Паталогиялық сынықтар

Патологиялық сынықтар

Паталогиялық сынықтар – бұл сүйек ауруымен ауыратың балаларда аздаған жарақаттаушы күш әсер еткенде пайда болатын сынықтар. Мұндай сынықтар фиброздық остиодисплазияда, рахитте, цингада, остеомелитте, туберкулез ауруларында туындайды.

Сүйектенудің дамуының жеткіліксіздігі – этиологиясы белгісіз, туа пайда болған сүйек сынғыштығы. Сүйек омырау жасындағы балаларды орағанда, аяқ-қолын жазғанда, ересек балаларда – отырғанда, аяғына тұрғанда азғана күштің әсерінен сынып кетеді.

Клиникалық көрінісі: сынған жерде ауырсыну, сүйек сынықтарының жылжымалылығы, сықыр, деформация, ісіну байқалады.

Бұл аурудың жатыр ішілік және кеш пайда болатын түрлерін ажыратады. Сүйек дамуының жеткіліксіздігінің белгілеріне аяқтың қисаюы, бұлшық еттің солуы, көгілдір склера және тістің «кәріптас»(«янтарь») тәрізділігі жатады. Жаңа туған нәрестелерде аяқтарының қисықтығы, томпайған сүйек тіндерінің жатыр ішінде сынып біткен жерлері байқалады. Мұндай «шыны тәріздес» сынықтар саны өте көп болуы мүмкін. Сүйек дамуының жеткіліксіздігіне қарамастан, сынықтар тез бітеді. Омырау жасындағы балаларда бас сүйектері өте жұмсақ болғандықтан есейгенде бастың деформациясы туындайды.

Рентгенограммада – сүйектердің нәзік, жұқарғандығы мен қатар, біткен сынықтардың орны да көрінеді.

Емі: Бұл ауру сынықтарының негізгі емі – репозиция және фиксация. Гипстен лонгетаны, сүйектен тартуды сынық толық біткенге дейін ұстайды. Жергілікті еммен қатар, УФО, поливитамин, витамин «Д», балық майы, кальций препараттары, неробол, тиреокальцитонин беріледі. Қисайған аяқ-қолды түзету үшін кейде операция жасалуы мүмкін.

«Д» және «С» витаминдерінің жетіспеушілігі. Аталған витаминдер жеткіліксіз болғанда, мысалға, рахит пен цингада азғана жарақаттаушы күштің әсерінен сүйек сынығы туындайды. Көбінесе «Д» витамині жетіспегенде сан сүйегінің төменгі бөлігі және білек сүйектері сынады. Көбінесе, олар сүйек қабаты астындағы сынық болғандықтан, клиникалық көрінісі шамалы болады. Сынық дер кезінде анықталмай, аяқ-қол қисайғанда ғана білінеді. Рахитте туындайтын сынықтар тез бітпейді, сондықтан иммобилизация уақыты ұзағырақ болады. Сүйек цинга және Меллер-Берлоу ауруларында да кездеседі.

Егер де «С» витамині жетіспеушілігі 6 айдан асқан немесе бір жастағы балаларда туындаса, эпифиз бен сүйек қабы астында қан жиналып эпифизеолизді, немесе сүйек сынығын туындатады. Көбінесе мұндай сынықтар сан, жіліншік сүйектерінің эпифиздерімен, қабырға сүйектерінде кездеседі.

Клиникалық көрінісі: эпифиз маңында, қабырға маңайында ауырсыну, ісік, терең дем алғанда, қолмен басқанда ауырсыну байқалады. Рентгенограммада эпифизеолиз немесе сынықтың бар екендігі анықталады.

Емі иммобилизация: қаңқа сүйектен тарту немесе гипстен лонгета салынып, «С» витамині, құнарлы тамақ беріледі.

Балалардағы патологиялық сүйек сынуы

Аневризмалық сүйек ісіктері және остеобластокластомада да патологиялық сүйек сынықтары туындауы мүмкін. Аздаған сыртқы әсердің салдарынан аневризмалық сүйек ісігі немесе остеобластома орналасқан жерде (иық сүйегі мен жіліншік сүйектерінің жоғарғы метафиздерінде, сан сүйегінің жоғарғы және төменгі метафиздерінде) ісіну, ауырсыну, көгеру, деформация, қимыл-қозғалыстың шектелуі байқалады.

Аневризмалық сүйек ісігі – метафиздегі қан микроциркуляция-сының бұзылуынан пайда болатын дисплазиялық үрдіс. Бұл үрдіс кезінде аневризмалық ісіктің әсерінен, сүйекішілік қысымы 400-500 мм су бағанасына дейін көтеріліп, сүйек қыртысы жұқарып, сүйек шар тәріздес болып созылғандықтан, аз ғана күштің әсерінен сынық туындайды. Бала өсе келе, патология диафизге қарай көшеді де, сүйекішілік қысым төмендейді.

Остеобластокластома – сүйек тінінің өсу үрдістерінің бұзылуынан пайда болатын ісік. Бұл ісіктің аневризмалық ісіктен айырмашылығы, өсу қыртысымен эпифизді жарақаттамайды, ауырсынуды тудырмайды, буында сарысу жиналмайды.

Емі. Аневризмалық ісіктерде пайда болатын сынықтар ығысусыз болатындықтан, жарақаттанған қолға немесе аяққа гипстен лонгета салынады. Иммобилизация мерзімі жай сынықтарға қарағанда 2-3 апта ұзағырақ болады.

Остеобластокластоманың салдарынан туындайтын сынықтарды да консервативтік тәсілдермен емдейді. Ісіктер өте үлкен болған жағдайда – операция жасауы қажет. Жарақаттанған сүйек бөлігі кесіп алынады да оның орны ауто-, гомо-, гетеротрансплантатпен толтырылады. Операциядан кейін, сынған сүйек10-12 айдан кейін бітеді.

Патологиялық сыну созылмалы остеомиелит кезінде сан, иық, балтыр сүйектерінде туындауы мүмкін.

Сынған жер ауырсынып, ісінеді, сынған жерді басқанда ауырсынудың күшеюімен қатар, патологиялық сүйек қозғалысы, деформация анықталады. Рентгенограммада остеомиелитке және де сыныққа тән өзгерістер көрінеді.

Емі. Ығысуы бар сынықтарда жабық репозиция жасалып гипстен лонгета салынады, ал сан сүйегі сынғанда – қанқадан тарту әдісі қолданылады. Иммобилизация уақыты клиникалық көрініспен, рентгенографиядағы деректерге байланысты анықталады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Балалардағы сүйек сынықтары ерекшеліктері
  2. Бет сүйегінің сынықтары
  3. Балалардағы бас ми жарақат ерекшелігі

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!