Тыныс алу ағзаларын тексеру әдістері

Тыныс алу ағзалары ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері

Тыныс алу жүйесіндегі ауруы бар науқастар төмендегідей шағымдарды айтады:

Жөтел.

  • құрғақ немесе ылғалды (қақырықпен), қақырық болса, оның сипатын, мөлшерін анықтау.
  • мерзімділігі- тұрақты және оқтын-оқтын

Ентігу:

  • физиологиялық және патологиялық, пайда болу себептері;
  • ентігуідің түрлері (инспираторлы, экспираторлы және аралас), олардың пайда болу себептерін анықтау.

Кеуде қуысындағы ауру сезімі:

  • ауру сезімінің пайда болу себептерін анықтау (кеуде қуысының өзіндегі патологиялық үрдістеріне, сонымен қатар өкпе және плевра ауруларының дамуымен байланысты пайда болған ауру сезімі, рефлекторлы ауру сезімі)
  • ауру сезімінің орналасуын, оның тыныс алу кезеңімен, жөтелмен, науқастың қалпын өзгертуімен байланыстылығын анықтау.

Қан қақыру:

  • себептерін таба білу
  • өкпеден аққан қанды анықтай білу.

Арудың анамнезін жинаған кезде мынадай түпкі жағдайларды анықтау қажет:

  • ауру қашан басталды;
  • оның пайда болу себептері мен жағдайлары;
  • аурудың алғашқы сипаты.

Өмір тарихында анықталатын маңызды жағдайлар:

  • еңбек және тұрмыс жағдайлары;
  • бұрын тыныс алу ағзаларының қандай ауруларымен ауырған
  • тұқым қуалаушылық бейімділік;
  • зиянды әдеттер (темекі шегу, арақ ішу, т.б.)
  • аллергиялық анамнезді анықтау.

Науқасты жалпы қарап тексеру:

  • науқастың жалпы жағдайы;
  • науқастың төсектегі қалпы;
  • тері жамылғысы түсінің өзгеруі (бозарған, көгістенген, бетінің қызаруы, ұшық бөртпелері);
  • өкпесінің созылмалы дерті бар науқастың саусақтарының «барабан таяқшалары», тырнақтарының «сағат әйнегі» тәріздес болуы;
  • ішінің үлкеюі және ісінудің пайда болуы.

Жергілікті қарап тексеру:

  • беті: терісінің түсі, оның өзгерістері.
  • мұрыны – пішінінің өзгеруі, тыныс алу сипаты – ауызымен немесе мұрнымен, еркін немесе қиналып тыныс алу, мұрын қалқанының қисаюы.
  • көмекей (сұрау әдісімен тексеру), дауысының сипаты: қарлығып қалу, дауысы шықпай сыбырлап қалу.

Кеуде қуысының қарап тексеру: пішіні , тыныс қозғалысының симметриялығы, тыныс түрі:

Кеуде қуысы пішінін бағалау кезінде келесі белгілерге мән беру керек:

  • көлденең және алдынғы – артқы өлшемінің ара-қатынасын;
  • эпигастральды (құрсақ үсті) бұрышының мөлшеріне;
  • қабырға бағытына және қабырға аралық кеңістіктің еніне, сонымен қатар бұғаналар мен жауырындардың орналасуына.

Кеуде қуысының тыныс қозғалысын әуелі тыныштық жағдайда, содан кейін терең тыныс алған кезде (науқас тік тұрған жағдайда) анықтайды. Кеуде қуысының екі бөлігінің де симметриялы қозғалысына көңіл аудару қажет (тыныс актісінде ауру жағы қалып отырады).

Тыныс жиілігін анықтау (тыныс жиілігі минутына 16-20 рет). Тыныс қозғалысының жиілігін минутына санау арқылы жүргізеді.

Адам өкпесі

Кеуде қуысына пальпация жасау

  • серпімділігін анықтау
  • дауыс дірілін анықтау – қалыпты жағдайда дауыс пен ауа тербелістері тыныс алу жолдары бойынша тарап, кеуде беткейінің екі жағына діріл ретінде беріліп қолға сезіледі

Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі.

Науқас тыныс шығаруының нашарлауына, кілегейлі қақырықты жөтелге, әлсіздікке шағым жасайды. Қарап тексергенде: терісі және еріндерінің кілегей қабаты сәл көгістенген. Науқас мәжбүр қалыпта – ортопноэ. Тыныс жиілігі минутына-24 рет. Тыныс беткейлі, ырғақты. Кеуде қуысының пішіні эмфизиматозды, екі бөлігі де тыныс алуға бірдей қатысады. Пальпация жасағанда кеуде қуысы иілгіштігінің төмендеуі және симметриялық бөліктерінде дауыс дірілінің әлсіздігі анықталады.

Тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру

Жалпы қарау. Науқасты жалпы қарап тексеруде: науқастың жалпы жағдайы (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі).

Терісі мен оның қосалқылары, кілегей қабаттары (түсі, құрғақтығы, ылғалдылығы, тырнақтары мен саусақтар өзгерісі, лимфа түйіндерін қарау).

Мұрыны – пішінінің (қанқасының қисаюы) өзгеруі, мұрын желбіршектерінің тынысқа қатысуы; тыныс алу сипаты- ауызымен немесе мұрнымен, еркін немесе қиналып тыныс алу.

Кеуде қуысын қарау

Кеуде қуысын қарау пішіні, тынысқа екі бөлігінің бірдей қатысуы; көмекші бұлшықеттердің тынысқа қатысуы; Тыныс жиілігін санау.

Кеуде қуысына пальпация жасау – кеуденің иілімділігі, дауыс дірілін анықтау.

Өкпе перкуссиясы – салыстырмалы, топографиялық.

Өкпе аускультациясы – негізгі және қосымша тыныс шуларын анықтау.

Тексеру нәтижесінде жиналған мәліметтерді қалыпты көрсеткіштермен салыстыру, өзгерген көрсеткіштерді дұрыс түсініп бағалау

Кеуденің екі бөлігінің тынысқа қатысуын жүргізу.

Науқасқа терең тыныс алдырып, жауырындар қозғалысы арқылы және күшейген тыныс көмекші бұлшық еттерінің (қабырғаралық бұлшық еттерінің) тынысқа қатысуымен бағаланады. Кеуденің екі бөлігі тынысқа бірдей қатысады; бір жағы қалыс қалады.

көмекші бұлшық еттерінің (қабырғаралық бұлшық еттерінің) тынысқа қатысуы

Кеуде пішінін анықтауды келесі көрсеткіштер арқылы жүргізді:

  • кеуде ұзындығы, көлденең және алдыңғы – артқы өлшемдерінің қатынастары салыстырылады;
  • бұғана асты және үсті шұңқырларының айқындығы бағаланды;
  • жауырындардың кеудегі жанасу деңгейі бағаланды;
  • қабырғалар орналасуы түрі (көлденең, қиғаш, жатыңқы) мен қабырға аралықтар алшақтығы (қалыпты, кеңейген, кішірейген) бағаланды;
  • эпигастральды бұрыш көлемін анықталды – алақандар қабырға доғасы үстіне симметриялық аймақтарға жалпағынан қойылды, үлкен саусақтар қабырға доғаларының түйіскен жері – қырларына орналасып бұрыш анықталады – тік = 90˚, доғалы – ›90˚; үшкір ‹90˚;
  • төс тұтқасы мен денесінің жанасқан жері – айқындылығы бағаланды;

Кеуде қалыпты түрлері – (нормостениялық, астениялық, гиперстениялық).

Тыныс алу жүйесі дерттерінің ақырғы кезеңдерінде кеуде пішіні өзгереді – эмфизематозды – бөшке тәрізді:

  • кеуденің төменгі бөлігі кеңейген;
  • эпигастрий бұрышы -доғалы-90˚›;
  • қабырғалар жатыңқы орналасқан, қабырғаралықтар ашылған;
  • бұғана үсті шұңқырларының
  • жазық немесе томпиып тұр;
  • жауырындар кеудеге толық жанасқан

Тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарға кеуде қуысы пальпациясын жасаудағы іс-әрекеттер реттілігі

Дауыс дірілін анықтау

Дауыс дірілін кеуденің артқы беткейінен анықтау. Қадамдар реттілігі:

1 – өкпе ұшында:

  • дәрігер саусақтары мен алақандарын бұғана үстіңгі шұңқырлары мен жауырын қылқалары үстіне қояды;
  • науқасқа «Р» әрпі бар сөздерді жуан дауыспен айтуды сұрайды;

2 – жауырын аралықта:

  • науқасқа қолдарын алдына айқастырып өзін құшақтап тұруын сұрау – жауырын арасы ашылады;
  • саусақтар мен алақандар жауырын қырына паралель орналастырып науқасқа «Р» әрпі бар сөздерді жуан дауыспен айтуды сұрайды;

3 – кеуденің төменгі бөлігінде:

  • науқасқа қолдарын түсіруін сұрау;
  • саусақтар мен алақандар жауырын астына орналасады: үлкен саусақ пен сұқ саусақ арасында жауырын ұшы, ал қалған 4 саусақ пен алақан жауырын асты және бүйірін қамтиды;
  • бірте-бірте (1-2 қ/а) төмен түсіп науқасқа «Р» әрпі бар сөздерді жуан дауыспен айтқызып анықтайды;

Дауыс дірілін кеуденің артқы беткейінен анықтау – дауыс дірілі қалыпты; күшейген, әлсіреген; анықталмайды.

Кеуде серпінділігін анықтау

Кеуде серпінділігін анықтауды реттілігі

  • дәрігер науқастың төсіне бір алақанын қояды;
  • екінші алақанын науқастың жауырын аралығына қояды;
  • алақан негізідерімен 1-2 рет шапшаң қысады;
  • дәрігер алақандарын кеуденің екі бүйіріне орналастырып жанынан шапшаң қысады;
  • мәліметті бағалайды.

Кеуде серпінділігі – иілімділігі сақталған; төмендеген – қатайған.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Өкпе аускультациясы
  2. Өкпе перкуссиясы. Салыстырмалы және топографиялық перкуссия
  3. Науқасты тексеру жоспары
  4. Тыныс алу жүйесін зерттеу әдістері

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!