Бауыр эхинококкозы

Бауыр эхинокогы

Бауыр эхинококкозы (echinococcosis hepatis) – адам ағзасына еніп, бауырда дамитын Echinococcus granulosus және  E. (Alveococcus) multilocularis тудыратын паразитарлы ауру.

Echinococus granulosus

  • Жыныстық жетілуі мысық, ит, қасқыр, түлкінің жіңішке ішегі.
  • Аралық иелері: ірі қара мал, қой, ат, шошқа және адам.
  • Адамдар мен жануарлар энтральды жолмен жұқтырады.

Бауырдағы эхинокок эпидемиологиясы:

  • Ең жиі эхинококкоз Оңтүстік Европада, Солтүстік Африкада, Австралияда, Исландия, Оңтүстік Америка елдерінде кездеседі.
  • ТМД елдерінен Крым, Кавказ,Орта Азия елдерінде кездеседі.

Этиологиясы және патогенезі:

  1. Иттер өлген малдың етімен қоректенеді
  2. Ал, оның құрамында эхиноккок көпіршіктері болады.
  3. Желінген етпен ол иттің ішегіне өтіп, ересек кезеңіне жетеді, ұзындығы 7 мм.
  4. Эхинококк жұмыртқасы тығыз хитинді қабатпен қапталған, ол сыртқы ортаға төзімді.
  5. Олар ұзақ уақыт ит терісінде, фекалиясында, шөпте, су қоймаларында сақталуы мүмкін.
  6. Су, тағам арқылы өзінің аралық иесінің асқазанына түседі.
  7. Асқазан ішек жолында жұмыртқа хитиннен босап, бос онкосфералар ішек қабырғасына жабысады.
  8. Кейін қан арқылы немесе лимфа ағымы арқылы қақпа венасына барып, бауырға өтеді.
  9. Сұйықтыққа толған көпіршік 1 мм ден жылына 2-3 см өседі.

Эхинококқа сипаттама:

  • Жиі бауырдың оң бөлігінде (80%) орналасады
  • Бауырдың беткей қабаттарында немесе паренхимасында орналасады.
  • Кейде жеке жұмыртқалар бауырлық фильтрден өтіп, кіші қан айналымына түседі, нәтижесінде өкпеде шоғырланады. Үлкен қан айналымына түссе, кез келген мүшеге баруы мүмкін.
  • Мүшеге түскеннен кейін көпіршікті даму сатысына өтеді- гидатиа сатысы.

Эхинококкты киста

3 қабаттан тұрады:

  • Ішкі қабаты жұмсақ паренхиматозды, бұл қабаттан скалекстар дамиды.
  • Ортаңғы хитинді қабат, паразиттің өнімі болып табылады.
  • Сыртқы фиброзды қабат.

Эхинококкты киста сұйықтықтан – транссудат, құрамында иесінің қан сары суы менпаразиттің өнімдерінен тұрады. Сұйықтықта янтарь қышқылы мен қайнатылған тұз анықталған.

эхинококты кисталар
Бауырдағы эхинококты кисталардың көрінісі

Бауыр эхинококкозының клиникалық көрінісі

1-ші кезең: Онкосфера организмге енгеннен клиникалық көрініс көрінге дейінгі жасырын кезең.

2-ші кезең: клиникалық көріністерінің алғаш пайда бола бастаған кезең.

  • оң қабырға астында ауырлық сезімі, әлсіздік, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі
  • аллергиялық реакция:есекжем, тері қышынуы, себепсіз іш өту
  • гепатомегалия, эластикалық түзіліс

3-ші кезең: аурудың өршу сатысы.

  • интоксикация симптомы өрістейді
  • аллергиялық реакция
  • оң жақты френикус синдром оң мәнді
  • рентгенологиялық диафрагманың оң жақ күмбезі жоғары тұрады,қозғалысы шектеледі

4-ші кезең: кистаның асқынуы мен сипатталады: кистаның жарылуы, іріңдеуі, бауыр өзектері мен қақпа венасының қысылуы

Диагностикасы. Кистаның сұйықтығы спецификалық антигендерден тұрады. Олар ағзаға түскеннен кейін сенсибилизацияланады, нәтижесінде антигендер түзіледі. Каццони реакциясын адам несе жануардың эхинококк сұйықтығын стерильдеп (0,1-0,2) енгізу арқылы жасайды. Оң мәнді болса инъекция орнында гиперемия, ісіну, тері қышыну болады. Оң мәнді Каццони реакциясы эхинококкозы бар науқастардың 75-90% кездеседі.

  • Соңғы кездері латекс-агглютинация реакциясы қолданылады, диагностикалық маңыздылығы -98%.
  • Сералогиялық реакция теріс болуы мүмкін, егер эхинококкты сұйықтық адам организміне өтпесе және паразит өлі болса.
  • Науқастардың қанында эозинофилия анықталады ол организмнің аллергизацияланғандығын білдіреді.
  • Кистаны пальпациялағаннан кейін, егер тірі паразит болса, қанда эозинофилдер жоғарылайды (Анфилогов сынамасы).
  • Эхинококкоз диагностикасында маңызды зерттеу әдістері УДЗ және КТ. Олар кистаның қөлемін, топографиясын анықтайды.

Емдеу жолдары. Хирургиялық ем эхинококк кистасын толығымен, хитинді қабатын зақымдатпай алып тастау.

Бауыр эхинококкозы
Бауырдағы эхинококкоз көрінісі

Келесі операция түрлері қолданылады:

  • жабық эхинококкэктомия, бұл кезде хитинді қабаты ішіндегі сұйықтығымен алып тасталады, бауырдағы қалған қуысты шарбымен бітеп тігіс салады;
  • қалған қуысты капитонаж көмегімен тігеді (қуыстың түбінен бастап біртіндеп бітісуі үшін тігісті этапты салу);
  • ашық эхинококкэктомия, осындай тәсіл, бірақ кистаны алдымен дренаждайды;
  • кистаны фиброзды капсуласымен бірге алу-цистоперицистоэктомия
  • бауыр бөлігін атипті немесе типті кистамен бірге резекциялайды.

Операция кезінде, паразитарлы кистаны мәрлімен (дәкемен) орап шектейді. Кейін кистаны пункциялап, босатады. Кистаның ішіне антипаразитарлы өңдеу үшін 3-5% спирт ерітіндісімен өңдейді. Содан кейін барып кистаны алып тастайды. Қалған қуысты (фиброзды қабатты) ерітінділер 2% немесе формалин ерітіндісімен, немесе 90% спирт ерітіндісімен өңдеп, жоғарыда көрсетілген тәсілдердің біреуімен тігеді.

Бауыр резекциясын типтік және атиптік көптеген эхинококк кистасы бар науқастарға жасайды. Егер бауыр бөлігі зақымданса гемигепатэктомия.

Бауыр марсупилизациясы– кистаны ашып, оның қабырғасын операциялық жараға тігу, кесіп алып тастауға келмейтін гигантты және шіріген кисталар кезінде қолданылады. Көптеген және қосарланған бауырдың эхинококкозбен зақымдалуына антипаразитарлы препараттармен емдеу курсын жүргізеді: мебендазол және альбендазол.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Паразитология. Паразиттер жіктелуі
  2. Жұмыр құрттар. Трихинеллез
  3. Бауыр және өт жолдарын тексеру. Пальпациясы және перкуссиясы
  4. Бауыр абсцесі

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!