Өрмекшілер (Araneі)
Жалпы өрмекшілердің 27 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 19 тұқымдас, 400-дей түрі кездеседі. Өрмекшілерді оқытатын білім арахнология деп аталады. Бұлардың денесі бас – кеуде және бунақталмаған құрсақ бөлімінен тұрады. Осы екі бөлімі сабақшамен байланысқан. Хелицераларының ұшы қозғалмалы тырнақ тәрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы безінің тесігі орналасқан. Бездерден бөлінетін сөлімен қорегін өлтіреді. 4 жұп аяқтары қозғалу қызметін атқарады. Құрсақтың соңғы сегментінің аяқтары 2 – 4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған.
Өрмекші анатомиясы
- төрт жұп аяғы
- бас кеудесі
- құрсақ
Дене құрылымы. Өрмекші денесі екі бөлімнен тұрады: бас кеуде (лат. prosoma, немесе cephalothorax) ол тығыз зат — хитиннен тұрады және құрсақ бөлімі (лат. opisthosoma). Бұл бөліктері өзара сабақшамен байланысады. (лат. pedicel).
Қан айналым және тыныс алуы. Жүрек 3—4 бөліктен тұрады. Артериялардың соңғы тармағы гемолимфаны лакуна жүйесіне құяды, яғни ішкі мүшелердің аралығына, одан ағып шыққан қан дененің перикардиальды бөлігіне барады, кейін жүрекке жетеді. Өрмекшілердің гемолимфасы тыныс алу пигменті — гемоцианиннен тұрады.Өрмекшілердің тыныс алуы өзгеше. Оларда жапырақ тәріздес тінді өкпеден тұрады (бұлай кітаптық өкпе аталады). Сонымен қоса, қарапайым кеңірдек бар.
Тағамдану, асқорыту жүйесі. Барлық өрмекшілер жәндіктермен қоректенеді. Көбі қорегін тор құру арқылы аңдиды. Жәндікті ұстаған өрмекші оны уымен өлтіреді және ас қорыту сөлін шашады. Бірнеше сағаттан соң өрмекші пайда болған ерітіндіні сорып алады.
Орталық нерв жүйесі. Бас кеуде бөлігі екі нервті түйіннен тұрады, олар бірнеше милық нервтерді түзейді және олар мидан аяққа дейін таралады. Ми бас кеуде бөлігінің 20 % дан 30 % дейінгі аймағын қамтиды.
Сенсорлы мүшелері. Өрмекшілерді айналаны сезетін бірнеше сенсорлы мүшелері бар, бірақ оларда құлақ болмайды. Өрмекші аяқтарында орналасқан ұсақ шаштары thrichobotria арқылы естиді. Сол шаштары арқылы өрмекші дыбыс шыққан орнын дәл анықтай біледі.
Өрмекшілердің көздері түрлеріне байланысты әртүрлі болып келеді.зерттеулер көрсеткендей өрмекшілер тіптен түстерді де айыра алады. . Үңгірдегі өрмекшілер қараңғыда тіршілік етеді олар мүлде көрмейді немесе нашар көреді. Олар толық дыбыс арқылы бағдарланады.
Қарақұрт
Улы өрмекші (лат. Lathrodectus tredecimguttatus) тәрізді тұқымдасына жатады. Толық жетілген ұрғашы қарақұрт (10-20 мм) қара түсті, ал жетілмеген ұрғашысы мен аталықтары (4-7 мм) денесінде қызыл дақтары болады. Улы бездері кеуде – бас қуысында орналасып, өзекше арқылы хелицермен жалғасқан. Ақ заттан тұратын у өте күшті нейротроптық у. Адамдарды қатты уландырып, кейде елімге дейін жеткізеді Қарақұрттың уы жылан уынан 15 есе күшті.
Кездесетін аймақтары:
Қырғызстанда, Қазақстанның шөлді аймақтарында, Астрахань облысының жазығында, Орта Азияда, Иран, солтүстік Африка, оңтүстік Европа Ресейдің шығыс аймағында және Жерорта теңізінің жағалауында кездеседі.Оралдың шығыс бөлігінде, Қазақстанның шекара аймағында қарақұрттың шаққан жағдайлары кездескен. Ақырғы он жылдықта қарақұрт шаққан аймаққа Азербайжан елі де кіреді. Күн ыстық кезде қарақұрт солтүстік аймақтарға қоныс аударуы мүмкін. Оларға ең қажетті аймақ ыстық жазы және жылы күзі бар аймақ. Негізгі мекен аймағы жазық дала, арықтардың жағалауы және т.б. Қарақұрт қарсыласы кірпі, атты жүргінші, ұяларын таптайтын қойлар және шошқа болып табылады.
Көбеюі. Каракурт тез көбейеді және периодты түрде массалық көбейуі байқалады. (периодты түрде әрбір 10—12 немесе 25 жыл)
Өмір сүруі үшін және көбеюге аналық түрі топырақ астынан, кеміргіштер үңгірінен және вентиляциялық құбырлардан мекен іздейді. Жұмыртқаларынан жас түрі сәуір айында шығады. Маусым айында өрмекшілер көбеюге дайын болады. Күн ысыған кезде олар көбею үшін арнайы тор құратын тыныш жаққа қоныс аударады. Кейін олар қайта жұмыртқа салу үшін қоныс іздеу мақсатында орын аударады.
Адамдар мен жануарларға зияны. Егер қарақұртқа тимесе олар адам мен жануарларға тимейді. Шаққан уы бірден әсер етеді: адамдарда қатты ауырсыну пайда болады, кейін 15 минуттан соң бүкіл денеге таралады. Көбінесе адамдар ішіндегі және кеуде тұсындағы шыдамсыз ауырсынуға. Құрсақ бұлшық еттерінің тырысуы байқалады. Жалпы улану симптомдарынан: ентігу, жүрек қағуы, пульстың жиілеуі,бас айналуы,бас ауруы, тремор, құсу,бетінің бозаруы, терлегіштік, кеуде тұсындағы ауырсыну, экзофтальм және мидриаз. Бұдан басқа приапизм, бронхоспазм, зәр шығаруының тоқтауы байқалады. Психомоторлы қозу депрессиямен, кейін санасының бұлыңғырлануымен ауысады. Тіптен адамдар мен жануарларда өлім жағдайы болуы да ықтимал.
Удың химиялық құрамы және әсер ету механизмі. Удың құрамына ақуызды құрамды нейротоксин, сонымен қатар ферменттер — гиалуронидаза, фосфодиэстераза, холинэстераза, кининаза кіреді. Уға түрлік сезімталдық болады. Әсіресе сезімтал кеміргіштер, жылқы тұқымдасы, түйелер, ірі қара. Аз сезімтал кірпі, иттер,амфибия, рептилия болып табылады.
Емі. Ем ретінде қарақұртқа қарсы сарысу қолданылады, сонымен қоса тамыр ішіне новокаин, хлорид кальций және гидросульфат магний, жүрек дәрі-дәрмектері қолданылады. Жедел көмекті шақырады немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.
Бүйі (Lycosa sіngorіensіs)
Өрмекшілер отрядының бүйі туысына жататын ірі өрмекші түрі. Қазақстанның шөл – шөлейтті және далалы аймақтарында кең тараған, әсіресе ылғалы мол өзен-көл жағалауларында жиі кездеседі. Күндіз олар вертикальды үңгірлерде тығылады, ал түнде қорегін іздеп жер бетіне шығады. Дене тұрқы 25 – 35 мм, өне бойын түк жапқан, түсі қоңыр, қара қоңыр, сарғылт. Бүйі ылғалды жерден тереңде 50 – 70 см ін қазып, сонда мекендейді. Жыртқыш жемтігін, көбінесе түнде аулайды. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Бүйі тор құрмайды, тек үңгір қабырғасын жабу үшін ғана қолданылады. Бүйілер көбінесе жәндіктермен қоректенеді. Өрмекші тығылып тұрып немесе жер бетінде қозғалып жүріп қорегін аулайды. Қорегін умен өлтіреді.
Көбеюі. Көбеюі жаздың соңында болады (шілде аяғы мен тамыздың басы). Қажетті үңгір тауып ұрғашы түрі жұмыртқалап, оны тормен жабады. Жұмыртқадан шыққан жас өрмекші алғашқы кезде ұрғашысының құрсағына жабысып жүреді.
Шағуы. Бүйі шағуы кейбір жануарларда өлімге дейін әкелсе, ал адамға сондай зиян емес. Шаққан жерде өзіне сай клиникасы дамиды. Бүйі гемолимфасының у шығаратын бездерге қарсы арнайы әсері болады.
Клиникасы. Бүйі шаққанда бірден білінеді. Шаққан жері ісіп, некроздалып бүкіл денеге тарайды. Адамның басы айналып, дене қызуы көтерілуі мүмкін. Мұндай ауруды «тарантизм» деп те атайды.
Бүйі шаққан кезде не істеудің қажеті жоқ:
- Шаққан жерді күйдірудің қажеті жоқ. Көптеген токсикологтар айтуы бойынша ол зиян және әсері болмайды.
- Шаққан жерді кесудің де қажеті жоқ, себебі инфекция түсу қаупі бар.
- Шаққан жерді қышу, үйкеудің қажеті жоқ.
Бүйі шаққан кезде істелетін іс – шаралар:
- Шаққан жерді жылы сумен және антибактериальді сабынмен жуу, ол болмаса жай сабынмен теріні үйкемей ақырын жуу қажет.
- Жараны антисептикпен өңдеу қажет.
- Зақымдалған жерге суық басыңыз. Суық мұз немесе суық бөтелкені 10 минут ұстап, кейін 10 минуттық үзіліс жасау қажет. Осы іс-шараны ауырсыну басылғанша жасау қажет.
- Шаққан жердің ісінуінің алдын алу үшін шағылған жерде көтеріп ұстау қажет.
- Тыныштық сақтаңыз.
- Сұйықтықты көп пайдаланыңыз, ол токсиннің тез шығуына әсер етеді.
- Аллергия болса, антигистаминді препараттар қабылдау қажет.
Егер бүйі иммунитеті төмен және аллергияға тән бала немесе ересек адамды шақса және жағдайы күрт төмендесе, шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Жәндіктер шағуынан аллергия
- Өрмекші және жылан шағуы
- Қандалалар. Жою тәсілдері
- Кенелер. Кене шаққанда не істеу керек?
- Бүргелер және одан құтылу жолы
- Масалардан құтылу жолы