Бауыр аурулары кезіндегі геморрагиялық синдром

Бауыр аурулары кезіндегі геморрагиялық синдром

Бауыр циррозы кезінде қан кету портальды гипертензия асқынуы ретінде дамиды. Портальды гипертензия – бауырлық қақпа венасында қан қысымының  12 мм сын. бағ бойынша жоғарылауы. Бұл жағдай бір жағынан айналымдағы қанның жоғарылауымен және екінші жағынан бауырдағы қан айналым шектелуімен байланысты. Қанның қалыпты ағысы үшін фиброзы тін шектеу көрсетеді, ал қан айналым көлемінің жоғарылауын  қан тамырларының кеңеюінен болады. Бауырдың қызметінің бұзылысын көрсететін белгілеріне гипоальбуминемиямен қатар барлық қан ұю факторларының (VIII фактордан басқасы) синтезінің бұзылысы жатады. Алғашқы кезекте қанның витамин К-тәуелді факторларының II, VII, IX, X және біріншілік антикоагулянттар С және S протеин синтезі бұзылады.

Бауыр циррозы кезіндегі қан кету механизмдері:

Қан кету қақпа венасындағы қан қысымының жоғарылауынан болады. Сондықтан, бауырдан қан кету ағымы осы жүйе бойынша бұзылады және көптеген коллатерал – жаңа тамырлар пайда болады.  Келесідей қосымша тамырлар пайда болады:

  1. асқазан және өңеш аймағы, артқы ішек
  2. кіндік венамен байланысатын коллатералдар
  3. құрсақ аймағында, оның байламдары аймағында
  4. сол жақ кіндік венасымен байланысатын коллатерал

Бауыр циррозы кезінде өңештік қан кету екі түрлі теориямен түсіндіріледі:

  • Варикозды венаның зақымдалуы өздігінен немесе белгілі факторлардан болады (жөтел, құсу)
  • Ішкі мүшелік қан кету (ішек, жатыр, геморроидальды вена) себебі өздігінен кеңейген тамыр жыртылуымен байланысты

бауыр ауруы кезіндегі геморрагия

Клиника:

Ауру көрінісі қан кету орнына байланысты. Бауыр циррозы кезіндегі қан кету өңештік қан кетумен байланысты. Алғашқы көрінісі қан аралас құсу, кейін қан аралас нәжістің болуы. Нәжіс қара түсті, ботқа тәріздес, жартылай сұйық болады.  Бұндай нәжісті «мелена» деп атайды. Кей кезде кеуде тұсында ауырсыну болады. Одан басқа, қатты әлсіздік, жүрек айну, тері түсінің бозғылттығы, жиі пульс, қан қысымының төмендеуі.

Асқазан және ішектен қан кету кезінде алғашқы көрініс құсу «кофе қоюы» сияқты, яғни қоңыр түсті. Оның себебі қан асқазанда қорытыла бастағандығын көрсетеді. Нәжіс– қара, сұйық «мелена». Жалпы жағдайының бұзылысы өңештік қан кету сияқты болады.

Геморроидальды венадан кеткен қан кезінде анемия көріністерімен байқалады, дефекациядан соң ашық түсті қанның бөлінуі байқалады. Одан басқа, геморрой көріністері: ауырсыну, тік ішектегі бөгде затты сезіну, дефекация кезіндегі қиындықтар.

Бауыр циррозымен науқастарда клиникалық  көріністерінің кездесу жиілігі

Негізгі клиникалық көріністер%
Мұрыннан қан кету60,4
Қызыл иектен қан кету35,4
Ойық жара (асқазан ойық жарасы)4,2
Тіс экстракциясынан кейінгі қан кету25,0
Өңеш және асқазан варикозды кеңейген веналарынан қан кету18,8
Көктамырлық инъекциялардың орнында тері астылық қан құйылулар83,3
Спонтанды тері астылық қан кетулер43,6

Бауыр циррозымен науқастарда гемостаздың негізгі көрсеткіштерінің  өзгерістерінің жиілігі және олардың дамуының мүмкін механизмдері

Гемостаз көрсеткіштерінің өзгерістері%Мүмкін даму механизмдері
Тромбоцитопения63,3гиперспленизм синдромы, иммунды, вирусты инфекциямен ассоциирленген, басым  HCV, фолий қышқылының тапшылығы, созылмалы алкогольді интоксикация
Тромбоцитопатия40,0иммунды, вирусты инфекциямен ассоциирленген, басым  HCV,  созылмалы алкогольді интоксикация
Гипофибриногенемия73,3Гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік, патологиялық фибринолиз
ПУ ұзаруы100Гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік,  витамин К-тәуелді қан факторларының – II, VII, IX, X тапшылығы
БПТУ ұзақтығы46,6
ПТИ төмендеуі100
ФДӨ құрамының жоғарлауы18,3ЖТҰ-синдромының дамуы
  • тромбоцитопения, тромбоцитопатия, ПУ ұзаруы, ПТИ және фибриногенннің төмендеуі
  • қан сарысуында витамин К-тәуелді қан ұю факторларының II, VII, IX, X төмендеуі.
  • бауыр циррозын анықтау

Емі:

  • Қан кетудің орнын толтыру: орталық немесе перифериялық венаға катетер қойылады. Тамыр ішілік жаңа қатырылған плазма, октреопид, бұлшықетке викасол жіберіледі.
  • Диагностикалық гастроскопия қан кету орнын анықтау үшін қолданылады. Кейін асқазанды жуу қажет.
  • Қан кетуді тоқтату: әдіс түрі қан кету орнына байланысты. Егер бауыр циррозы кезінде қан кету өңештік болса, онда склеротерапия немесе венаны лигирлейді. Екі әдіс те эндоскопия арқылы жасалады. Диагностика кезінде қан кету тоқтап қалса, октреопид тағайындалады. Егер октреопид, склеротерапия және вена лигирлеу қан кетуді тоқтатпаса, уақытша  қан кететін тамырлардан зонд арқылы баллонмен тампонада жүргізіледі. Асқазандық венадан қан кету кезінде эндоскопиялық және баллонды тампонада қолданылмайды. Октреопид портальды венадағы қысымды төмендету үшін  қолданады. Бұл препарат тік ішектен қан кету кезінде де қолданылады. Егер ем тиімсіз болса, хирургиялық әдіс қолданылады  (шунттау әдістері) және бауыр ауыстырылуы қолданылуы мүмкін.
  • жаңа тоңазытылған сарысу инфузиялары (5–10 мл/кг; әр контейнерде ~200 мл) қан ұйытушы факторлардың (10-20%) деңгейі гемостазды қамтитындай болғанша құю, ПУ немесе ПТИ деңгейін қалыпқа келтірмей. Тіпті, ЖТС жоғары дозалары (20 мл/кг) барлық науқаста қан ұю уақытын реттемейді. Алғашқы инфузиядан кейін жаңа тоңазытылған сарысу қайта құю тек 8-12 сағаттан кейін жүргізілуі керек.
  • айқын тромбоцитопения (әсіресе панцитопения) кезінде преднизолон 20-40 мг/тәулік 2-3 ай тағайындалады, кейін дозасын біртіндеп азайту керек.
  • тромбоцитарлы концентраттарды құю тромбоциттер 10-20х109/л аз болғанда және инвазивті шаралар алдында (егер тромбоциттер 50х109/л төмен болса) қолданылады. Криопреципитатты фибриноген деңгейі 1г/л аз болғанда тағайындалады.

Алдын алу

  • бауыр циррозы A немесе B Чайлд-Пью бойынша
  • өңештік кеңейген варикозды веналар
  • ауыр гастропатия, асқазан венасының кеңеюімен
  • қан кетудің алдын алу үшін бета-адреноблокатор селективті емес қатарлы (пропроналол).

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Бауыр эхинококкозы
  2. Бауыр абсцесі
  3. Бауыр және өт жолдарын тексеру. Пальпациясы және перкуссиясы
  4. Балаларағы бауырдың ерекшелігі
  5. Балалардағы көкбауыр кисталары
  6. Бауырдың алкогольды емес майлы ауруы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!