Балаларағы бауырдың ерекшелігі

Нәрестелерде және жас балаларда бауырдың құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері

  • Бауырдың балалардағы құрылымының ерекшеліктері
  • Бауырдың балалардағы қызметінің ерекшеліктері
  • Бауырдың балалардағы өлшемдері
  • Балалардағы бауырдың жеке бөлімдерінің топографиясы мен анатомиясы
  • бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі

Бауырдың балалардағы құрылымының ерекшеліктері. Бауыр паренхимасы аз мамандалған, құрылымының бөлшектігі тек 1 жаста анықталады, толыққанды болғандықтан әр түрлі патологияларда бауыр мөлшері тез ұлғаяды, әсіресе жұқпалы аурулар мен интоксикацияларда.

  • Жаңа туған нәрестелердің бауырында 75-80% су болады (ересекте – 65-70%).
  • Жас ұлғая келе бауыр құрамындағы тығыз заттардың мөлшері артады.
  • Бауыр құрылымының дамуы негізінен 4-5 жаста аяқталады.

Бауырдың балалардағы қызметінің ерекшеліктері. Ерте жастағы балаларда бауыр құрылымының жеткіліксіз жетілгендігі оның улы өнімдерді бейтараптау, қорғаныстық иммундық денелерді түзу және басқа да қызметтерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін төмендетеді.

Жас балаларда бауырдың функционалдық мүмкіндіктері салыстырмалы түрде төмен. Әсіресе жаңа туған нәрестелердің ферменттік жүйесі әлсіз. Соның ішінде, эритроциттер гемолизі кезінде босап шығатын тікелей емес билирубиннің метаболизмі толығымен жүзеге аспайды, нәтижесінде физиологиялық сарғаю дамиды.

Дүниеге келгеннен кейін асты қорыту үшін маңызды болып табылатын өтті бөліп шығарудан басқа бауырда көмірсулар, ақуыздар мен майлардың синтезінің, су-минералды, пигменттік, дәрумендік алмасулардың реттелуінің белсенді үрдістері жүзеге асады.

Бауырдың балалардағы өлшемдері

  • Жаңа туған нәрестенің бауыры – іш қуысының 1/3 (2/3) бөлігін алып жататын ең үлкен мүше. Бұл құрсақ ішілік даму кезеңінде бауырдың қан түзу қызметін атқаруымен байланысты.
  • Нәрестедегі көлемі 130-170 см³, ересектерде 1400-1700 см³.
  • Бауырдың салыстырмалы салмағы жаңа туған нәрестеде үлкен болып, жас ұлғая келе азаяды, ал абсолютті салмағы артады.
  • Жаңа туған нәресте бауырының салмағы шамамен 120-150 г болады. 2 жасқа таман бауыр салмағы 2 есе, ал 3 жасына қарай 3 есе артады.

Жаңа туған нәресте бауырының биіктігі 8 см, ені 11 см, ал қалыңдығы 7,5 см. Бұл өлшемдердің ересектердікіне қатынасы биіктігі мен ені үшін 1/2, ал қалыңдығы үшін 2/3-1/2 құрайды. Биіктігі мен енінің арасындағы қатынас нәрестеде 1,4:1, ені мен қалыңдығының арасында да 1,4:1, яғни бірдей болады. Ересекте бұл қатынастар сәйкесінше 0,95:1,2-1 және 1,5:1.

Бала бауырының ерекшеліктері
Балалық жастағы бауырдың көлемдерінің ересек адамнан айырмашылығы

Балалардағы бауырдың жеке бөлімдерінің топографиясы мен анатомиясы

Нәресте бауырының формасы ересектікінен бауыр мөлшерінің 1/3 бөлігін құрайтын сол жақ бөліктің қарқынды дамуының салдарынан ерекшеленеді. Бұл бөлік көкеттің сол жақ бөлігімен және көкбауырмен жанасады.

Бауырдың оң жақ бөлігіне байланысты кеуде қуысының артқы беткейі сыртқа қарай шығыңқы болып, ал бауыр тіні бауырдың тәж байламы мен орақ тәрізді байламға енеді.

Бауырдың диафрагмальды беткейі оң жақ қабырға асты мен эпигастрий аймақтарын түгелдей және сол жақ қабырға асты аймағының көп бөлігін алып жатыр. Диафрагмальды беткейдің жоғарғы шеті оң жақтан орта бұғана сызығы бойымен V немесе VI, ал сол жақтан VІ немесе VІІ қабырға деңгейіне дейін жетеді.

Төменге қарай біраз дөңестеу келген бауырдың төменгі шеті оң жағынан мықын сүйектен 10-15 мм қашықтықта жатса, сол жағынан қабырға доғаларымен 7-10 қабырғалар деңгейінде қиылысады, бірақ бұл қатынас кейіннен өзгеріп, 2,5 жаста бауырдың орналасуы ересектегідей болады. Төменгі шеті кіндіктен 10 мм арақашықтықта болады, бірақ кейде оған да жетеді.

Бауырдың төменгі шеті сол жақ Х қабырға деңгейінде аяқталады. Кейінірек бауырдың сол жақ бөлігі кіндіктік қан айналымның тоқтауының және дамып келе жатқан асқазан қысымының салдарынан көп мөлшерде регрессияланады. Осылайша, баланың 7 айында бауырының сол жақ бөлігі тек көкбауырмен жанасады, ал 18 айында ересектегідей қалыпқа ие болады. Бауыр мен көкбауыр арасындағы кеңістікке асқазан енеді.

Оң жақ бөліктің висцеральды беткейінде артынан алдына қарай мынадай басылымдар бар: бүйрек үсті безінің, бүйректің және тоқ ішектің. Толған кезде тоқ ішек басылым орнынан алға қарай жылжып кетеді, осылайша бауыр мен оның төменгі шетіне дейін жететін жіңішке ілмектердің арақашықтығын азайтады. Кейде сигма тәрізді ішек ілмегінің төбесі бауырмен жанасып жатуы мүмкін.

Оң бөлікті ортаңғыдан бөліп тұратын біріншілік жүлгені жиі түрде көруге болады. Ол төменгі шетінен көлденең жүлгеге дейін созылып жатады. Бұл жүлге сүтқоректілерде болады, ал адамдарда филогенетикалық дамудың қалдығы болып табылады.

Оң жақ бөлік пен құйрықты бөліктің арасында кейде құйрықты жүлгені көруге болады.

  • Шаршы бөлік алдыңғы-артқы бағытта жіңішке ішектің ілмектерімен, көлденең ішекпен және он екі елі ішекпен жанасады.
  • Құйрықты бөлік көлденең ішекпен оның бос күйінде және ұйқы безімен жанасады. Құйрықты бөліктің сол жақ шеті асқазан кіші иінінің тік бөлігімен жанасуы мүмкін.
  • Сол жақ бөліктің висцеральдық беткейінде кейіннен жоғалып кететін, оң жақтан көкбауыр басылымын шектеп тұратын асқазандық басылым орналасқан.
  • Висцеральды жақтан көрінетін бауыр бөліктері оң және сол ұзына бойы жүлгелермен және көлденең жүлгемен өзара бөлінген.
  • Оң жақ бөлікті шаршы және құйрықты бөліктерден бөліп тұратын оң жақ ұзына бойы жүлгенің алдыңғы бөлігінде өтқуығының ойысы, ал артқы бөлігінде төменгі қуысты вена орналасатын қуысты вена жүлгесі болады.
  • Шаршы бөлікті құйрықтыдан бөліп тұратын және бауыр қақпасын көрсететін көлденең жүлгеде бауыр аяқшасының элементтері болады; олар 3 жазықтықта орналасады: алдыңғы жазықтық – өт жолдары, ортаңғы – артериалар, артқы – веналар.
  • Құйрықты және шаршы бөліктерді сол жақ бөліктен бөліп тұратын сол жақ ұзына бойы жүлгенің алдыңғы бөлігі бауырдың домалақ байламы мен сол жақ кіндік венаның фиброзды қалдығынан, ал артқы бөлігі внеалық байлам мен веналық арантий өзегінің фиброзды қалдығынан тұрады.
  • Бұл жүлгелер нәрестеде терең болады, алайда өмірінің алғашқы жылында ересектегідей қалыпқа енеді.
  • Қақпашы алдыңғы сол жақ ұзына бойы жүлгенің деңгейінде бауыр қақпасынан алдына қарай орналасады.
  • Бауырдың артқы беткейінде құйрықты бөліктің деңгейінде өңеш басылымы болады. Бұл беткей соңғы төрт кеуде мен алғашқы екі бел омыртқаларының деңгейінде (Th9-L4) орналасады.
  • Нәресте бауырының бөлшектері ересектегідей айқын емес шектелген.

Бауыр сыртынан тамырлармен бірге бауыр тініне енетін глиссондық капсуламен қапталған.

Өт каналшаларының қабырғасы екі, кейде үш-төрт бауыр жасушаларынан тұрады. Екі ядролы бауыр жасушалары нәрестеде 4,5% пропорциясында пайда болады, жас ұлғая келе олардың саны артып, ересекте 25% жетеді.

Бауырдың қанмен қамтамассыз етілуі

Қанмен қамтамасыз етілуі ересектегідей, бар айырмашылығы – қосымша бауыр артерияларының жиі кездесуінде. Бауыр веналарының тармақтары шағын топтармен орналасады. Нәресте капиллярлары айналмалы орналасады. Тек бауыр венасына тікелей жақын аймақта ғана ересектегідей радиальды орналасады. Өмірінің алғашқы жылының соңына дейін орталық бөліктік веналардан басталатын тармақтар пайда болады.

Ұқсас материалдарды оқи кетіңіз:

  1. Бауыр және өт жолдарын тексеру. Пальпациясы және перкуссиясы
  2. Бауыр абсцесі

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!