Долихосигма. Мегаколон

Балалардағы долихосигма және мегаколон

Долихосигмадолихоколон (сигма тәріздес ішектің үзаруы) өздігінен нәжіс қатпасын тудырмауы мүмкін. К.А.Морозов және т.б.(1977) тексеруде болған балалардың 2,3%-нан долихосигманы тапқан. Кейбір дәрігер ғалымдар созылмалы нәжіс қатпасымен, қайталанып іші ауырған сырқаттардың 25-40%-нан анықтаған (Ленюшкин А.И., 1976, Кущ Н.Л.,1978). Сонымен тоқ ішектің ұзаруы әрқашан ауру болып саналмайды. Сондықтан долихосигманы қалыпты жағдайдың бірі емес, «аурудың алды», кемістік деп есептеген жөн.

Патоморфологиясы бойынша долихосигма — сигма тэріздес ішектің қабырғасының қалыңдап склерозға ұшырауы, сонымен қатар ішектің ұзаруы. Гистологиялық тексеру кезінде сигма тәріздес ішек қабырғасындағы ет талшықтарының миофиброзы, гипертрофиясы, шырышты қабатының дистрофиясы, жүйке жүйесінің жасушаларымен аз байланыстылығы анықталған. О.Р.Блау (1963) интрамуралдық жүйке жасушаларының біраз азаятынын дәлелдеді.

Клиникасы. Нәжіс қатпасы балаларда негізінде 1 жастан асқанда байқалады. С.С.Байль (1968) мәліметінше жиілікте созылмалы нәжіс қатпасы 40%-да бала 3-6 жасқа келгенде анықталады. 1ш ауырсынуы, метеоризм, жартылай ішек айланбалылығы белгілері 6-7 жасқа келгенде пайда болады. Аурудың 3 клиникалық сатысы бар:

  • компенсаторлық сатысы — өте сирек іш ауырсынуы, метеоризм болуы ықтимал. Бала негізінде сау деп есептеледі. Иррографияда – сигманың ұзаруы. Іш ауырсынуы клизмадан кейін байқалмайды.
  • субкомпенсаторлық — іш ауырсынуы біртіндеп 2-3 күнге созылады. Нәжіс қатпасы 2-3 жастан басталады, қыста жэне көктемде асқынуы мүмкін. Іш ауырсынуы жэне метеоризм жиі-жиі байқалады, тоқ ішекте нәжіс түрып қалады.
  • компенсаторлық –нәжістің тұрып калуы 3-5 тәулікке созылып, кейбір балалар өздігінен дәретке отыра алмайды. Бала тек клизма аркылы дэретке отырады. Қарыны біраз қампиып метеоризм анықталады. Кей кезде Гиршпрунг ауруына тән анемия, гипотрофия, дисбактериоз сияқты асқынулар болуы ықтимал.
Загрузка...

Диагностикасы: а) иррографияда — 3-4 өрмелі сигманың ұзаруы, оның гаустралары жазылып кеңейеді, ішек босату қабілеті төмендейді; б) электромиография — сигманың ет қабатының моторикалық тонусының азаюы.

Долихосигма қазақша

Долихосигмада консервативтік ем негізгі болып саналады. Ол емді кайталап, курс ретінде жүргізеді:

  • баланы дұрыс тамақтаңдыру қажет: клетчаткаға бай тамақтарды — жеміс-көкөніс, жүгері, бидай дәндерінен жасалған ботқалар, өсімдік майын беру;
  • асқазан — ішек жолдарын жұмсартатын заттар — вазелин майы, өсімдік майы т.б.;
  • витамиңдер беру — В -тобы:
  • физиотерапия — парафин апликациялары, электростимуляция т.б.;
  • емдік денешынықтыруы — ішке массаж жасау;
  • ішек жүмысын жақсарту — прозерин, дибазол дәрілерін параэнтералды қолдану

Хирургиялық ем долихосигмада өте сирек: консервативтік ем көмектеспеген жағдайда, электромиограммада қайта орнына келмейтін сигма қабырғасындағы өзгерістерде қолданылады. Радикальды операциялар — тоқ ішекке резекция жасау және Соаве-Ленюшкин әдісін қолдану.

Балалардағы мегаколон

Мегаколон бүткіл тоқ ішектің барлық немесе оның бір ғана бөлігінің кеңейіп, сонымен қатар оның кабырғасының гипертрофияға ұшырауы (тоқ ішектің қалыптан тыс ұлғаюы). Тоқ ішектің бұл ауруын ең бірініші толық жазған Н.Нігсһrung (1887). Ол ауруды ғалым «megacolon congenitum idipaticum» деп атады.

Сырқаттың негізгі белгісі — нәжіс қатпасы. Алғашында, көптеген ғалымдар Гиршпрунг ілімін жақтап, аурудың себебі тоқ ішектің туа кеңеюі, сонымен қатар оның қозғалу және секрет шығару қызметінің бұзылуынан деп пайымдады (Р.Жуковский, 1903, А.И. Абрикосов, 1909, МР Ворок. 1914). Кейбір ғалымдар аурудың себебі тоқ ішектің туа кеңеюі, ал гипертрофия екіншілік болады деп дәлелдеді (В.Л.Боголюбов, 1908, Richter, 1898 және т.б.). Ең бірінші 1901 жылы Ғavalli мегаколон ішектің төменгі бөлігінің қозғалысының бұзылуынан болады деп кесіп айтты. Сонымен қатар ол өзгерістер ауэрбах жүйке жүйесінің өзгерісінен екенін айтты.

Мегаколон түрлерінің сыныптамасын толық дайындаған ғалым А.И.Ленюшкин, 1976 ж. Ол сыныптама бойынша мегаколон төмендегідей жіктеледі.

Мегаколон түрлерінің жіктелуі

Мегаколон

 

Туа болатын түрлеріЖүре пайда болатын түрі
БіріншілікГиршпрунг ауруы, долихосигмаКүюден кейін болатын шап аймағындағы жарадан және қабынудар болатын шап аймағындағы деформациялық тыртықтар. Дағдылы және психогенді қатпалар. Эндокринді өзгерістер. В1 гипо-, авитаминозы. Жедел және созылмалы интоксикациялар (ішек инфекциясы, дәрі-дәрмектер зақымы)
ЕкіншілікАноректальдық ақаулар.

Пресакральдық ісіктер, кисталар

Құрсақ етінің туа біткен атониясы

 

Кейіннен Т.ЕҺrenpreis (1946), Ғ.R.Whitehose және басқа зияткерлермен бірге (1948), О.Swenson (1948), Ю.Ф.Исаков (1958) тоқ ішек қабырғасындағы ауэрбах жүйке жүйесінің өзгерісі мегаколонның пайда болуындағы ең басты мәселе екенін көрсетті. Бұл негізгі мәліметтер мегаколонның туа пайда болатын түрін немесе Гиршпрунг ауруын тоқ ішек кеңеюлерінің басқа түрлерінен ажырату үшін көп пайда келтірді.

Мегаколон ауруы әр түрлі жағдайлардан болуы мүмкін, атап айтқаңда: аноректальдық аймақтағы туа біткен даму ақаулары (жыланкөзді тік ішек атрезиясы т.б.). sріnа» bіfidа, туа және жүре пайда болатын анус тарылуы (стенозы). Сонымен мегаколон синдромы біріншілік — туа пайда болатын және де екіншілік — жүре пайда болатын аурулардан туындайды.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Гиршпрунг ауруы
  2. Іштегі кистозды түзілістер
  3. Туа пайда болған ішек өтімсіздігі

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Материал авторы

желіде жоқ 3 часа

KazMedic

974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Пікірлер: 7Материалдары: 972Блог ашу: 01-10-2014
2 оценки, среднее: 5,00 из 52 оценки, среднее: 5,00 из 52 оценки, среднее: 5,00 из 52 оценки, среднее: 5,00 из 52 оценки, среднее: 5,00 из 5 (2 оценок, среднее: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Добавить комментарий

Әл.желі арқылы кірген дұрыс: