Жүрек абляциясы

Жүрек абляциясы

Жүрек ырғағының бұзылысы летальды жағдайға жиі әкеледі. Ол келесідей факторлармен байланысты:

  • миокардтың жиырылу жиілігінің азаюы;
  • жүрек қуыстарында тромб пайда болуы, тромб қан ағысымен маңызды мүшелерге тасымалдануы мүмкін.
  • инсульт және миокард инфарктісінің жиілігі жоғарылайды.

Медикаментозды коррекцияланбайтын аритмиялар хирургиялық әдіспен емделуі қажет. Солардың бірі– жүрек абляциясы. Уақытында жасалған бұл операциядан науқастың өмірі сақталады. Сондықтан бұндай ем көрсеткіш бойынша бірден жасалу қажет.

Тарихи деректер. Жүрек абляциясы  80-ші жылдардан басталған. Ол кездегі абляция операциясында  жасанды некроз ошағына жасаған. (миокардтың өлген тіні) Бұл әрекет әртүрлі физикалық факторлар  –  лазерлі энергия және электрлік импульс арқылы жасалған.  Бұл некроз ошағын нерв тармақтары өтетін, яғни жүрекшеден қарыншаға сигнал берілуіне жауап беретін жерге жасау қажет болған. Бір сөзбен айтқанда, жасанды атриовентрикулярлы  блокада жасалу қажет. Нәтижесінде жүректің қалыпты қызметін бұзбайтын, жүрек босаңсуы (диастола) кезінде импульстердің пайда болуының алдын алады.

Жүрек абляциясы бойынша ары қарайғы зерттеу миокард тініне  дозалық әсер ету және қасындағы тіндерге теріс әсер көрсетпейтіндей болуы  қарастырылды. Осылай  радиожиілікті абляция ашылды. Бұл жағдайда дәлдік электродты пайдалану оның орналасқан орнына ғана әсер етеді. Нәтижесінде миокард тінінің күйдірілген аймағында импульс блокадасы пайда болады. Бұл әдістің тиімді жағы қасында орналасқан тіндерде патологиялық өзгерістер болмайды, яғни жиырылғыштық әсері сақталады және нерв импульсының өтуіне әсер етпейді. Сондықтан радиожиілікті жүрек абляциясы жоғары технологиялық медициналық  көмек түріне жатады, минимальды асқынулар мен жоғары әсерге ие.

Жүрек абляциясын өткізуге көрсеткіш

Жүрек абляциясын медикаментозды ем әсер етпеген жағдайда және денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсеткіштер болған жағдайда орындалады.

  • Жүрекшелік қозғыш ошағы бар жыпылық аритмия;
  • Жүрекше фибрилляциясы – жиырылуға импульс беретін бірнеше ошақтар пада болатын жағдай. Бұл жағдайда жүрекше бір ритм, ал қарынша басқа ритмда жиырылады;
  • Қозу ошағы жүрек қарыншасында немесе жүрекшеде орналасатын тахикардия;
  • Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы;
  • Жүрек жеткіліксіздігі, ағза мен мүшелерді оттегі және қоректік заттармен қамтамасыз ете алмайтын миокардың жиырылғыштық қасиетінің жеткіліксіздігі;
  • Пароксизмальды тахикардия;
  • Жүрек өлшемдерінің ұлғаюы (кардиомегалия);
  • Жүрек лақтырысының төмендеуі – миокардтың жиырылғыштық қасиетін көрсететін басты көрсеткіш.

Жүрек абляциясын жасауға қарсы көрсеткіштер

  • әртүрлі патологиялық жағдайлар қосылған науқастың ауыр жағдайы;
  • инфекционды эндокардит, эндокард зақымдалуымен жүретін қабыну процессі (жүректің ішкі қабаты);
  • су-электролитті бұзылыстар, аритмияға әкеледі;
  • жүректің айқын жеткіліксіздігі (жүрек жеткіліксіздігінің суб – және декомпенсациясы);
  • әртүрлі жедел тыныс жеткіліксіздігі;
  • жоғары температура, пайда болу себебін анықтау қажет (қызба кезінде операция сәтсіз аяқталу мүмкіндігі жоғары);
  • медикаментозды емге бағынбайтын үнемі жоғары қан қысымы;
  • жүрек абляциясы кезінде пайдаланылатын рентгенконтрасты затты аллергиялық көтере алмаушылық (бұл салыстырмалы қарсы көрсеткіш, себебі басқа препарат қолдануға болады);
  • йод препаратына индивидуальды жоғары сезімталдық;
  • бүйректің айқын жеткіліксіздігі;
  • қанда гемоглобиннің айқын төмен көрсеткіші және т.б
Жүрек абляциясы
Жүрекке абляция жасау кезіндегі көрініс

Жүрек абляциясын жүргізу әдісі

Міндетті түрде ауырсынуды басады. Сондықтан аралас анестезия жасайды, яғни жергілікті және тамыр ішілік наркоз. Кейін қажетті арнайы катетерді жүрекке апарамыз. Ол ірі тамыр пункциясы арқылы жүргізіледі  — сан артериясы немесе сан венасы арқылы жасалады. Катетер өтуі рентген бақылау арқылы жүргізіледі. Ол белгілі асқынулардың алдын алады. Максимальды жақсы нәтиже алу үшін абляция үшін дәл анықталған қажетті аймақты алу қажет. Ол жүрек ритм бұзылысына байланысты. Кейін электродты оң жүрекшеге орналастырады. Радиожиілікті импульс жергілікті аймақты 40-60 градусқа дейін қыздыру арқылы жасалады. Бұл температура тін некрозын шақыруға қажетті температура. Кейін нәтижені бақылау қажет. Кейбір жүрек абляциясы кезінде жасанды импульс имплантациясымен қоса жасалуы мүмкін. Жүрек ритм бұзылысына жасалған операция бұл этапта аяқталады.

Операциядан кейінгі кезең жиі асқынуларсыз өтеді. Бірақ, кейбір науқастар кеуде тұсында қысым мен жүрек қысуын байқауы мүмкін. Бұл обьективті симптомдар өз еркімен басылады. Операциядан соң жүрек өткізгіштігін қалпына келтіретін препараттарды пайдаланудың қажеті жоқ. Жүрек бұлшықетінің құрылым өзгерістеріне байланысты және өткізгіш жүйе өзгерісіне байланысты жүрек жиырылуы қалпына келеді. Операциядан кейінгі кезеңде науқас ешқандай ауырсынуды сезбейді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Жүрек гистологиясы
  2. Миокард инфарктісі
  3. Аортокоронарлы шунттау (АКШ)
  4. Жедел жүрек жетіспеушілігі
  5. Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы (аритмиялар) кезіндегі көмек
  6. Жүрек трансплантациясы
  7. Аритмиялар

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!