Балалардағы өңеш ахалазиясы

Балалық жастағы өңеш ахалазиясы

Өңеш ахалазиясы — өңештің кардиальдық бөлігінің өтімділік функциясының бұзылуымен сипатталатын патология. Дерттің үдеуінде өңеш өзінің қозғалыстық белсенділігінен арылып, дилятацияға ұшырайды. Балаларда ауру сирек, көбінесе 8-9 жаста байқалады. Кейде омырау жасындағы балаларда да кездесуі мүмкін.

Клиникасы. Дерттің негізгі белгісі – дисфагия және регургитация. Аталған белгілер қатты тағамдарды қабылдағанда жиі дамиды. Кіші жастағы балаларда дисфагия бірқатар жанама белгілермен көрінеді: бала ақырын тамақтанады, тағамды мұқият шайнайды, тамақтануға берілген тағамның барлығын жемейді. Үлкен жастағы балалар тағамның өтуін жеңілдету үшін белсенді жұтудан (бос жұтыну), артынан су ішуден бас тартады. Дерттің бала кезде сирек кездесуіне байланысты, аталған белгілерді психологиялық бұзылыстармен байланыстырып, диагностика кешігеді. Өз кезегінде ол баланың жүдеуіне әкеледі, өңештегі тамақтың түнгі мезгілдегі аспирациясы рецидивті пневмонияны тудырады.

Диагностикасы. Аталған дерттің негізгі диагностика әдістері: контрастты рентгенография және эзофагоскопия. Шолу рентгеноскопия кезінде кеңейген өңеште сұйықтық деңгейі анықталуы мүмкін. Барий берген кезде ол асқазанға мүлде түспейді, немесе асқазанға баяу ағыммен түседі. Зерттеу кезінде кардияның босаңсып, контрастты заттың көп көлемінің асқазанға түсуі – кардия функциясының бұзылысының анық белгісі.

Эзофагоскопия – міндетті түрде жүргізілетін зерттеу әдісі. Ол эзофагитті, оның айқындылық дәрежесін анықтауға көмектеседі. Ал фиброгастроскоптың асқазанға кедергісіз түсуі туа біткен, немесе екіншілік стенозын теріскей шығаратын белгі.

Кардия ахалазиясының диагностикасында монометрияны қолдану қазіргі кезде шектелген. Алайда бұл диагностика әдісін жетілдіру, болашақта ахалазияны кардиоспазмнан ажыратуға көп мүмкіндік береді.

Өңеш ахалазиясын өңештің туа біткен стенозынан, пептикалық және күйіктен кейінгі стенозынан, өңеш дивертикулынан, өңеш және асқазанның қатерсіз және қатерлі ісіктерінен ажырату қажет.

Емі. Ахалазияның емінде консервативті және оперативті ем әдістері қолданылады. Консервативті емге медикаментозды терапия, буждау, кардиодилатация (балалар тәжірибесінде пневмо- және гидродилататорлармен баллонодилатация қолданылады). Аталған ем әдістері жеңілдік әкеледі, бірақ нәтиже қысқа мерзімді болады.

Өңеш ахалазиясы кезінде кең тараған ем – хирургиялық коррекция. Кең түрде шырыштан тыс кардиомиотомия, эзофагокардиофундопликация операциялары қолданылады. Науқастар, әсәресе операциядан кейінгі кезеңде, міндетті түрде диспансерлік бақылауда болады. Радикалды операциялық емнен кейін 6-12 айдан соң тексереді. Радикалды ем алмаған науқастар жылына 3-4 рет тексеріледі.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Өңеш атрезиясы
  2. Балалардағы өкпенің даму ақаулары
  3. Балалардағы бронхоэктазия ауруы
  4. Асқазан өңеш рефлюкс ауруы, рефлюкс эзофагит

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Материал авторы

желіде жоқ 50 минут

KazMedic

974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Пікірлер: 7Материалдары: 973Блог ашу: 01-10-2014
нашар: 1онша емес: 2орташа: 3жақсы: 4тамаша: 5 (3 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Добавить комментарий

Әл.желі арқылы кірген дұрыс: