Клебсиеллалар
Клебсиеллаларды 1875 жылы Э. Клебс бөліп алған.
Клебсиеллалардың биологиялық қасиеттері
Klebsiella туыстығы Enterobacteriaceae тұқымдасына жатады. (неміс бактериологі Э. Клебс ашқан). Klebsiella капсула түзбейді. Klebsiella туыстығы бірнеше түрлерден тұрады:
- pneumoniae
- ozaenae
- rinoscleromatis
Клебсиеллалар әрдайым адам мен жануарлардың терісі мен шырышты қабаттарында анықталады. K. pneumoniae – ауруханаішілік және аралас инфекциялалардың қоздырғыштары болып табылады.
Клебсиеллалар – Грамтеріс шеттері дөңгелектенген жуан таяқшалар, мөлшерінің өзгеруіне байланысты капсуласыз клебсиеллалардың мөлшері-0,3-0,6 х 5-6,0 мкм, ал капсулалы клебсиеллалардың, көбінесе K. pneumoniae, мөлшері-3-5 5-8 мкм, спора және талшықтарды түзбейді, штаммдардың жартысында кірпікшелер болады. Жуан полисахаридтті капсулалар айқын көрінеді. Төменгі температуралардың, өттің, антибиотиктердің, мутагендердің сарысудың, фагтардың әсерімен капсулалы формаларын бөліп алуға болады. Жалғыз немесе жұптасып орналасады.
Факультативті анаэробтар, хемаорганотроф, өсу температурасы 12°С дан 41°С дейін, оптимумы 35-37°С, рН 7,2-7,4. Симмонс ортасында өсуге қабылеті бар, яғни жалғыз көміртек көзі ретінде натрии цитратын қолданады (K. rinoscleromatisтың басқалары). Тығыз қоректік ортада лайланған кілегейлі колония түзбейді. О з е н бактериялары 2-4 сағатта жайылған-жинақы қатар болып, р и о с к л е р о м а – жинақы, п н е в м о н и я- ілмек тәрізді орналасады. ЕПС-да бірқалыпты лайланып, кейде бетінде қабықша пайда болады.
Клебсиеллалар көмірсуларды қышқылға немесе қышқылмен тұзға дейін ферменттейді, нитратты нитритке айналдырады. Желатинді сұйылтпайды, индол мен күкіртсутегін түзбейді, уреазды активтілікке ие, кейбір де сүтті ұйытады. Риноскелерома қоздырғышының биохимиялық активтілігі төмен. О-және К-антигендері болады. Негізгі патогенді факторы фагоцитозды тежейтін К-антигендері және эндотоксин болып табылады. Пневмония клебсиеллалары, қосымша термолабильді энтеротоксин өндіреді, олар біріншіден ақуыз, екіншіден әсер етуі бойынша ішек таяқшасының энтеротоксиніне ұқсас.
Клебсиеллез көбінесе аурухана ішілік инфекция ретінде кездеседі, инфекцияның көзі ауру адам немесе бактериотасымалдаушы. Экзогенді және эндогенді жолмен жұғуы мүмкін. Жиі тағам, ауа-тамшы, қарым-қатынас арқылы жұғады, көптеген антибиотиктерге тұрақты.
Дезинфекциялық заттарға сезімтал, қоршаған ортаның әсеріне тұрақы.
Патогенезі және клиникасы K.pneumoniae ішек инфекциясына ұқсас ауру шақырады. 1-5 тәулікке дейін ауру созылады. Клебсиеллалар тыныс алу жолдарын, буынның, мидың қабынуы, конъюнктиваның жынысты-зәршығару ағзаларының қабынуын, сепсис, операциадан кейінгі асқынулар тудырады, аурудың Генеризацияланған сепитико-пиемиялық түрі кейде өлімге алып келеді.
- ozaenae мұрынның шырышты қабатын және оның қосалқы кеңістігінде, атрофиясын шақырада, қабыну барысында жағымсыз иісті бөлінді бөлінеді.
- K. rinoscleromatis мұрынның шырышты қабатын ғана. емес, трахеяны, бронхты, жұтқыншақты, аңқаны жарақаттайды, осы жағдайда жарақатталған ұлпада, шеміршек тәрізді инфильтратқа алып келетін арнайы гранулема пайда болады. Ауру созылмалы түрде жүреді, трахеяны, аңқаның кептелуінің (обтурациясының) нәтижесі өлімге алып келеді.
Инфекциядан кейінгі иммунитет тұрақсыз. Созылмалы түрі баяу түрдегі гиперсезімталдыққа алып келеді (БТГ).
Клебсиеллар шақыратын аурулардың лабораториялық диагностикасы және емдеуі
Микробиологиялық диагностикасында ең қолайлысы бактериологиялық тәсіл. Зерттелетін материалдар: ірің, қан, ликвор, нәжіс заттардың жуындысы және т.б. болып табылады. Дифференциалды-диагностикалық ортада К-2 (мочевинамен, рафинозамен, бромтимол көгімен), бір тәуліктен кейін, сары, немесе жасыл-сарыдан ауа көкке дейін, үлкен, жылтыр, кілегейлі колониялар өсіп шығады. Одан кейін Пешков ортасына егіп, бактериялалардың қозғалғыштығын және орнитиндекарбоксилаза бар екендігін анықтайды. Бұл қасиеттер клебсиеллаларда болмайды. Соңғы идентификацияны биохимиялық қасиеттері және тірі дақылды К-сарысумен агглютинация реакцияның көмегімен серотоптарын анықтау арқылы жүргіземіз. Бөлінген дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын тексереді. Клебсиеллездың диагностикасында кейбір жағдайда стандартты О-клебсиеллезды антигенмен немесе аутоштаммен агглютинация реакциясын және КБР жүргізеді. Антидененің титрынің төрт есе өсуінің диагностикалық маңызы бар.
Клебсиеллездарды стационарларда емдейді. Ішектің жарақаттарында антибиотиктер қолданбайды. Сусызданған жағдайда (энтеротоксиннің әсері) пероральды немесе парентеральды жолдармен газды ертінділер қолданады. Генерелизацияланған жағдайда және созылмалы түрлерде антибиотиктерді қолданады (антибиотиктерге сезімталдығын тексергеннен кейін), аутовакциналар; иммунитетті көтеруге бағытталған қызмет жүргізіледі (аутогемотерапия, пирогенотерапия т.б.).
Арнайы алдын алу жоқ, жалпы профилактикаға санитарлы-гигеналық ережелерді қатаң сақтау жатады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: