күшейеді, жиі аритмия

ФКГ

  • обструктивті ГКМП-да ромб тәрізді систолалық шуыл төстің сол жақ шетімен және жүрек ұшы маңында, мойын тамырларына таралмайды.
  • Аортада II топ сақталған.

Артерияны басқанда:

  • Виноградов-Дюрозье қосарлан шуылы. Пульс жиі, әрі биік. АҚ – систолалық қысым жоғары, диастолалық
  • Үздіксіз тон феномені

ФКГ

  • жүрек ұшында I тон әлсіреген
  • Протодиастолалық шу

Митральды стеноз  + жеткіліксіздік

МС:

  • жүрек ұшында пресистолалық шу,
  • сол жүрекше, оң қарыншаның ұлғаюы.
  • Аздаған систолалық шу.

МЖ:

  • жүрек ұшында систолалық шу,
  • сол қарыншаның ұлғаюы.
  • Аздаған диастолалық шу.
  • Кеш систолалық шу
  • Қосымша тон (шертпе) систола ортасында

Өкпе артериясының стенозы

  • Сол жақ ІІ-ІІІ қ.а. систолалық шу бұғана аймағына таралады.
  • I тонның күшеюі.
  • II тон өкпе артериясында әлсіреген.

Жүрекше аралық перденің ақауы

  • 1 тон өзгеріссіз
  • 2 тон қосарланған
  • Өкпе артериясында систолалық шу
  • Біріншілік ЖАПА-да жүрек ұшында систолалық шу, МҚ және ҮҚ салыстырмалы жеткіліксіздігі

Қарыншааралық перденің ақауы

  • Систолалық шу қарқынды бүкіл жүрек маңында
  • «Мысық пырылы» симптомы
  • Оң жақ кеуде бөлігінде және арқаға таралады. Максимальды қарқындылық төстің сол жағында 4 қабырға аралығында

Үш жармалы қақпақша жеткіліксіздігі

Аускультацияда:

  • Семсер тәрізді өсінді негізінде систолалық шу, тыныс алу шыңында күшейеді. (Риверо –Корвальо симптомы)

ФКГ:

  • Семсер тәрізді өсінді маңында тұрақты айқын систолалық шуыл 1 тонмен байланысқан
  • Әткеншек симптомы эпигастриде уақыт бойынша оң жақ қарынша пульсациямен сәйкес келмейтін бауыр пульсациясы

Митральды қақпақша пролапсы

Аускультацияда: жекеленген мезадиастолалық немесе кеш систолалық шертпе немесе тек кеш систолалық шу. Систолалық шертпе немесе систолалық шуыл вертикальды қалыпты күшейеді, ал, горизонтальды қалыпта бәсеңдейді.

ФКГ:

  • кеш систолалық шу.
  • Кеш систолалалық шертпе вертикальды қалыпта  немесе физикалық жүктемеден кейін.

Дилятациялық кардиомиопатия

  • Тондар бәсең
  • Шоқырақ ырғағы
  • МҚ және ҮҚ-ның салыстырмалы жеткіліксіздігінің систолалық шуылы

ФКГ:

  • I тон амплитудасының төмендеуі, патологиялық III және ІҮ тон пайда болуы.
  • Семсер тәрізді өсінді ұшында систолалық шуыл

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Жүрек перкуссиясы. Жүрек пішінін анықтау
  2. Жүрек қантамыр жүйе ауруларын қарап тексеру. Жүрек түрткісін анықтау
  3. Жүрек және қан тамырлар жүйесі ауруы бар науқастарды сұрастыру
  4. Жүрек перкуссиясы және аускультациясы