Өңешті сәулелі тексеру әдістері, алгоритімі

Өңешті сәулелі тексеру жолдары

Сәулелі зерттеу асқорыту жүйесі мүшелерінің ауруы және зақымдалуының диагностикасында маңызды орын алады. КТ, МРТ, ПЭТ сияқты зерттеудің жаңа, жоғары ақпаратты әдістерінің шығуы асқазан – ішек жолы мүшелерінің ауруы және зақымдалуының сәулелі диагностикасының маңыздылығын айтарлықтай жоғарылатты, алайда, зерттеудің рентгенологиялық әдісінің маңызын төмендеткен жоқ.

Рентгенологиялық әдіс

Асқорыту жүйесі мүшелерінің рентгенологиялық зерттеуінің құрамына міндетті түрде жарықтандыру мен рентгенография (шолу және аймақтық) кіреді, себебі, асқорыту жүйесінің анатомо – физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, ауруларды стандартты кескіндерде орындалған суреттер бойынша ғана талдау мүмкін емес. Асқазан – ішек жолы құрылысы мен қызметі бөліміне байланысты болып келетін үзіліссіз қуысты түтік болып табылады. Осыған байланысты, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек және тоқ ішекті зерттеу үшін әр түрлі әдістер қолданылады. Алайда, асқазан – ішек жолының рентгенологиялық зерттеуінің жалпы ережелері де бар. Өңеш, асқазан, ішек рентген сәулесін көрші мүшелермен тең жұтатыны белгілі, сондықтан көпшілік жағдайда жасанды контрастылау – асқорыту өзегінің қуысына РКЗ немесе газ енгізу қолданылады.

Өңештің рентгенанатомиясы

Ауыз қуысын контрастық масса түтік тәрізді түтікшені құрайтын жұтқыншаққа түседі, ол ауыз қуысы мен өңештің CV – CVI омыртқалары деңгейіндегі мойын бөлігі арасында орналасқан. Тура кесіндегі рентгенологиялық зерттеуде жұтқыншақтың бүйір қабырғалары түзу, айқын. Жұтқыншақ босағаннан кейін валекулалар мен алмұрт тәрізді қойнауларды көруге болады. Бұл түзілістер жұтқыншақтың гипотониясы кезінде айқын көрінеді

Ары қарай CVI, CVII, ThI аймақтарда өңештің мойын бөлігі орналасады. Өңештің кеуде бөлімі ThIІ – Thх  деңгейде орналасқан, өңештің абдоминалды бөлімі ThХІ деңгейінде диафрагманың өңеш тесігінен төмен.

Қалыпты жағдайда өңештің толық толу кезінде диаметрі 2 см, жиектері айқын және түзу. Контрасты масса өткеннен кейін өңеш диаметрі кішірейеді, бұл оның қабырғасының эластикасын (созылғыштығын) көрсетеді. Бұл кезде шырышты қабырғаның ұзыннан үзіліссіз қатпарлары кеңейеді, қабырғалары жақсы контрастыланады. Өңештің үш физиологиялық тарылулары бар: жұтқыншақтың мойын бөліміне ауысу жерінде, қолқа доғасы және диафрагманың өңештің абдоминалды бөлігі мен асқазанның күмбезі арасында кардиалды аймақтар бар (Гис бұрышы). Қалыпты жағдайда Гис бұрышы үнемі 90 градустан төмен.

өңеш рентгенанатомиясы

Өңештің компьютерлі және спиралды томографиясы

Компьютерлі және спиральды томография өңештегі ісіктерді, қабырғаларының қалыңдыңын, ісіктің көрші ағзаларға өтуін және өсуін, лимфа түйіндерінде метастаздарды анықтауға және т.б. көмегін береді.

Эзофагофиброскопия. Өңештің бүкіл бойындағы шырышты қабаттарын тексеруге болады. Сонымен қоса күмәнде аймақтарда прицелді биопсия (гистологиялық тексерумен), цитологиялық мазок жасауға болады.

Өңештің эндоскопиялық ультрадыбыстық зерттеуі. Эндоскопиялық ультрадыбыстық зерттеу өңештің тарылған өзегі арқылы инструментті өткізу арқылы, өңештің қабырғаларының зақымдалған аймағының тереңдігін және медиастинальды лимфа түйіндерді анықтауға болады.

Қатты эзофагоскоппен эзофагоскопия  бөгде заттарды алып шығуға және варикозды тамырларды склероздауға және т.б. қолданылады.

ФГДС өңешті зерттеу

Өңештің эзофаготонокимографиясы

Эзофаготонокимография – өңештің қабырғаларының және сфинктерінің жиырылуын және тонусын графикалық жазу, өңештің нервті – бұлшықетті функционалды зақымдалуын және кейбір органикалық ауруларын (кардияның ахалазиясы, эзофагоспазм, диафрагманың өңештік өзеінің жарығы және т.б.)диагностикалауда қолданылады.

Өңеш рН-метриясы – кардиядан 5 см жоғары орнатылып, арнайы зондтың көмегімен асқазан – өңештік рефлюкстың интенсивтілігін анықтау. Асқазан – өңештік рефлюкс кезінде рН-тың тез арада төмендеуі және ауырсыну синдромының күшеюі көрініс береді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Асқорыту жолының сәулелі диагностикасы
  2. Сәулелі диагностика әдістері
  3. Асқазан өңеш рефлюкс ауруы, рефлюкс эзофагит
  4. Асқорыту жүйесінің аурулары. Себептері. Емі.

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!