Дуглас кеңістігінің абсцесі

Дуглас кеңістігінің абсцесі

Дуглас кеңістігінің абсцесі жамбас қуысында орналасқан мүшелердің іріңді қабынуында немесе жедел іріңді аппендицитте, асқазанның тесілген ойық жарасында инфицирленген экссудат төмен ағып жамбас қуысына түзілгенде дамиды. Аталған аурулар ішінде аппендициттен кейін жиі орын алады. Бұл жағдайды әрбір хирург үнемі еске сақтап, міндетті түрде іш қуысының жедел хирургиялық  ауруларында тік ішекті, әйелдерді қосымша қынап арқылы зерттеп, жамбас қуысында  түзілістердің бар жоқтығын анықтауы қажет.

Диагноз қою. Бұл асқынуда іштің төменгі бөлігі қатты ауырады, дене қызуы көтеріліп, лейкоцитоз орын алады. Саусақпен ректалды, вагиналды зерттеуде кіші жамбас қуысында қатты ауыратын инфильтрат анықталады.

Дуглас кеңістігі
Жамбас астауының іріңдіктерін пункциялау. 1- Ерлерде қуық тікішек аралығындағы абсцесске тікішек арқылы пункция жасау; 2- әйелдерде жатыр тікішек аралығындағы абсцесске тікішек немесе жатыр қынабы арқылы пункция жасау.

Емі. Инфильтрат  толық шектеліп тік ішекке, қынап күмбезіне  жақындап жұмсарғанша, антибактериалды, дезинтоксикациялық, иммундық терапия және тік ішекке емдік шөптермен (ромашка) ыстықтау клизма, қынап қуысын осы шөптермен жиі жуу сияқты комплексті консервативті ем жүргізіледі. Іріңдік толық қалыптасқан уақытта тік ішек не қынап арқылы жұмсарған жерінен пункция жасалады, ірің анықталса сол иненің бойымен абсцесс тілініп ашылып, қуысын санациялап, 3 – 4 күнге силикон түтікше дренажы қойылады. Біртіндеп іріңді қуыс, тік ішектің жарасы жабылады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Абсцесс
  2. Диафрагмаастылық абсцесс
  3. Бауыр абсцесі
  4. Өкпе абсцесі мен гангренасы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!