Иммунды статус
Иммунды статус – сандық және сапалық көрсеткіштердің ара қатынасы және иммунды жүйенің қазіргі жағдайын көрсететін көрсеткіш. Иммунды статус жағдайы жастық ерекшеліктеріне байланысты болады. Иммунды жүйе көрсеткіштері әртүрлі сыртқы және ішкі әсерге байланысты өзгеріске ұшырайды: жүктілік ағымы, баланың бірінші жылында омыраумен емізу, басынан өткерген аурулары және т.б.
Иммунды статус анализін өткізуге міндетті көрсеткіштер:
- иммунологиялық зерттеу әдістері маңызды кезде (біріншілік иммунодефицит, дисгаммаглобулинемия, миелома, СПИД, трансплантация және гемотрансфузия).
- аурулар тобында дифференциальды диагностика жасау қажет болған кезде (аутоиммунды аурулар, лейкоз, лимфома және т.б).
Иммунды статус анализін өткізуге салыстырмалы көрсеткіштер:
Балаларда арнайы препарат иммуномодулятор қолданған кезде оң әсер болатын жағдайлар: инфекциялық ауру ұзақтығын қысқарту, жедел респираторлы аурулардың жиілігін төмендету және асқынуларын алдын алу.
Бұндай көрсеткіштерге жатады:
- Баладағы жедел респираторлы вирусты аурулардың жиілігі – жылына 6 рет.
- Созылмалы, персистирленген инфекция (мысалы, герпетикалық инфекция, Эпштейн-Бар вирусты инфекциясы).
- Бала ағзасында созылмалы инфекция ошақтарының болуы: рецидивті іріңді отит, синусит, рецидивтеуші бронхит.
Иммунды статусты зерттеу көп компоненті бірнеше сатыдан тұратын зерттеу:
- гуморальды иммунитетті бағалау;
- жасушалық иммунитет;
- ағзаның бейспецификалық резистенттілігі.
Иммунды статусты зерттеу сатылары
Бірінші кезең тесттері:
- лейкоцит, нейтрофил, лимфоцит және тромбоциттің абсолютті санын анықтау.
- сары сулық иммуноглобулиндердің классын анықтау (IgG, IgA, IgM, IgE).
Практика саласында көптеген дәрігерлер иммунды статусты анықтаған кезде жалпы иммуноглобулин саны төмендесе, бірден иммуностимуляциялық препараттар тағайындайды, бұл қате әрекет. Тек қалыптыдан 10 есе төмендеген көрсеткіштер кезінде ғана тереңдей зерттеліп иммуномодуляторлар тағайындалуы қажет.
Иммунды статусты зерттеу үшін екінші кезең тесттері
Фагоцитарлы функцияны тексеру:
- фагоциттердің абсолютты санын анықтау (нейтрофилл және моноцит);
- фагоциттермен микробтың жойылу интенсивтілігін бағалау;
- фагоциттік жасушалардың қамтыған микробтарын қорыту қызметі.
Комплемент жүйесін зерттеу:
- комплемент CH50 гемолитикалық белсенділігін анықтау.
Иммунитеттің Т-жүйесін зерттеу:
- лимфоциттердің жалпы санын санау;
- ересек T-лимфоцит (CD3) процентін және абсолютті ересек және екі субпопуляция санын анықтау: хелпер/индуктор (CD4) және киллер/супрессор (CD8);
- басты T-митогендерге пролиферативті жауабын анықтау (фитогемагглютинин және конканавалин A).
Иммунитеттің В-жүйесін анықтау:
- әртүрлі классты иммуноглобулиндердің қан сары суындағы концентрациясын анықтау (G, A, M, E);
- перифериялық қанда B-лимфоциттердің (CD19, СD20) процентін және абсолютті санын анықтау.
Иммунды статусты зерттеу үшін үшінші кезең тесттері:
Фагоцитарлы функцияны зерттеу:
- фагоцит хемотаксисінің интенсивтілігін бағалау;
- нейтрофил мембранасының беткейінде молекула адгезиясының экспресиясын анықтау (CD11a, CD11b, CD11c, CD18).
Иммунитеттің Т- жүйесін анықтау:
цитокин продукциясын зерттеу (интерлейкин-2, (ИЛ-2 немесе IL-2), ИЛ-4, ИЛ-5, ИЛ-6, гамма-интерферон (INF-γ), ісік некроз факторы (ФНО немесе TNF-α);
- T-лимфоциттердің (CD25, HLA-DR) беткей мембранасында активациялық молекулаларды анықтау;
- адгезия молекулаларын (CD11a, CD18) анықтау;
- специфиялық антигендерге пролиферативті жауапты зерттеу, жиі дифтерия және тырыспа анатоксиндері;
- терілік тест арқылы аллергиялық реакцияларды жүргізу микробтық антигендердің қасында.
Иммунитеттің В-жүйесін анықтау:
- иммуноглобулин субкласы, әсіресе IgG;
- секреторлық IgA;
- иммуноглобулин тізбегіндегі κ (каппа) және λ (лямбда) ара қатынасын зерттеу;
- ақуыздық және полисахаридтік антигендерге спецификалық антиденелерді анықтау;
Иммунды статус нәтижелерін бағалау кезінде міндетті түрде көңіл аудару қажет:
- Иммуноглобулин деңгейі науқастың жасына байланысты.
- Көптеген дәрілік заттар (әсіресе антибиотиктер) иммунды көрсеткіш санын өзгертеді.
- Иммунограммадағы көрсеткіштердің барлығы инфекциялық – қабыну ауруларына байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан анализді сауыққан соң, бір айдан соң немесе екі айдан соң алған дұрыс.
Ересектердегі иммунды статустың көрсеткіштері
Клеткалық звено
Компонент | Қалыпты мөлшерлер | СИ бірліктері |
АВС Ч: лимфоцит | 1250-2150 (1,25-2,25) | 10 9 г/л |
Т- лимфоцит | 41-63 | % абсолютты сан |
Т- хелпер | 32 – 42 | % абсолютты сан |
Т – супрессор | 15 – 26 | % абсолютты сан |
Тх/Тс | 1 – 2 | % абсолютты сан |
В лимфоцит | 12 – 24 | % абсолютты сан |
АУТО – РОК | 3 – 9 | % абсолютты сан |
ИТМЛ (ФГА) | 18 – 30 | % |
Фагоцитоз жүйесі:
Компонент | Қалыпты мөлшерлер | СИ бірліктері |
Фагоцитоз | 36 – 60 | % |
Фагоцитарлы сан | 2 – 4 | М.Е |
НСТ – ТЕСТ | 5 – 10 | % |
ИЗФ | 1- 2 | М.Е |
Гуморальды звено:
Компонент | Қалыпты мөлшерлер | СИ бірліктері |
Циркуляциялық иммунды комплекс | 100 % дейін | % |
Гетероф: АТ | 1:8 – 1:32 |
Иммуноглобулиндер:
ИГА | 0,35 – 1,2 | г/л |
ИГМ | 0,65 – 1,8 | г/л |
ИГС | 1,2 – 16,5 | г/л |
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Иммунитет және қабылдағыштық
- Иммунизацияның кеңейтілген бағдарламасы
- Адамның иммундық жүйесі. Антигендер
- Қанның иммунды қызметі